Меню

Страницы

Статья

Обучайте детей правилам пожарной безопасности!

Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі. Балаларды далаға ойнауға, қонаққа жібергенде немесе үйде өздерін қалдырғанда олармен еш жамандық болмайды және олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ деп үміттенеміз.

Өкінішке орай, статистика балалардың кесірінен болатын өрттер, балалар өлімі орын алып жатқан өрттер жиі болып жатқанын көрсетуде. Балаларға өрт қауіпсіздігі жайында не білу қажет? Қай жастан бастап балаларды өрт кезінде емес, жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелеріне үйрету керек? Осындай сұрақтардың жауабы бір: балалық шақтан бастап балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету керек. Мұндай ережелерді балаларға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақта үйреткен дұрыс.

Бастысы балаға ашық от өте қауіпті екенін, от жарақаттайтынын, ауыртатынын, тіпті адам өліміне әкеп соқтыру мүмкін екенін түсіндіру қажет. Бала жану және өрт жағдайлары болмау үшін өзін қалай ұстау керектігін немесе жану кезіндене істеу, істемеу керектігін білуі тиіс. Өрт шыққан кезде қалай сасқалақтап қалмау керектігін балаларға үйрету біздің міндетіміз. Көбіне балалар өрт шыққан жағдайларда үрейленіп тығылып қалады. Мұндай жағдайда не істеу керектігін, өзін қалай ұстау қажеттігін және өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын білмеуі себепті бала өзін осылай ұстайды. Білім жоқта үрей туындайды. Ең бастысы-үрейдің болмауы. Байсалды болсаң және ақыл мен әрекет етсең қауіптен құтылу оңай.Үреймен сасқалақтау — бұл үнемі ақылды шешім табу мүмкіндігін жоғалту.

Үлкендердің міндеті балаларға қажетті білімді меңгерту болып табылады. Бастысы балаларға қарапайым тілмен үйрету немесе ойын арқылы қажетті білімді меңгерту болып табылады. Қорқыныш үрейді, сасқалақтауды тудырады.

Әрбір адам білуге міндетті:

  • егер жану2 минутта болса, онда жану шыққан жерден шығып кетуқажет;
  • балалар жасырынып қалуға болмайтынын, бұл қауіпті екенін түсінук ерек;
  • үлкендер балаларды жабық бөлмелерде өздерін қалдыруғ аболмайтынын түсінукерек.Бұл бақытсыздыққа әкеліп соқтырады.

Өрт болған жағдайда не істеу керектігін еске түсірейік. Өрттің болуы жайында жедел міндетті түрде «101» телефон номеріне хабарласу керек. Өрт сөндірушілерді шақыруда, қандай аудан немесе елді мекен екенің, толық мекен-жайды, қай жерде жанып жатқандығын нақты айту қажет. Сонымен қатар қандай зат жанып жатқанын, кім хабарлап тұрғанын және ұялы телефон номеріңізді айтып түсіндіруіңіз керек.

Егер сіздің үйіңізде немесе болған жеріңізде телефон болмаса, «Өрт!» деп айғайлап, көшеде кетіп бара жатқандардың немесе көршілердің назарын аударуға тырысыңыз. Егер өрттің ауқымы кішігірім болса, онда тиянақты сеніммен жану ошағын өздігінен сөндіруге тырысыңыз. Өрттеніп жатқан ғимаратта немесе басқа да бөлмеде мүмкіндігінше барлық электржүйесін және газды қайнар көзден ажырату қажет.

Есіңізде сақтаңыз: үйде әрқашан өртті сөндіруге болатын заттар немесе құралдар болады, — көрпе, қатты мата, сонымен бірге шелектер мен басқа да су тасуға болатын ыдыс-аяқтар.

Сондай-ақ :

  • терелер мен есіктерді ашуға болмайды, себебі таза ауаның кіруі жануды одан бетер ушықтырады.
  • электр жүйеге қосылған, электрқұралдарды сумен сөндіруге болмайды.

Егер бұл теледидар болса, онда қызған кинескоп жарылып, сізді жарақаттауы мүмкін. Сондықтан оны тығыз көрпемен немесе үстіне құмды, не болмаса гүл құмырасында болған топырақты себу қажет.

Егер бірінші минуттарда сіз өртті сөндіре алмасаңыз, онда шұғыл бөлмеден шығып, адамдарға ғимараттан шығуға көмектесуіңіз қажет. Жану ошағынан жедел түрде балаларды, қарттарды және ауру адамдарды шығарыңыз.

Адамдарды бірінші кезекте олардың өмірі мен деңсаулықтарына қауіп төндіретін, сонымен бірге жоғарғы қабаттардан, бірінші кезекте бүлдіршіндердң, қарттар мен мүгедектерді шығару керек.

Өрт кезінде түтін ғимарат-бөлмелердің үстінгі жағында жиналады, сондықтан қатты түтіндеу жағдайында сулы орамал немесе басқа да матамен ауыз-мұрынды жауып, еңкею немесе еденге жату қажет, өйткені жанған улы өнімдер жылы ауамен жоғарыға көтеріледі. Еңбектеп немесе сырғып шығаберіс жаққа бағыт-бағдарды жоғалтпау үшін қозғалу қажет.

Киімнің жануы жағдайында зардап шеккенді тығыз, сулы матамен немесе пальто, корпемен жабу қажет. Сондай-ақ отты жерде домалап барып, сөндіруге болады, алайда басты сақтаған жөн.

Егер баспалдақ түтінге толы болса — баспалдаққа түтін шығатын бөлмелерді мықтап жауып, таза ауа кіру үшін, баспалдақты бөлмеде болған терезелерді ашу немесе әйнектерді сындыру қажет. Түтінді баспалдақ немесе дәліз арқылы шығуға тырыспаңыз, жану газы өкпені күйдіруге болады. Егер баспалдақта өрт болып немесе түтін болса, онда балконға шығып өтіп бара жатқандардың назарын аударуға тырысыңыз.

Ғимараттардың үшінші қабаттарынан бастап, терезелерінен секіруге болмайды, өйткені жарақат алудан қаша алмайсыз.

Пәтеріңізде немесе басқа да үйдің бөлігінде өрттің болуына қарамастан, телефон арқылы өрт сөндірушілерді хабардар ету қажет.

Өрттің қауіптілігі жайында ешқашан ұмытпаңыз, себебі бақытсыз жағдай әр адаммен болуы мүмкін.

Қайрат Сатабалдинов,
Ақжар ауданының ТЖБ-ң бастығы,
азаматтық қөрғау подполковнигі

Дата публикации
21 апреля 2021
Дата обновления
21 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы