Кенащы ауылдық округінің әкімі К.Б. Мұратовтың 2021 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есебі
2021 жыл барлығымыз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді ғана емес басымдықтарымызды да өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы — адам өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді.
Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ уақыт карантин мен шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарды бастан кешті.
Осы сын — қатерлерге қарамастан, біз ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің ауылды өмір сүру үшін қауіпсіз және жайлы ету үшін бірге жұмыс жасадық. Нәтижесінде Кеңащы ауылдық округі барлық салада оң көрсеткіштерге қол жеткізіп 2021 жылды жақсы нәтижемен шығарып салудамыз.
Сіздердің назарларыңызға 2021 жылы Кеңащы ауылдық округінде атқарылған жұмыстар бойынша есебімді ұсынамын.
Ауыл шаруашылық саласы
Біздің тұрғындарымыздың өмір сүру деңгейін арттыру және ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі арттыру үшін ауданның ішкі азық-түлік нарығының үздіксіз жұмысын сақтауға және экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге баса назар аударылатын болады. Ол үшін біз округіміздің шекаралық орналасу әлеуеті мен артықшылықтарын пайдаланып қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамытатын боламыз.
Округіміздегі тіршіліктің ең басты қайнар көзі егін және мал шаруашылығы болып табылады. Жалпы егістік көлемінде майлы дақылдар үлесін арттыру есебінен егістік көлемін ұлғайту, жаңа техникалар енгізу және асыл тұқымды мал басын көбейту жұмыстары ауылдық елді мекендегі ең басты жұмыс болуы тиіс.
Округіміздегі барлық егістік алқабы – 22100 гектарды құрайды. «Талшық-Астық Агро» ЖШС-нің иелігіндегі арнайы жер қорындағы 12000 га егіс алаңына өткен жылы бар болғаны 9380 га егін себілген болатын. Ал «Бестарау» ЖШС-гі 2121 га жерге егін салса, оның 30 пайызын майлы дақылдар құраған. «Бірлік»шаруашылығы қожалығында — 597 га, «Анар» — 2628 га, «Асхат» — 797 га, «Нажмиден» — 885 га, «Байкал» — 190 га, «Алибек» — 212 га жері бар.
2021жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік орағының қорытындысы бойынша гектар берекелілігі 8 центнерден айналып, қамбаға 9,6 мың тонна дәнді-дақылдар жиналды.
Соңғы жылдары мал шаруашылығы саласында да тұрақты даму байқалуда. Қазіргі уақытта мал өсірумен айналасытын шаруашылықтар саны артып келеді.
2021 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша округтегі малдың барлық түліктері мен үй құстарының саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,5 пайызға өскен, бүгінгі күні округ бойынша 801 бас ірі қара мал, оның ішінде 473 бас сиыр, сондай-ақ 759 бас жылқы, 1965 бас қой мен ешкі және 2047 дана үй құсы саналған. Округтегі барлық мал санының 62 пайызы жеке секторда саналса, 38 пайызы «Дархан», «Анар», «Алдонгаров» және «Бірлік» шаруашылықтарының еншісінде
Қаржы жағдайы
Өткен 2021 жылы округ бойынша жергілікті салық түсімдері 130% құрады. Жергілікті бюджетке түсетін салық болжамын орындау үшін атқарылған жұмыс нәтижесінде округ бойынша:
2020 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық округ төртінші бюджеттік деңгейге көшкен болатын, барлық шығыстардың 98 пайызы аудандық бюджеттен берілетін субвенция есебінен жүргізілетін болады..
Кәсіпкерлік саласы бойынша
Шағын және орта бизнесті дамыту аудан экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда шешуші рөл атқарады.
«Коронавирустық пандемияға байланысты карантиндік және шектеу шаралары кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігін төмендетті. Сондықтан біз бизнес-қоғамдастықтың іскерлік белсенділігін қалпына келтіруге, "Атамекен" ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын пайдалана отырып, шағын және орта бизнестің жаңа кәсіпорындарын құруға көмектесетін боламыз» деген болатын Президент өз сөзінде.
Сондықтан да бүгінгі таңда ауылда кәсіп ашып, шұғылданамын деген азаматтарға барлық мүмкіндіктер жасалуда.
Қазіргі уақытта округте 23 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 2 заңды тұлға, 12 шаруа қожалық және 9 жеке кәсіпкер бар. Қазіргі кезде ауылымызда 2 дүкен, 1 дәріхана субъектілері халыққа қызмет көрсетуде, апта сайын ауылда азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады. Дүкендер ауыл тұрғындарына қажетті азық-түлік пен тауарларды толық қамтамасыз етіп отыр.
