«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабаның 5-тармағына, «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау үлгілік қағидаларына сәйкес БЕКІТЕМІН:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Восход ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме қазметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының (одан әрі – Жұмыс тобы) құрамы бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік қағидаласының 8 тармағында көрсетілген бағытты анықтау.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2024 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін белгіленсін.
- Талданатын кезең 2023 жылғы 1 сәуірден 2024 жылғы 1 сәуірге дейін. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді аяқтағаннан кейін 3 жұмыс куні ішінде жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Восход ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің башысына келісілген аналитикалық анықтаманы ұсынсын.
- Осы өкімінің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің бас маманы А.Н. Қабжановаға жүктелсін.
8.Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Восход ауылдық округ әкімі Р. Қабдрахманов