«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.
Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.
"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кішіқарой ауылдық округі әкімінің аппараты"комуналдық мемлекеттік мекеме кызметінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жасау туралы
2025 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты" КММ-де сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жал сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, Қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, тікелей ұйымдардың өздері жүргізеді.Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық -басқару қызметінде персоналды басқару, Мемлекеттік қызметтер көрсету,Қаржы шаруашылық қызмет,Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және т.б. мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.
Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.
Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.
Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.
Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.
Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 35 және 37 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» азақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14 бабына сәйкес және Бостандық, Киев ауылдары тұрғындарының пікірін есепке алуымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының корытындысына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын: Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші- Қарой ауылдық округінің Киев ауылына келесі атау беру: Кіші- Қарой Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округінің Бостандық және Киев ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атау беру: №1 атауы жоқ көшесін - «Кенесары» көшесіне; №2 атауы жоқ көшесін - «Жолауши Рамазанов» көшесіне; №3 атауы жоқ көшесін - «Томан» көшесіне; №4 атауы жоқ көшесін - «Кенесары» көшесіне; №5 атауы жоқ көшесін - « Аблайхан» көшесіне. №6 атауы жоқ көшесін - « Қайырбек Шалабаев» көшесіне. №7 атауы жоқ көшесін - « Көжек» көшесіне. 3.Осы шешім қол қойылған күнен бастап қолданысқа енгізеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 22-8 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Кіші-Қарой ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2711 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
нақты шешімнің атауында және мәтіні бойынша «Киши-Қаройского сельского округа» сөздері «Кишикаройского сельского округа» сөздеріне ауыстырылсын мемлекеттік тілдегі сөздер өзгермейді;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Кіші-Қарой ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының хатшысы А.Хоршат
Қазақстан Республикасының» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық кұрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, Кіші- Қарой ауылдық округі Бостандық және Киев ауыл халықтарының пікірін ескере отырып ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ;
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округі Бостандық ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
«Карла Маркса» көшесі «Кенесары» көшесі;
«Ленина» көшесі «Жолауши Рамазанов» көшесі.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші - Қарой ауылдық округі Киев ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
«Гагарина» көшесі «Томан» көшесі;
«Ленина» көшесі «Кожек» көшесі.
«Кирова» көшесі «Абылайхана» көшесі.
«Комсомольсмкая» көшесі «Каирбек Шалабаев» көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.