Меню

Страницы

Статья

«Азаматтарға арналған үкімет» филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлық, оның түрлері мен жауапкершілігі» тақырыбында семинарға қатысты. Іс-шараға СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Светлана Зайцева қатысты.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Филиал жұмыскерлері үшін қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін оқыту іс-шаралары өткізіледі. Семинар барысында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың негізгі түрлері, сондай-ақ оларды жасағаны үшін жауапкершілік шаралары қаралды.
«Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ынтымақтастық маңызды. Семинарлар өткізу ықтимал бұзушылықтардың алдын алуға ғана емес, қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті филиал директоры Еркін Жұмабай.
Естеріңізге сала кетейік, егер көрсетілетін қызметті алушыларға бұзушылықтар туралы белгілі болса, бұл туралы 1414 нөміріне қоңырау шалу немесе ақпаратты compliance.control@gov4c.kz пошта мекенжайына жіберу арқылы хабарлауға болады.

Дата публикации
28 августа 2024
Дата обновления
28 августа 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы