Меню

Страницы

Статья

2025–2027 жылдарға арналған «Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» азаматтық бюджеті

АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

«Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
2025–2027 жылдарға арналған

Сіздердің назарларыңызға «Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2025–2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады. Бұл құжатта бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.

Аталған құжат келесі бөлімдерді қамтиды:

  • ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;
  • ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары.

(ЖОБА) Ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, сондай-ақ 2025–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.


Бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттері

001 бағдарлама
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» – әкім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге және оған жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға бағытталған. Жергілікті бюджетті орындау және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру арқылы басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың өтініштерін қарау. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, кәсіби шеберлігін дамыту, теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жаңарту.

006 бағдарлама
«Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» – ауылдық округтің әлеуметтік саласын дамытуға жағдай жасауға бағытталған. Халықтың барлық санаттарын мәдени-демалыс және ақпараттық-ағартушылық қызметтермен қамту, оларды мәдени өмірге тарту.

008 бағдарлама
«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» – округ аумағында электр жарықтандыру жүйелерін күтіп ұстау, қызмет көрсету, төлеу және орнату.

009 бағдарлама
«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» – округ ауылдарын санитарлық тазарту.

011 бағдарлама
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» – Горьковское және Баймырза ауылдарында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жақсарту.

013 бағдарлама
«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» – ауылдық округтің автомобиль жолдарын тиісті жағдайда ұстау.

014 бағдарлама
«Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» – елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, су тазарту жүйелеріне сервистік қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу.

Дата публикации
18 сентября 2025
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
11 февраля 2026
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"
Ережелер мен рәсімдер
11 февраля 2026
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"
Ережелер мен рәсімдер
11 февраля 2026
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы