«2026-2028 жылдарға арналған Ақжар ауданы Ұялы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ақжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы  №35-17 шешімін іске асыру туралы

 

 «2026-2028 жылдарға арналған Ақжар ауданы Ұялы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

Ақжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы

26 желтоқсандағы  №35-17 шешімін іске асыру туралы

 

         Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 93-бабының                     1-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» №151, бұйрығына сәйкес Ақжар ауданы Ұялы ауылдық округінің әкімі   ШЕШТІ:

  1. 2026-2028 жылдарға  арналған Ақжар ауданы Ұялы ауылдық округінің  бюджеті орындауға алынсын, соның ішінде 2026 жылға мына көлемде:

1) кірістер – 43 524,0 мың теңге:

салықтық түсімдер – 38 123,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –  0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 500,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 901,0 мың теңге;

2) шығындар – 43 524,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –  0 теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер –  0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -0 тенге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –           0 тенге:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мынадай салық түсімдері есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

 Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:

   1) егер осы Кодекстің 26-бабының 1) тармағының 2) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

      қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;

     2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы осы салық салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы;

      3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы;

      4) мыналардан:

      тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жеке тұлғалардан;

      өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілген тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығы;

      5) бірыңғай жер салығы;

      6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

      аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде;

      елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы;

     8) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы.

  1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:

  1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

   2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

  3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін өзге де кірістер;

      4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.

  1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

      3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы.

  1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін трансферттер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
  2. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен округ бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2 408,0 мың теңге сомасында көзделгендігі ескерілсін.
  3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ауылдық округ әкімі                             Тышканбаев Н.Г.

         

Дата публикации
22 декабря 2025