«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы
Ұялы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
мәселелері бойынша есебі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Ұялы ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (01.01.2026 ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетті:
2.Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
2025 жылы 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы–0, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз форматта – 0, электрондық форматта («Е-лицензиялау» АЖ) – 14 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Әкімдік ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматта алу үшін қолжеткізу бұрышы бар.
Қызметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жыл ішінде қызмет көрсетуде бұзушылық анықталды: мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу бойынша 1 факт және құжаттардың толық пакеті болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету 1 факт. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы Әкімдік мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 7 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен тиiмдiлiгiн көтеру және қызмет алушылардың қанағаттандырылуын арттыру мақсатында iшкi бақылауды және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыру, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу жоспарлануда.
Ұялы ауылдық округінің әкімі Н.Г. Тышканбаев
Орын.: Т.Г. Ильяшева