1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Аппарат) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің қызметін қамтамасыз ету шеңберінде басшылық атқаратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствалалры, филиалдары және өкілеттіктері жоқ. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті құқықтық құжаттарға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес асырады.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы елтаңбасы суреттелген және де мемлекеттік тілде атауы бар аудан әкімінің және аппараттың мөрлері, мемлекеттік тілде атауы бар штамптары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарда есепшоттары бар.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер де Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес уәкілетті болса, онда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге құқылы.
7. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреттілігіне сәйкес заңмен белгіленген тәртіп бойынша, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бұйрығымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген, шешімдер қабылдайды.
8. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық сан шегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітіледі.
9. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекен жайы: 150200, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық с., Целинная к-сі,15.
10. Комуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Акжарского района Северо-Казахстанской области».
11. Берілген Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайлық құжаты болып табылады.
12. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
13. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың қызметіне жататын міндеттерді орындау бойынша келісімшарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.
Егер де «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерге сәйкес кіріс табыс түсіретін қызмет жасауға құқық берілетін болса, ондай қызметтен түскен кіріс табыс мемлекеттік бюджет табысына ұсынылуы тиіс.
14. Аппараттың миссиясы: аудан әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
15. «Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 416, Қазақстан Республикасының «Нормативті-құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына, басқа да нормативті-құқықтық актілерге сәйкес Аппараттың міндетіне келесілер жатады:
Аудан әкімінің, аудан әкімдігінің және аудан әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;
құжаттармен жұмыс жүргізу формалары мен әдістерін жетілдіру;
іс қағаздар жүргізудің бірыңғай тәртібін, құжаттармен жұмыс ұйымдастыруды, олардың орындалуын бақылау мен оларды ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшін дайындауды қамтамасыз ету;
электрондық құжат алмасу жүйесін енгізуге жәрдемдесу және құжаталмасу көлемін қысқарту;
бағытталған мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды даярлау;
бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынас, экономикалық, қаржы және салықтық саясат мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау;
Мемлекеттік жоспарлау және жыл сайынғы ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жүзеге асыру;
аудан әкімдігі қасында құрылғын комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, жоғарғы органдар, әкімдіктер мен бағыттаушы мәселелер бойынша аудан әкімдігі актілерінің орындалуын бақылау, олардың орындалуы бойынша жұмыс ұйымдастыру;
әкімдікің, аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының, аппараттың қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
құқықтық құралдармен әкімдіктің, аудан әкімінің және аппараттың мүліктік және басқа да заңды құқықтарын қорғау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын үгіттеу және түсіндіру;
қылмыс және жемқорлықпен күрес, тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік, құқыққорғаушы және қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
аудан әкімі мен әкімдіктің нормативті-құқықтық актілерінің жобаларын, заңды сипаттағы басқа да құжаттарды жасасуға қатысу;
нормошығармашылықты жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастыру;
аудан әкімі мен әкімдіктің қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
нормативті талаптарға сәйкес қызмет кабинеттері мен отырыс залдарын техникалық жабдықтау;
мекеменің қызметі және оның мүліктік жағдайы жөнінде нақты және толық ақпарат құру;
мекемеде шаруашылық істерді дұрыс жүзеге асыру мақсатында Аппарат басшысын нақты ақпаратпен қамтамасыз ету;
бектілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға, бюджеттік бағдарламаларды міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес мүлік пен міндеттердің барлығы мен қозғалысын есепке алуын, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалану мен субъектінің шаруашылық қызметінің теріс нәтижесін болдырмауын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажет ақпаратпен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастыру және дамыту бойынша іс-шаралар жоспарларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру, енгізу және пайдалану үрдісін үйлестіру;
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы орогандардың қызметін үйлестіру;
аудан әкімдігінің, әкімнің, аппараттың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
жергілікті атқарушы органдардың өкілетті және басқа да мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын үйлестіру;
мемлекеттік қызмет үшін кадрлық әлеует қалыптастыру;
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, басқа да жоғарғы органдардың актілерінің, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдері мен жұмыс және басқа да кеңестерде, жұмыс сапарлары барысында хаттамаларға сәйкес берілген тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру бойынша тиімді жүйе құру және ұйымдастыру;
құжаттардың орындалуын бақылау және тексеруді ұйымдастыру ісі бойынша орындаушылық тәртіпті нығайту, аудан әкімі аппараты, ауылдық және селолық округ аппарат жұмысшыларының жауапкершілігін арттыру;
аудан әкімі тапсырмаларының орындалуы бойынша бақылау ұйымдастыру жөнінде схемалар, ұсыныстар, әдістемелік кітапшалар әзірлеу;
аудан әкімі мен әкімдікті ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;
аудан әкімі мен әкімдікті ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау;
аудан әкімінің, әкімдіктің, аппараттың қызметін материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету;
аппарат теңгерімінде тұрған ғимараттар мен құрылыстарды, тұрғын үйлерді күтіп ұстауды, күрделі және ағымды жөндеуін қамтамасыз ету;
аудан әкімдігі ғимаратына кіруге рұқсаттама тәртібін жасау, аудан әкімдігі ғимаратындағы мемлекеттік органдарға бекітілген аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға байланысты мүліктер мен іс-шаралардың сақталуын қадағалау;
16. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңы 9-2 баптарына сәйкес Аппараттың қызметіне келесілер жатады:
аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімдігі қаулылары жобаларын ресімдеу, әзірлеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
аудан әкімдігі отырысын дайындауға және өткізуге қатысу, әкімдік мүшелері үшін мәліметтер құрауға қатысу, хаттама жасау;
қызметтік хат алмасудың тіркеуін және өткізуін қамтамасыз ету;
хаттар мен өтініштерді тіркеу және қарауын қамтамасыз ету, заматтарды қабылдау бойынша жұмыс ұйымдастыру, осы жұмыстың жасалуын қадағалап, уақытылы басшыны ақпараттандырады.
шығыс хаттардың іс қағаздар бойынша нұсқауға сәйкес дұрыс ресімделгенін бақылау, барлық деректемелердің сақталуын қадағалау, тілдер туралы және басқа нормативті к құқықтық актілер жөніндегі заңдардың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
істер номенклатурасын әзірлеу және жетілдіру;
орындаушылық тәртіпті жоғарылату бойынша іс-шараларды әзірлеу;
аппарат жұмысшыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, іс жүргізу мәселелері жөнінде семинарлар мен кеңестер өткізу; ауылдық және селолық округ әкімдері аппараттарына, аудандық бөлімдерге іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;
аудан басшылығының кіріс құжаттарды уақытылы қарауын ұйымдастыру, қол қоюға ұсынылған құжаттардың ресімделуі бойынша бақылау жасау;
бақылаудағы құжаттардың белгіленген уақытта орындалуын қадағалау, Аппарат басшысын құжаттардың орындалу нәтижесі жөнінде хабарлап отыру;
құрылымдық бөлімшелерде істердің дұрыс құралғанын және ресімделгенін бақылау, сақтау немесе жою үшін іріктеу мақсатында құжаттардың құндылығына сараптама жасау;
белгіленген тәртіп бойынша істерді мұрағатқа тапсырғанша дейін олардың сақталуы мен пайдалануын қамтамасыз ету;
аудан әкімі мен аппараттың елтаңбалық мөрлерін сақтау;
аудан әкімдігі отырысы хаттамаларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқасын, басқа да құжаттарды сақтау, бланкілік өнімдерге, конверттер мен штамптарға тапсырыс беруді, есептеуді және беруді қамтамасыз ету;
электрондық құжатайналымы жүйесіндегі жұмыстарды үйлестіру;
аудан басшылығымеен қабылданған нормативтік құжаттық актілердің көшірмелерін «Электронды мұрағат» істер базасына енгізу және жүйелендіру;
ауданның, ауылдық және селолық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мониторинг жүргізу;
ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін жақсартуға бағытталған іс-шаралар мен атқарылға шаралардың жүзеге асуы жөнінде ақпарат жинау және дайындау;
ауданның атқарушы органдарының және мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарының қызметін экономикалық жоспарлау және даму бюджет және бюджетаралық қатынас, қаржылық және салықтық саясат мәселелері бойынша үйлестіру;
ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік және салықтық саясат мәселелері бойынша түскен ұсыныстарын жетекшілік бөлімдермен қаралуына бақылау жасау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздар мен өтініштердің қаралуын бақылау;
жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдардың жұмысын стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және мониторинг жасау бойынша бақылау;
Аумақтың даму бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен жетекшілік ететін мәселелелер бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне бағалау жасау;
комиссия, жұмыс топтарының жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету;
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен және ауданның жергілікті атқарушы органдарымен комиссия, жұмыс топтары құзыретіне жататын мәселелер бойынша қатынас жасау;
Қазақстан Республикасы Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдарға, облыс әкімі мен әкімдігіне жетекшілік ететін мәселелер жөнінде және аудан әкімдігі құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімі актілерінің орындалуы жөнінде ақпарат дайындау;
аудан әкімдігі аппаратының құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігіне бағалау жасау;
аудан әкімі мен әкімдікпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің, аппарат басшысы бұйрықтарының және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың заңдылық талаптарына сәйкестігін, оның ішінде олар басқа құрылымдық бөлімшелермен әзірленген жағдайда келісу арқылы да тексеру;
белгіленген тәртіп бойынша аудан әкімдігі мен әкімдіктің соттарда, сондай-ақ олардың қызметінің құқықтық мәселелері басқа органдармен қаралған кезде мүддесін қорғау;
шаруашылық қатынасты реттеуге бағытталған келісімшарттар пен құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
ауданның атқарушы органдарына, ауылдық және селолық округ әкімдеріне құқықтық мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсету;
заңмен көрсетілген жағдайларда оның құзыреттілігіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
ауданның атқарушы органдары мен аппараттың жұмысшыларына құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру;
аудан әкіміне, оның орынбасарлары мен аппарат басшысына қолданыстағы заңдылықтар бойынша анықтамалық материалдар дайындау;
ауданның атқарушы органдарының және ауылдық және селолық округ әкімдерінің құқықтық жұмысына әдістемелік басшылық жасау, осы жұмыстың атқарылу жағдайын тексеру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
құқықтық оқу ұйымдастыру және өткізу;
құқыққорғаушы бағыттағы аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
қылмыс және жемқорлықпен күрес, тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тиісті аймақтық бағдарламалардың орындалуы шегінде құқыққорғаушы органдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету;
аудан әкімдігі қаулылары, аудан әкімі шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлейді және қарауға енгізу;
аудан әкімі мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізуге жолдау;
аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіп бойынша мониторинг жасау;
ауданның атқарушы органдары мен ауылдық және селолық округ әкімдерінің құқықтық жұмысы жөніндегі ақпарат пен басқа да мәліметтерді сараптау, олар бойынша шолу жасап, қажет болса аудан әкіміне хабарлау, аудан әкімдігінің, жедел кеңестің қарауына сұрақтар енгізу, анықталған кемшіліктерді жою және құқықтық жұмысты жетілдіру;
ауданның жергілікті атқарушы органдарының заң қызметтерінің жұмысы бойынша тәжірибе алмастыруын ұйымдастыру, құқықтық мәселелер жөнінде семинарлар өткізу;
бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
құжаттардың уақытылы және дұрыс ресімделуіне және атқарылған істердің заңдылығына алдын-ала бақылау жүргізу;
негізгі құралдардың, бағалы емес және тез тозатын заттардың және басқа да құнды заттардың сақтау мен пайдалану орындарында сақталуынабақылау жүргізу;
бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының орындалу үрдісінде пайда болған кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен міндеттемелер мен төлемдер бойынша уақытылы есептесу;
міндеттемелер мен төлемдер бойынша, енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың бекітілген жоспарлары сәйкес ашық несиелерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражатты дұрыс әрі үнемдеп жұмсауды және де ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;
саяси және әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ штаттан тыс жұмысшыларға уақытында жұмысақы есептеу және төлеу;
ақшалай қаражатты, есептеулерді және материалдық құндылықтарды түгендеу, түгендеу нәтижесін есепте көрсету;
бухгалтерлік құжаттарды, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын және төлемдерін есепке алу тіркелімдерін сақтау, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіпке сәйкес мұрағатқа тапсыру;
сайлау науқаны уақытында республикалық бюджет есебінен қаржыландыру және есеп жүргізу;
белгіленген мерзімге сәйкес бухгалтерлік есептерді құру және ұсыну;
«Электрондық үкіметті» дамыту және электрондық мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, жоғарғы органдардың Жарлықтары мен басқа да заң актілерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы бойынша жұмыс ұйымдастыру;
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ресми интернет-ресурсының қызмет етуі мен оны дамыту бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
«Адрестік туркелім» мемлекеттік мәліметтер базасының қызмет етуі бойынша жұмыс ұйымдастыру;
мемлекеттік органдардың электрондық қызметіне қоғамдық қолжетімділік пунктер желісін дамыту;
ақпараттық-байланыс технологиялар саласы жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңдарын орындау мен Президенттің Жарлықтарын, қаулылары мен өкімдерін, Республика Үкіметінің қаулыларын, басқа да жоғарғы органдардың актілерін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдарға тәжірибелік көмек көрсету;
ауданның мемлекеттік органдарына Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесін енгізуді ұйымдастыру;
аудан әкімі аппаратына ақпараттық технологиялар енгізуді ұйымдастыру;
аудан әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
аудан әкімі аппаратының жұмысшыларына ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу бойынша оқу-үйрету жұмыстарын ұйымдастыру;
халыққа мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің сақталуы бойынша мониторинг жүргізу;
