1. Жалпы ережелер
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi аудан аумағында ауыл шаруашылығын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданыауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.
8. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 150200, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесi, 13.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
12. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы экономикалық өсуге және агроөнеркәсiптiк кешен салаларының бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң сапалы жаңа деңгейiне қол жеткiзуге жәрдемдесу, сауда қызметiн дамыту, кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау саласындағы қызметтi жүзеге асыру, жаңа технологияларды құру мақсатында агроөнеркәсiптiк кешендi, аграрлық ғылымды дамыту саласында мемлекеттiң аграрлық саясатын iске асыру болып табылады, аудан аумағында жұмыс iстеп тұрған өндiрiстер мен қызмет көрсету салаларын дамыту, ветеринария және ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар саласындағы қызметтi кеңейту және жаңарту жұмыстарын iске асыру.
15. Мiндеттер:
16. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары
17.Құқықтары мен мiндеттерi:
белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты сұрату және алу;
агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк саясатының негiзгi бағыттары мен тетiктерiн түсiндiру бойынша жұмысты үйлестiру;
ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың белгiленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтердi бұзған жағдайда, заңдарда белгiленген тәртiппен лицензияларын қайтарып алуға бастамашылық жасау;
белгiленген тәртiпте эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныс енгiзу;
ветеринария саласындағы заңнама нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне кедергiсiз (қызметтiк куәлiгiн көрсету бойынша) кiруге;
5) зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тұлғаларға хабарлай отырып, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу үшiн сынама алуды жүргiзуге;
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргiзу;
ветеринариялық құжаттарды беру;
осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығару;
ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетiлген фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. «Солтүстiк Қазақстан облысының Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi»:
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады;
бөлiмнiң штаттық кестесiн аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады;
әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң қарауына құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын және басқа да құжаттарды ұсынады;
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады»;
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң лауазымдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн көтермелеу және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарын шығарады, сондай-ақ«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi
мемлекеттiк органдарда, басқа ұйымдарда «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң атынан шығады;
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi»;
Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады»;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
22. Басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
23. Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк ауданның коммуналдық меншiгiне жатады.
25.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк уәкiлеттi орган арасындағы өзара қарым-қатынастар
26. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы және уәкiлеттi органы Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi болып табылады.
Құрылтайшының орналасқан жерi: индекс 150200, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесi, 13.
Құрылтайшы «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды, ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi, бекiтедi.
6. Мемлекеттiк органның жұмыс тәртiбi
27. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң регламентiмен анықталады.
7. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
28. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауыл шаруашылық, кәсiпкерлiк және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.