Меню

Страницы

Статья

Мәртебелі мамандықтардың бірі — өрт қауіпсіздік инженері!

Өрт-құтқарушы батырлық мамандығы — қазіргі таңда жастар арасында танымды және үлгі болып келеді. ҚР ІІМ ТЖК (төтенше жағдайлар) бойынша мекемелеріне жоғарғы профессионалды білімді мамандарды даярлайтын оқулық мекемесі біздің Отанымызда тек бір ғана мекеме, ол Көкшетаулық техникалық институт.

Бұл институтта тек ҚР азаматтары білім алады, профессионалды орта немесе жалпы орта білімі бар, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, кіріспе емтиханың жақсы тапсырғандар, оқуға түсе алады.

Мектепті бітіргендерге институтқа түсуге БҰТ (біріңғай ұлттық тестілеу) нәтижесіне байланысты.

Талапкерлерді оқуға қабылдау бірнеше кезеңдерде өтеді. Бірінші кезең — қабылдау комиссия медициналық, физикалық және психологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу өткізеді, екінші кезеңде — сертификаттың баллдары бойынша іріктеу өткізеді, үшіншіде — мандатты комиссия оқуға қабылдайды.

Жеке және оқу істерді ресімдеу кадрлар қызметкерлеріне мен ҚР ІІМ ТЖК бойынша өкілдеріне салынады.

Күндізгі оқуға 25 жасқа дейін және 17 жасқа толған тұлғалар түсе алады.

Талапкерлер арнайы ұйымдастырылған әскери — дәрігерлік комиссия институтында қосымша медициналық және психофизиологиялық тексерістен өтеді және де орнатылған нормаларға сәйкес, физикалық дайындылық бойынша дифференциялық сынақ тапсырады.

Кешендік тестлеу формасында кiрiспе емтихандар шілденің 18-нен 22-не дейін жүргiзiледi.

Кешенді тестілеу келесі пәндер бойынша қазақша немесе орыс тiлдерiнде, өзі қалағаны бойынша жүргiзiледi: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және профилді пәні — физика.

Емтиханнан басқа, күндізгі оқуға түсушілер орнатылған нормаларға сәйкес, физикалық дайындылық бойынша сынақ тапсырады — 100 м. жүгіріс, тартылу, кросс 3000 м.

Институтқа оқуға алу конкурстық негізде тамыздың 1-нен 10-на дейін iске асырылады.

Институтқа келгендердің барлығы күндізгі оқуға түсу үшін, казарма жағдайларында болады және ақылы қоректенулермен қамтамасыз етiледi.

Қайрат Сатабалдинов,
Ақжар ауданының ТЖБ-ң бастығы,
азаматтық қөрғау подполковнигі

Дата публикации
21 апреля 2021
Дата обновления
21 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы