Меню

Страницы

Статья

есеп

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі.

Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес (01.01.2022 ж. енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті:

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
  • Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  • Бұрын жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншікке сату;
  • Жер учаскесін алуға кезекке қою;
  • Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

2022 жылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы – 0, қағаз түрінде (қызмет берушінің кеңсесі арқылы) – 0, электрондық форматта (Е-лицензиялау жүйесі арқылы) – 2 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараттық стенд орналастырылған (заң, стандарттар, қағидалар, көрсетілетін қызметтер тізімі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Сонымен қатар, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында орналастырылған. Әкімдік ғимаратында электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы бар.

Қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының курстарынан өтеді.

Мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2022 жылы қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

2022 жылы әкімдік тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 10-нан астам ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: дөңгелек үстелдер, тікелей эфирлер, мақалалар жариялау, брошюралар тарату акциялары.


Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2022 жылы КММ «Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мекемесіне ешқандай шағым түскен жоқ.


Ауылдық округ әкімі Н. Қантаев

Дата публикации
09 января 2024
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
11 февраля 2026
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"
Ережелер мен рәсімдер
11 февраля 2026
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"
Ережелер мен рәсімдер
11 февраля 2026
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы