Меню

Страницы

Статья

Солтүстік-Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша 2022 жылға есеп

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ, 2022 жылы Қулыкөл ауылдық округі бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  2. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  3. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру
  4. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту

Жыл ішінде барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді; оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз форматында 1 қызмет («Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»), электрондық форматта (ПЭП) 2 қызмет көрсетілді («Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»).

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар тіркелген жоқ.

Мемлекеттік мекеменің ғимаратында халыққа қолжетімділік және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратында көрнекі ақпарат (заң, ереже, өтініш үлгілері, шағымдарды тіркеу журналы) стенді орналастырылған.

Бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында (akzar-kulykol@ mail.kz) орналастырылған.Әкімдік ғимаратында электронды мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы бар, онда «е Qoldau» орнатылған.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы No 301.Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2022 жыл ішінде қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.Әкімдікпен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен ережелері бойынша Facebook әлеуметтік желі платформасында келесідей түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алутуралы мақалалар жарияланды,«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»тікелей эфир өтікзілді,халықты цифрлық сауаттылыққа, E-gov порталында жұмыс істеу дағдылары туралы оқу өткізілді және 410 брошюралар таратылды.

Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат

2022 жыл ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ..

Қулыкөл ауылдық округінің әкімі А. Уалиев

 

Дата публикации
29 ноября 2023
Дата обновления
29 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы