Мәдени мекемелер желісі
Аудан аумағында 30 мәдениет нысаны бар: оның ішінде 11 мәдениет нысаны (аудандық Мәдениет үйі - 1, ауылдық Мәдениет үйі - 5, ауылдық клуб - 4, мәдениет және демалыс орталығы - 1), 19 ауылдық кітапхана, кітап қорымен 159 638 дана (оның ішінде қазақ тілінде 76 470 дана, орыс тілінде 83 168 дана) және С.Сәдуақасов атындағы тарихи-өлкетану мұражай. Ауданда 30 үйірме құрылымы жұмыс жасауда.
Тарихи-мәдени мұра
«Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасын іске асыру аясында Байтайлақ батырдың және Зейналгабиден Әл-Жәуһаридің жерленген жерлері облыстық ұлттық маңызы бар нысандар тізіміне енгізілді.
С.Сәдуақасов атындағы тарихи-өлкетану мұражайында Байтайлақ батыр туралы материалдар жинақталуда.
Аудан аумағында «Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне» енгізілген 73 тарихи-мәдени мұра (қорғандар, қорымдар, автотұрақтар, шеберханалар және т.б.) нысандары бар.
Сонымен қатар 25 естелік құрылымдар орналасқан (ескерткіштер саңы – 7, обелискілер - 5, стеллалар - 11, монумент - 1, С.Садуақасовтың бюсті – 1). Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және аумағын абаттандыру жыл сайын жүзеге асырылады.
Ономастика.
«Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде Ақжар ауданы бойынша 24 елді мекен, 12 ауылдық округ және 324 әкімшілік-аумақтық бірліктер (көше атаулары) тіркелген.
12 ауылдық округ арасынан Ленинград ауылдық округінің атауы, 24 елді-мекен арасынан Ленинград, Қызылту ауылдарының атаулары және 61 көше атауы моральдік – идеологиялық тұрғыдан ескірген болып есептеледі.
2020-2022 жылдар аралығында ауданның 1 ауылдық округі (Новосельский а/о – Үлкен Қараой), 2 елді-мекені (Киевское а. – Кіші Қараой, Коммунизм а. - Баймырза) және 29 көше атауы қайта өзгертіліп, әділет министрлігінде тіркелді. Ауылдық округ әкімдеріне өзгертілген
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауы аясындағы іс-шаралар мерімге және жоспарға сәйкес:
- Республика күнінің 35 жылдығын, Қазақстан Республикасының Конституция, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдықтарын, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығын, Қазақстанның халық ақыны Қадыр Мырзалиевтың 90 жылдығын, қоғам қайраткерлері Қилаж Мағазовтың, Евней Букетовтың, Нұрғиса Тлендиеваның, Әлия Молдағұлованың 100 жылдықтарын, Сәбит Мұқановтың 125 жылдығын, Мыржақып Дулатовтың 140 жылдығын, Бауыржан Момышұлының 115 жылдығын, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығын, Смағұл Сәдуақасовтың 125 жылдығы, қоғам қайраткерлері Нығмет Сырғабековтың, Ғаббас Тоғжановтың 125 жылдықтарын, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155 жылдығы және басқа да мерейтойларды мерекелеу өтілуде.