1) кірістер – 53104 мың теңге:
салықтық түсімдер – 10554 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың тенге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 414 мың теңге;
трансферттер түсімі – 42136 мың теңге;
2) шығындар – 53104 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 тенге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 тенге.
Мыналар аудандандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) егер осы Кодекстің 26-бабының 1) тармағының 2) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;
2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы осы салық салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
4) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;
5) бірыңғай жер салығы;
6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
ауылдық округтегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;
елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы.
8) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы.
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін өзге де кірістер;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
Осы шешімге қосымшаға сәйкес Ақжар ауданы Восход ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті.