GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Все материалы
22 сентября 2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
Кеңащы ауылдық округі «Өзіңнен баста» акциясына белсене қатысты. Бұл іс-шара Дүниежүзілік тазалық күні — World Cleanup Day-ге орай өтті.
Неғұрлым белсенділеріміз көп болса, соғұрлым жасыл пайдамыз көп болады!!!
22 сентября 2026
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Ленинград ауылында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Кеңащы ауылдық округі де қатысты.
Тұрғындарымыз бен өндірушілеріміз сүт өнімдерін, жұмыртқа, көкөніс, консервация және басқа да өнімдерін ұсынды.
Мұндай іс-шаралар жергілікті өндірушілерді қолдап, көршілік байланысты нығайтады.
22 сентября 2026
КЕҢАЩЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУ АЯСЫНДА ОКРУГ ӘКІМІМЕН ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер, сондай-ақ елді мекеннің қазіргі жағдайы мен одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстар талқыланды.
Кеңащы ауылдық округінің әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді және көтерілген мәселелерді шешу бойынша алдағы жұмыс бағыттарын атап өтті.
Мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, мәселелерді уақытылы анықтап, оларды бірлесіп шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
09 января 2026
Округ әкімінің халықпен есептік кездесуі

2026 жылғы 8 қаңтарда округ әкімі Дархан Аманжолұлы Биляловтың 2025 жылдың қорытындысы бойынша округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті .
Атқарылған жұмыстың нәтижелері, өзекті мәселелер және болашаққа арналған жоспарлар талқыланды. Тұрғындардың барлық ұсыныстары ескерілді.

16 мая 2025
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

2025 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенашы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, Қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, тікелей ұйымдардың өздері жүргізеді.
          Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, Мемлекеттік қызметтер көрсету, Қаржы-шаруашылық қызмет, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және т. б. мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.

01 марта 2024
Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласындағы коммерциялық қызметті цифрландырды

Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.
Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.
Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.
Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.
Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.
Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.

29 ноября 2023
ЖОБА КӨШЕЛЕР АТАУЛАРЫН ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтык құрылысы туралы» Занының 14-бабы 4) тармақшасына,Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Занының 35-бабының 2-тармағына сәйкес ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негiзiнде және Кенащы ауылы халқынын пiкiрiне ескере отырып, Кенащы ауылдық округiнiң әкiмi Шешiм қабылдады:

  1. Солтүстiк Қазақстан облысы Акжар ауданы Кенащы ауылдық округiнiң Кенащы ауылдағы қөшелерге келесi атаулар берiлсiн:
    Комсомол көшесiне Сағадат Нұрмағамбетов;
    Гагарин көшесiне Акан серы;
    Ленин көшесiне Абай.
  2. Осы шешiмiнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
  3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ауылдық округiнiң әкiмi
К.Муратов

29 ноября 2023
СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫ КЕНАЩЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГIНIҢ КЕНАЩЫ АУЫЛЫНДАҒЫ АТАУСЫЗ КӨШЕЛЕРIНЕ АТАУЛАР БЕРУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикамының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Занының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Занының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негiзiнде және Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылы халқынын пiкiрiн ескере отырып, Кенащы ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса берiлген схемалық картаға сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округiнiң Кенащы ауылындағы атауы жоқ қөшелерге келесi атаулар берiлсiн: № 1 атаусыз қөшесiне — Сағадат Нұрмағанбетов; № 2 атаусыз қөшесiне — Ақан серi; № 3 атаусыз қөшесiне — Абай.
  2. Осы шешiмiнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
  3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
29 ноября 2023
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІНДЕГІ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Құрметті салық төлеушілер!

«Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықтың тікелей байланысын азайту және короновирус жұқтырудың ықтимал жағдайларын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдады.

Солай, заңды және жеке тұлғалар үшін өтінішті ұсынбай, салық есептілігін электрондық түрде табыс еткен жағдайда, салық есептілігі нысандарын табыс ету мерзімдерін 2020 жылғы 30 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл норма салық есептілігінің мынадай нысандарына қатысы:

  1. корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандары);
  2. жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандары);
  3. жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысаны);
  4. көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысаны);
  5. қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы жөніндегі декларация (870.00 нысаны);
  6. жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысаны);
  7. тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша декларация (912.00 нысаны);
  8. бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысаны).

Камералдық бақылау жүргізу бөлігінде уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды:

  • хабарламаларды қолма-қол тапсыру;
  • камералдық бақылау хабарламаларына жауаптар/түсініктемелер (оның ішінде хабарламалардың басқа түрлері бойынша) барынша электронды түрде ұсыну қажет.
  • камералдық бақылау хабарламасының орындалмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімін ауыстыру.

Салықтық және кедендік тексерулер бөлігінде.

  • өткізілетін салықтық және кедендік тексерулер тоқтатылады;
  • ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер бойынша тексерулер 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тоқтатылады.

Құрметті салық төлеушілер Сіздерді уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Толығырақ ақпарат СҚО бойынша МКД сайтында және әлеуметтік желілерінде орналасқан:

http://sko.kgd.gov.kz,

https://www.facebook.com/sko.kgd.gov.kz/;

https://vk.com/public102469003;

https://twitter.com/DGD_SKO;

https://www.instagram.com/dgdsko/

29 ноября 2023
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІНДЕГІ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметтерді ұсыну тек электрондық форматта жүзеге асырылатынын хабарлайды. Қағаз тасығыштағы өтініштер мемлекеттік қызмет электрондық түрде іске асырылмаған жағдайда ғана қабылданады.

Біздің Орталықтардағы Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарына кіру де тоқтатылады.

Бұдан басқа, салық төлеушілердің және Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының барлық мәселелері бойынша, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, қойылған хабарламалар, есеп айырысу шоттарын ашу/жабу, жергілікті салықтар есептелген, пайда болған берешек, қызметті тоқтату және басқа да салық және кеден міндеттемелері бойынша консультациялар өткізу үшін облыстың барлық аудандық және Петропавл қ. мемлекеттік кірістер органдарында Байланыс орталықтарын құру туралы шешім қабылданды. Сондықтан біздің облыс тұрғындарымызды ұсынылған мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына бармай, қызықтыратын сұрақтарға қашықтықтан жауап алуды сұраймыз.

Байланыс орталығы қызметкерлерінің тізімі ҚР ҚМ МКК (http://kgd.gov.kz), ҚР ҚМ МКД (http://sko.kgd.gov.kz) сайттарында, Департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Осы шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

СҚО бойынша МКД

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы