Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2022 жылғы 4 қарашада, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындауға және өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін тыңдай отырып, аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сергей Васильевич Калинин және Ақжар ауданының әкімі Қанат Қайыржанұлы Қалиев қатысты. Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, барлық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.

Жалпы, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық барысының негізгі шаралар туралы Ақжар ауданы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сауле Жәнібекқызы Бейсембаева сөз сөйледі.

Сайлау учаскелерінде құқық тәртібі мен қауіпсіздікті, байланысты, энергиямен жабдықтауды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу кезеңіндегі жолдардың жай-күйі мәселелері бойынша полиция органдарының, төтенше жағдайлар бөлімінің, энергия желілерінің, телекоммуникация торабының және ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері баяндама жасады. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабына сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы ауданның барлық уәкілетті органдарына құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сайлау учаскелеріндегі энергиямен жабдықтау, байланыс, өрт қауіпсіздігі мәселелері, сондай-ақ дайындық және өткізу кезеңіндегі жолдардың жай- күйі жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

 

Сообщение территориальной избирательной комиссии Акжарского района
Дата публикации
04 ноября 2022