«Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
2025–2027 жылдарға арналған
Сіздердің назарларыңызға «Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2025–2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады. Бұл құжатта бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Аталған құжат келесі бөлімдерді қамтиды:
(ЖОБА) Ауылдық округтің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, сондай-ақ 2025–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.
001 бағдарлама
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» – әкім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге, оған жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға бағытталған. Жергілікті бюджетті орындау және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру арқылы басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың өтініштерін қарау. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, кәсіби шеберлігін жетілдіру, теориялық және практикалық білімдерін, дағдыларын жаңарту.
006 бағдарлама
«Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» – ауылдық округтің әлеуметтік саласын дамытуға жағдай жасауға бағытталған. Халықтың барлық санаттарын мәдени-демалыс және ақпараттық-ағартушылық қызметтермен қамту, оларды мәдени өмірге тарту.
008 бағдарлама
«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» – округ аумағында электр жарықтандыру жүйелерін күтіп ұстау, қызмет көрсету, төлеу және орнату.
009 бағдарлама
«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» – округ ауылдарын санитарлық тазалау.
011 бағдарлама
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» – Горьковское, Баймырза ауылдарында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жақсарту.
013 бағдарлама
«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» – ауылдық округтің автомобиль жолдарын тиісті жағдайда ұстау.
014 бағдарлама
«Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» – елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, су тазарту жүйелеріне сервистік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.