2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдум өткізуге учаскелердің дайындығына жүргізіліп жатқан мониторинг шеңберінде 2- 6 наурыз аралығында Ақжар ауданы бойынша қозғалысы аз азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жөніндегі мониторингтік топтың мүшелері референдум учаскелерінің қолжетімділігі және мүгедек азаматтардың кедергісіз қол жеткізуі үшін олардың дайындығын қамтамасыз ету тұрғысынан тексеру жүргізді.
Мониторингтік топтың учаскелерге баруы барысында учаскелерде пандустардың жай-күйін, тұтқалардың болуын, шақыру түймелерінің жұмысын, тактильді көрсеткіштердің болуы мен дұрыс орналастырылуын, сондай-ақ мүгедек адамдар болып табылатын азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, учаскелерді мамандандырылған кабиналармен, дауыс беруге арналған бұрыштармен және ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды. Учаскелерді тексеру қорытындысы бойынша аудан ЖАО өкілдеріне бар кемшіліктерді жою туралы тиісті тапсырмалар берілді. Бұл жұмыс жалғасады.