
📌2025 жылдың 20 қарашасында Ақжар ауданы әкімінің аппараты ғимаратында мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» өтті.
📌Қабылдауды Талшық ауылдық округі әкімінің м.а. Алмат Толегенович Досжанов жүргізді.
📌Қабылдау барысында аудан тұрғындары жеке мәселелері бойынша келіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
📌Әрбір өтініш жеке тәртіпте қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.