Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 35-баптары
Нотариат туралы
(01.07.2023 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Қазақстан Республикасындағы Нотариат
Қазақстан Республикасындағы Нотариат-нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.
Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде нотариаттық іс-әрекеттер жасауға құқығы бар:
1) Мемлекеттік нотариаттық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) және жеке практикамен айналысатын нотариустар (жеке нотариустар);
2) аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдары;
3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық функцияларды орындайтын адамдар;
3-1) Алып тасталды-ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (стар қараңыз. ред.)
4) осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген өзге де адамдар.
35-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер
Елді мекенде нотариус болмаған жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды адамы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
1) өсиеттерді куәландырады;
2) сенімхаттарды куәландырады;
3) Құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын және олардан үзінді көшірмелердің дұрыстығын куәландырады;
4) өтініштердегі қолдың түпнұсқалығын куәландырады.
5) Алып тасталды-ҚР 05.05.03 № 408-II Заңымен (стар қараңыз. ред.)
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
қараңыз. ред.)