мемлекеттік қызметтерді электрондық жүйеге ауыстыру бойынша іс-шаралар жүргізу;
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының Ықпалды ақпараттық жүйеде жұмыс істеуін ұйымдастыру;
аппарат жұмысын жоспарлау, аудан әкімінің жергілікті өкілдермен және атқарушы органдармен ақпараттық және ұйымдастырушылық байланысын орнату, округтердегі жағдай жөнінде аудан әкімін хабардар ету;
округтердің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын зерттеу және сараптау, аудан әкіміне, аппарат басшысына болжамдық-талдау мәліметтер, анықталған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар, нәтижелер ұсыну;
қолданыстағы заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент депутаттарының , жергілікті өкілетті органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлауын өткізуге, референдумдарға қатысу;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатарымен, облыстың және ауданның жергілікті өкілеттік органдарымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен әрекеттесу;
басшылықтың тапсырмасы бойынша аппаратқа түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекеттік қызметкерлердің сапалық құрамына талдау жүргізу, басшылық лауазымына тағайындалған тұлғалардың тұлғалардың құжаттарын ресімдеу;
оқу, даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, мемлекеттік наградалармен, басқа да марапат белгілерімен марапаттауға ұсынылған азаматтар бойынша мәліметтер ресімдеу
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, басқа да жоғарғы орган актілерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің ауылдық және селолық округ әкімдерімен, ауданның атқарушы орган басшыларымен орындалу барысын тексеру. Қажет болған жағдайда, қолданыстағы заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларының орындалуына кедергі жасайтын себептерді болдырмау жөнінде аудан әкіміне, аудан әкімдігі отырысының қарауына сұрақтар мен ұсыныстар енгізу.
орындау үшін нақты шара қолдануды талап ететін Қазақстан Республикасы Елбасы мен Үкіметінің актілері, жоғарғы органдардың басқа да құжаттары бойынша есеп жүргізу;
ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс құрылымдық бөлімшесіне түскен Қазақстан Республикасы Президенті мен Президент Әкімшілігі тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары мен Премьер-Министр Канцеляриясы тапсырмаларының, облыс және аудан әкімдігі қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің және облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшысы тапсырмаларының, сондай-ақ аудан әкімі өкімдері мен шешімдері, тапсырмаларының орындалу барысын бақылау;
аудан әкімінің жоғарғы органдардың құжаттары бойынша бақылаудағы тапсырмаларының алдын ала тізімдерін, сондай-ақ аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, ауданның атқарушы органдарына бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімі жөнінде ескертпе анықтамалар дайындау;
бақылаудағы құжаттардың орындалуы жөніндегі ақпаратты талдау нәтижелері бойынша аппарат басшысын аудан әкімінің, ауылдық және селолық округ әкімі аппараттарындағы,ауданның атқарушы органдарындағы орындаушылық тәртіп жағдайы жөнінде хабарлау, көрсетілген сұрақтар бойынша аналитикалық шолу анықтамалар дайындау;
ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс құрылымдық бөлімшесіне бақылауға түскен аудан әкімдігі қаулылары мен аудан әкімі шешімдірін есептеу жүйесін әзірлеу, олардың орындалуын бақылау, аппараттағы атқарушылық тәртіпті жетілдіру және жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
аппарат басшысына жедел шешімдер қабылдау үшін құжаттардың орындалу мерзімінің бұзылуы жөнінде ақпарат дайындау;
бақылаудағы құжаттардың орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастыру мәселелері бойынша аудан әкімі аппараты, ауылдық және селолық округ аппараттары, ауданның атқарушы органдары жұмысшыларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;
білім беру, денсаулық, ішкі саясат, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, мемлекеттік тіл, мұрағат ісі жұмысы жағдайын талдау;
бағыттаушы мәселелер бойынша жоғарғы органдарға ақпарат дайындау;
аудан әкімінің орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының басшысына бағыттаушы мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, ақпараттар, жазбахаттар дайындау;
бағыттаушы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, аудан әкімі мен әкімдік актілерінің орындалуын бақылау, олардың орындалуы бойынша жұмыс ұйымдастыру;
әлеуметтік-мәдени бағыттағы аудандық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
аудан әкімінің, оның орынбасарларының қатысуымен кеңестер, кездесулер, спорттық және басқа да әлеуметтік-мәдени бағыттағы іс-шаралар ұйымдастыру;
ұлттық және кәсіби мерекелердің өткізілуін ұйымдастыру;
мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыруға, қазақстандық отоншылдықты құруға жәрдемдесу;
азаматтық қоғам институттарымен ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша әрекеттесу;
аудандағы ұлтаралық келісімді сақтауға арналған іс-шаралар мен акциялар өткізу;
аудан әкімі аппаратының қызметін материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз етуге және жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алулар өткізу;
аудан әкімі аппараты теңгеріміндегі әкімшілік ғимараттардың күтіп ұстау жағдайы мен мекемелер мен тұрғын үйлердің материалдық-техникалық базасын бақылау.
«АХАЖ тіркеу пункті» Ақпараттық Жүйесіне азаматтық ахуал актілерін тіркеу туралы енгізілетін мәліметтердің сапалылығын қамтамасыз ету;
азаматтық ахуал актілерін тіркеуді мемлекеттік стандарттармен белгіленген мерзімде жүзеге асыру;
ТАӘ ауыстыру бойынша материалдарға құжаттар жинауды жүзеге асыру;
азаматтық ахуал актілері жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша істерді, актілік жазбаларды қалпына келтіру мен күшін жою, істерді ресімдеу, олар бойынша қорытындыларды орындау істерін ресімдеу үшін құжаттар жинауды жүзеге асыру;
азаматтық ахуал актілері жазбасына түзетулер мен өзгерістердіқолданыстағы заңнамаға сәйкес енгізу,
азаматтық ахуал актілерін тіркеу туралы және азаматтық ахуал актілерін тіркеу куәліктері бланкілерін пайдалану туралы есептерді әділет органдарына белгіленген тәртіпте ұсыну;
азаматтық ахуал актілерін мемлекеттік тіркеу кітабы мен басқа да құжаттарды құру, есепке алу және сақтауды белгіленген сақтау мерзімі арасында қамтамасыз ету;
азаматтық ахуал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер, анықтамалар беру, азаматтық ахуал актілері жазбаларының жоқтығы туралы хабарлау;
азаматтардың үндеулері мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық ахуал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы қолданыстағы заңнаманы түсіндіруді жүзеге асыру;
азаматтық ахуал актілерін мемлекеттік тіркеумен байланысты басқа да өкілеттіктерді атқару.
17. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38 бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына , «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан республикасы Заңына сәйкес, аппарат құқылы және міндеттеледі:
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен аудан әкімі аппараттығын жүргізуге жататын мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу жүргізуге;
Аппарат құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша ауданның атқарушы органдарынан, ауылдық және селолық округ әкімдерінен қажетті құжаттарды, ақпараттарды, олардың қызметі бойынша түсініктемелерді сұрауға және алуға, тапсырмалар беруге, аудан әкімдігі мен әкімінің құзыреттілігіне жататын мәселелерді шешуге ауданның атқарушы органдарының жұмысшыларын, ауылдық және селолық округ әкімдерін тартуға;
облыстық және аудандық әкімдіктер мен мәслихаттың отырыстарына, облыстық, аудандық, аумақтық және басқа да атқарушы органдардың алқалық отырыстарына қатысуға;
Аппратқа жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға.
18. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Аппаратқа жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін атқаруға жеке жауапкершілік ететін бірінші басшы басшылық етеді.
19. Аппараттың бірінші басшысы (басшы) қызметтік лауазымына Аудан әкімімен Қазазқстан Республикасы заңдарына сәйкес тағайындалады және босатылады.
