Меню

Страницы

Статья

есеп

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы

Кенащы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 мәселелері бойынша есебі

 

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

Кенащы ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (01.01.2026 ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетті:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2.Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;

  1. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  2. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  4. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

 

2025 жылы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы–0, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз форматта – 0, электрондық форматта («Е-лицензиялау» АЖ) – 13 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Әкімдік ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматта алу үшін қолжеткізу бұрышы бар.

Қызметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы              1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жыл ішінде қызмет көрсетуде бұзушылық тіркелген жоқ және мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша шағымдар түскен жоқ.

2025 жылы Әкімдік мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 11 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен тиiмдiлiгiн көтеру және қызмет алушылардың қанағаттандырылуын арттыру мақсатында iшкi бақылауды  және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыру, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу жоспарлануда.

 

 

 

 

Дата публикации
27 марта 2026
Дата обновления
27 марта 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Есеп
27 марта 2026
есеп
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы