"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2023 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша есебі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Май ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (28.12.2023 ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетті:
2023 жылы 2 (Екі) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы – 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз форматта-0, «Е-лицензиялау» арқылы - 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар қалыптастырылмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Әкімдік ғимаратында электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы бар.
Қызметтер ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген" жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
2023 жылы Әкімдік әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 4 мақала, 1 Тікелей эфир, азаматтарды Е-gov порталы арқылы қызметтерді алу бойынша 1 оқыту жариялады, ақпараттық брошюраларды тарату бойынша 3 акция ұйымдастырды, барлығы 190 ақпараттық брошюра таратылды
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2023 жыл ішінде "СҚО Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-де шағымдар түскен жоқ.
Ауылдық округінің әкімі Е.Д.Шурманов