20. Аппараттың бірінші басшысының өкілеттері мен міндеттері:
аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады, аппаратқа жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуына жеке жауапкершілік етеді;
Аппаратта мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын бақылауда ұстайды;
Ерлер мен әйелдердің тең құқылығы мен тең мүмкіндігінің мемлекеттік кепілдері туралы заңының сақталуын қамтамасыз етеді;
Аппарат қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы заңдардың сақталуына жеке жауапкершілік етеді;
Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, олардың өзара әрекетін үйлестіреді;
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің бос әкімшілік лауазымына тағайындалуы бойынша конкурстар ұйымдастырады. Олардың қорытындысы бойынша әкімнің қарауына Аппараттың құрылымдық бөлімшелері бастығы лауазымына тағайындау немесе босату жөнінде ұсыныстар енгізеді, Аппаратты техникалық қамтамасыз ететін жұмысшыларды жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, Аппараттың резервтік кадрларын құрады, аудан әкімі аппаратының аттестациялық комиссиясына басшылық етеді;
аудан әкімдігіне бекітуге Аппарат туралы ережені, штат санының құрылымы мен шегін ұсынады, еңбек төлемі қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметкерлерге қосымша төлем, материалдық сыйақы белгілейді.
Аппарат құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
аудан әкімі аппаратында ішкі еңбек тәртібін орнатады;
аудан әкіміне бекітуге штаттық кесте ұсынады;
аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына нормативтік құқықтық актілер жобалары мен басқа да құжаттарды келіседі және ұсынады;
орынбасарлармен келісілген соң аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарын аудан әкімімен бекітеді;
қолданыстағы заңдарға сәйкесаппараттың қызметшілерін көтермелейді және де тәртіптік жаза қолданады;
Аппараттың шығын сметасын бекітеді, бюджетпен көрсетілген қаржыларды басқарады;
Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың біліктлік талаптар жинағын бекітеді.
Аппарат жұмысын тиімді жоспарлау және ағымды ұйымдастыру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;
жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, Аппарат қызметкерлерін іс сапарға жібереді;
мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Аппараттың өкілі болады;
аудан әкімімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
Аппараттың бірінші басшысы қызметін атқару, ол болмаған мерзімде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес оны алмастыратын тұлғаларға жүктеледі.
21. Аппарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалған және босатылған басшымен басқарылады.
22. Аппарат басшысы аудан әкіміне бағынады және оның тікелейбасшылығымен жұмыс істейді.
23. Аппарат құрылымын басшы, құрылымдық бөлімшелер (бөлімдер), кеңесшілер, аудан әкімі орынбасарларының бас мамандары, басқа да аппараттың лауазымды тұлғалары құрайды.
24. Құрылымдық бөлімшелерге, кеңесшілермен және аудан әкімі көмекшісімен қатар, лауазымға Аппарат басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес аудан әкімімен тағайындалатын және босатылатын, олардың бастықтары басшылық етеді.
25. Аппараттың қызметшілеріне Аппарат басшысымен лаузымға тағайындалған немесе босатылған, аудан әкімімен тағайындалған тұлғалардан басқа, Аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметшілері жатады.
26. Әкімдік, аудан әкімі, Аппараттың материалдық-техникалық, шаруашылық-болмыстық қамтамасыз етілуі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппаратының қаржылық-шаруашылық жөніндегі құрылымдық бөлімшесі – Аппараттың құрылымдық бөлімшесімен орындалады.
27. Аппарат қызметшілерінің еңбек ақы талаптары мен еңбекақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңына және «Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
28. Зейнеткерлік жасқа жеткен Аппарат қызметшілерін зейнеткерлік қамтамасыз ету мемлекеттік қызмет және зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Аппарат мүлігі
29. Аппараттың иелігінде, жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген жағдайда оқшауланған мүліктер болуы мүмкін.
Аппарат мүліктері (ақшалай табыстарды қосқанда) меншік иелерімен берілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарымен тыйым салынбаған жеке қызмет және басқа жолдар арқылы сатып алынған мүлік есебінен құралады.
30. Аппаратқа бекітілген мүліктер коммуналдық меншікке жатады.
31. Аппарат өзіне бекітілген және де қаржыландыру жоспары бойынша сатып алынған мүлікті өздігенен, Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілмесе, иесіздендіруге құқығы жоқ.
5.Аппаратты қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату
32. Аппаратты қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, шығару, өзгерту) Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
33. Аппарат таратылған соң, оның мүлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес таратылады.
34. Аппарат Ережесіне өзгерту және толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес енгізіледі.
6. Аппаратың жұмыс тәртібі және өзара қатынасы
35. Аппарат және уәкілетті орган арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес белгіленеді және реттеледі.
36. Аппарат әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес белгіленеді және реттеледі.
37. Аппараттың жұмыс уақыты 9.00-ден 18.30-ге дейін, аптасына бес күн, демалыс күндері кесте бойынша, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Ақжар ауданы әкімінің аппаратының басшысы С. Бейсембаева