Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер

Солтүстік-Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша 2022 жылға есеп

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ, 2022 жылы Қулыкөл ауылдық округі бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  2. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  3. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру
  4. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту

Жыл ішінде барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді; оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз форматында 1 қызмет («Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»), электрондық форматта (ПЭП) 2 қызмет көрсетілді («Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»).

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар тіркелген жоқ.

Мемлекеттік мекеменің ғимаратында халыққа қолжетімділік және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратында көрнекі ақпарат (заң, ереже, өтініш үлгілері, шағымдарды тіркеу журналы) стенді орналастырылған.

Бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында (akzar-kulykol@ mail.kz) орналастырылған.Әкімдік ғимаратында электронды мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы бар, онда «е Qoldau» орнатылған.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы No 301.Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2022 жыл ішінде қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.Әкімдікпен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен ережелері бойынша Facebook әлеуметтік желі платформасында келесідей түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алутуралы мақалалар жарияланды,«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»тікелей эфир өтікзілді,халықты цифрлық сауаттылыққа, E-gov порталында жұмыс істеу дағдылары туралы оқу өткізілді және 410 брошюралар таратылды.

Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат

2022 жыл ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ..

Қулыкөл ауылдық округінің әкімі А. Уалиев 

«Ақжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 13-14 «2022-2024 жылдарға арналған Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және енгізу туралы» Ақжар ауданы мәслихатының шешіміне жобасына баспасөз релизі

2022 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 109-1 бабына сәйкес, бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында жүргізіледі. Ауылдық округінің бюджетінің нақтылану көздері болып есептелетіндер.

1) 801101 «Бюджет қаражатының бос қалдықтары» 1033,6 мың тенгеге;

коды бойынша кірістерді көбейту:

2) бағдарлама бойынша:

124001015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» — 603,2 мың теңгеге;

124008015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» 500 мың теңгеге (қосымша шамдарды сатып алу және орнату үшін);

3) бағдарлама бойынша:

124009015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» — 42,7 мың теңгеге (ағымдағы шығындарға) шығындар азайтілсін.

124011015 «Елді мекендерді абаттандыру және көгаландыру» — 26,9 мың теңгеге (ағымдағы шығындарға) шығындар көбейтілсін.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округі Қулыкөл   ауылының көшесіне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақажр ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасы бойынша туралы пресс-релиз

Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 және 37 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14 бабына сәйкес әзірленген:

2021 жылғы 18 қарашадан 03 желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13089758 қоғамдық талқылау үшін жарияланды.

  • «Советская» көшесін – «Абылай хан» көшесіне

2022-2024 жылдарға арналған Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы баспасөз релизі

Қолда бар салықтық базаға сәйкес, селолық округтің 2022 жылға арналған бюджеттік түсімдерінің көлемі болжам бойынша 2 761 мың теңге сомасында анықталды.
Салықтық түсімдердің негізгі көздері болып табылатындар: Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық 105 мың теңге, көлiк құралдарына салынатын салық 1 549 мың теңге, мемлекеттік меншігінде мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 30 мың теңге, жерді сату 1 077 мың теңге.
2022 жылға аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция 21 717 мың теңге, облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 14 433 мың теңге.
Ауылдық округтің 2022 жылға арналған бюджетінің жалпы көлемі 38 911 мың теңгені құрады.

Шығындар

2022 жылға арналған шығындар көлемі 38 911 мың теңгені құрайды, соның ішінде бюджеттік бағдарламалар бойынша:
124001015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» — 22 179 мың теңге (округ аппаратын ағымдағы ұстауға);
124022015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» — 700 мың теңге;
124008015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» — 1 700 мың теңге;
124009015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» — 399 мың тенге;
124011015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» — 200 мың тенге;
124040015 «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» — 13 733 мың теңге.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округі Қулыкөл ауылының көшесіне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақажр ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасы бойынша туралы пресс-релиз

Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 және 37 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14 бабына сәйкес әзірленген:

2021 жылғы 10 ақпаннан 24 ақпанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында https://legalacts.egov.kz/arm/adminarchive/index қоғамдық талқылау үшін жарияланды.

  • № 1 атауы жоқ көшесін – «Абылай хан» көшесіне
Дата публикации
29 ноября 2023
Дата обновления
29 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы