"Местное самоуправление"

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

  1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
  2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады.

2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері

  1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады.
  2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

      Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиыны және жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастық қызметінің нысаны болып табылады.

3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi

  1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:

      1) жергiлiктi бюджет;

      2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.

4-бап. Мәслихаттар, әкімдер мен әкiмдіктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер

  1. Мәслихаттар мен әкiмдіктер өз қызметiнде:

      1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;

      2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;

      3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;

      4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

  1. Мәслихаттар мен әкiмдіктерге Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады.
  2. Мәслихаттар мен әкiмдіктер қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
  3. Әкімдер мен олардың орынбасарлары саяси партиялардың филиалдарында және өкілдіктерінде лауазымдарды атқаруға құқылы емес.

      Тағайындау немесе сайлау кезінде әкімдер мен олардың орынбасарлары саяси партиялардың филиалдарында және өкілдіктерінде лауазымдарды атқарған жағдайда, олар тағайындалған немесе сайланған күннен бастап он күн ішінде көрсетілген лауазымдарды босатуға тиіс.

      4-1. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген талаптар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының басшыларына да қолданылады.

      Егер тағайындау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының басшылары саяси партиялардың филиалдары мен өкілдіктерінде лауазымдарды атқарып жүрген болса, олар тағайындалған күннен бастап он күн ішінде көрсетілген лауазымдарды босатуға тиіс.

 

 

"Местное самоуправление"
Дата публикации
19 сентября 2025