Округ бойынша 1 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) және 1 медициналық пункт жұмыс істейді. Тұрғындарға қызмет көрсету үшін «УАЗ» жедел жәрдем автокөлігі бөлінген.
2025 жылдың қорытындысы бойынша округте 10 бала дүниеге келіп, өлім-жітім көрсеткіші 9 адамды құрады. Барлық денсаулық сақтау мекемелері отынмен толық қамтамасыз етілген, температуралық режим сақталған. Горьков ФАП-ында 1 дәріхана пункті жұмыс істейді. Округ бойынша медицина қызметкерлерінің саны – 3 адам.