«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
мәселелері бойынша есебі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Май ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (01.01.2025 ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетті:
2.Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
2024 жылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы–0, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз форматта – 0, электрондық форматта (Е-лицензиялау) – 5
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту 1.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Әкімдік ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматта алу үшін қолжеткізу бұрышы бар.
Қызметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2024 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
2024 жылы Әкімдік мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 9 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде 2 тікелей эфир, 1 мақала, парақшалар тарату бойынша 5 акция. Ақпараттық іс-шаралармен 344 адам қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2024 жыл ішінде «СҚО Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында шағымдар түскен жоқ.
Ауылдық округінің әкімі Е. Шурманов
Орын.: Р. Жетпісбай