Абаттандыру, санитарлық тазалық, көгалдандыру және құрылыс
Аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін Үкімет тарапынан халықты орталық жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету және аулалар мен көшелерді абаттандыру мәселелеріне көңіл бөліп, мол қаражат беруде. Соңғы жылдары ауылдарды абаттандыру жұмысы жақсы жүргізіліп, елді мекендердің еңсесі тіктеліп, келбеті жыл сайын жақсарып келеді. Оған бәріміз де куә болып келеміз. Осыған орай жыл сайын бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді. Оның үстіне 2020-22 жылдарға арналған Елбасының тапсырмасымен жасалынған «Ауыл – ел бесігі» арнайы бағдарламасы үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Бірақ бұл тек бюджет қаражатына ғана істелінетін жұмыс емес, әр ауыл тұрғыны өз ауласын жыл бойы күтіп ұстап жыл сайын өткізілетін абаттандыру үш айлығы акциясы барысында өз үлестерін қосып келеді. Жоғарыда айтқанымдай 2021 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлік дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы негізінде Байтөс ауылында бес тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар Байтөс ауылында 4 млн. теңгеге Аблай хана көшесіне асфальт төселіп,және 2 млн. теңгеге көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде ауыл ішіндегі үйінді қоқыстарды шығару және қоқыс төгілетін аумақты жыл бойы ретке келтіріп отыру да маңызды шаруаның біріне айналды. Өткен жылы округ бойынша 2400 тоннадан артық қоқыс шығарылып, Кенащы және Байтөс елді мекендерінің сыртындағы қатты қоқыс қалдықтарын төгетін орындар ықшамдалып жинастырылды.
Жыл сайын көктем шығып, күн жылынысымен екі ауылдағы барлық ескерткіштер мен саябақтар, балалар ойын алаңы, аулалық аумақтар абаттандырылып, сырланып боялып отырады.
Әлеуметтік сала
Президентіміз Қ.К.Тоқаев айтқандай, біздің еліміз Конституция бойынша әлеуметтік ел болып саналатындықтан, тұрғындардың алдындағы міндеттерді шешу жолын қарастыруымыз қажет.
Жолдауда айтылған барлық міндеттемелер жүзеге асырыла бастады. Көп балалы отбасыларына табысына қарамастан берілетін жәрдемақы биылғы жылы . Егер ол әр жанбасына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпесе аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек және кепілдендірілген әлеуметтік пакет, яғни барлық оқушыларды тегін ыстық тамақтандыру, оларды оқулықпен және формамен қамтамасыз ету, медициналық төлем, оның ішінде стоматологиялық көмек көрсету, қоғамдық транспортпен жүру шығынын өтеу жүргізіліп жатыр.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартып алмайынша экономикалық өсімге қол жеткізу мүмкін емес. Бұл мәселе бүгінде Президентіміз алға қойып отырған негізгі басты тақырыптың біріне айналып отыр. Жұмыссыздықты азайтып, кедейшілік деген ұғымды жою бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Бұл мақсатта ауылдық округ әкімінің аппаратының мамандарымен халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жүргізу жалғасын тауып келеді. Нәтижесінде 2021 жылы округ бойынша 42 адам жұмысқа орнастырылып, оның ішінде 28 тұрақты жұмыспен қамтылды. Жаңа 14 жұмыс орны ашылды, жұмыспен қамтылғандардын ішінде 1-і шағын бизнес саласы бойынша, 13-і шаруа қожалықтарда жұмыс жасайды. 2021 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша округте тұрмысы азық-түлік себеті мөлшерінен төмен отбасы жоқ, осыған орай округтегі кедейшілік деңгейі нөлге теңеліп отыр.
Жұмыссыздықпен күресудің бір жолы – ол қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Өткен жылы жұмыспен қамту орталығы арқылы 18 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
Жұмыспен қамту жолының тағы бір бағыты, ол ауылымыздағы жұмыссыздарды кәсіби оқуға жолдап, жаңа мамандыққа үйрету, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды биылғы жылы белсенді жүргізетін боламыз.
Қайырымдылық іс-шаралар аясында 2021 жылы аз қамтылған ауыл тұрғынына және көмекке мұқтаж жалғыбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге демеушілер қаражаты есебінен жалпы көлемі 600 мың теңге болатын материалдык көмек көрсетілді.
Білім беру
Ауданды одан әрі дамыту үшін оның барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз етуі маңызды шарт болып табылады. Білім беру саласына жыл сайын енгізілетін елеулі өзгерістер мен реформалар ауылдық мектеп оқушылар мен ұстаздарына уақытында жетіп, таныстырылып, түсіндіріліп келеді. Президент тапсырмасына сай «Ұстаздар мәртебесі» туралы арнайы заң қабылданып, мұғалімдердің беделі арта түсті, 2021 жылғы 1 қаңтардан мұғалімдер жалақысы тағы да 25 пайызға өсетін болды. Мұның бәрі білім сапасын арттыруға деген Үкімет тарапынан атқарылып жатқан шаралардың бір бөлігі ғана.
Округ бойынша 27 мұғалім оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен айналысады. Олардың 22 жоғары білімді, 5 арнайы орта білімді.
Бүгінгі күні Кенащы негізгі мектебінде 31 оқушы, Байтөс негізгі мектебінде 24 оқушы білім алуда. Кенащы негізгі мектебінде мектепке дейінгі шағын орталығы толық күн, ал Байтөс негізгі орта мектебінде жартылай қүніне жұмыс жасайды. Осы мекемелерде тәрбиеленушілер саны Кенащыда 10, Байтөсте 8 бүлдіршін. Балаларға қажетті сапалы білім беру үшін мектептерде барлық жағдайлар жасалған. Телефон байланысы және компьютермен камтамасыз етілген. Интернет жүйесіне қосылған. Мектеп кітапханалары барлық пәндер бойынша оқулықтармен камтамасыз етілген. Кенащы ауылының негізгі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу үшін сметалық экспертиза жасалды.
Округтегі екі негізгі мектепте де әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына тегін ыстық тамақ беру жұмысы жақсы ұйымдастырылған. Бүгінде осындай топқа жататын 14 балаға ауыл кәсіпкерлері есебінен ыстық тамақ беріледі.
1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өткізілген «Мектепке жол» акциясы аясында округ кәсіпкерлері тарапынан 16 оқушыға 140 мың теңге сомасында оқу құралдары мен киім-кешек ретінде көмек көрсетілді. Анар және Дархан шаруа қожалықтары Кеңащы мектебін күрделі жөндеу үшін жобалау сметалық құжаттама жасауға 2 млн. теңге қаржылай демеушілік жасады Бүгінгі күні 62 млн.теңге құрайтың Кенащы негізгі мектебің күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілді. Сонымен қатар Байтөс мектебіміздің жылу қазандығы жана мобілдік қазандығына ауыстырылып сыртқа шығарылды.
Денсаулық сақтау
Үкімет тарапынан азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау басты міндеттердің бірі болып табылады.
Коронавирустық пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Бұл бағытта ауыл тұрғындары да түсіністікпен қарауы тиіс.
Біз адамдарды алғашқы медициналық көмекпен барынша қамтамасыз етуге, аурушаңдық пен өлім-жітімді азайтуға, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету мәселелерін шешуге, аудан тұрғындары үшін, оның ішінде жетуі қиын ауылдарда тұратын адамдар үшін дәрілік көмектің қол жетімділігіне күш саламыз.
Осы салаға бюджеттен бөлінетін жеткілікті қаржы мен тиісті шаралардың арқасында бүгінгі алыс ауылдардың өзінде медициналық көмек сапалы көрсетілетін болды, медпунктердің материалдық- техникалық жағдайлар жыл сайын жақсарып келеді, қажетті жабдықтармен және аудандық дәріхана арқылы дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етіледі.2021жылы округ бойынша 3 бала дүниеге келді,кайтыс болган саны 3 адам.
Мәдениет
Алдағы уақытта қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жалғасын табатын болады.
Біз Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалаларын іске асыру жұмыстарын жалғастырамыз. Ауылымыздың мәдениет саласына келсек жыл басынан бері мектеппен бірлесе отырып жыл бойы онлайн тәртіппен көптеген 120 іс шаралар өткізілді. Оның ішінде 10 аудандық іс-шараларға қатыстық.
Кітапханамыздың жалпы кітап қоры 4925 дана. Кітапхананың кітап қорының жаңаруына аудандық кітапханадан 2 млн 38 мың теңге сомасында берілген әдеби кітаптар үлкен үлес қосты.
Спорт
Салауатты өмір салты тұрғындар денсаулығы үшін таптырмайтын ұстаным. Бұл бағыттағы жұмысты кеңашылықтар күнделікті әдетіне айналдырған. Ауылымызда апта сайын спорттың әр түрінен сайыстар өткізіліп тұрады. Мектеп спорт залында ересектер мен мектеп окушылары арасында волейболдан тұрақты түрде жарыстар ұйымдастырылады. Оқушылар қысқы мерзімде хоккеймен белсенді шұғылданып, аудандық жарыстарға қатысып жүр. Ауыл тұрғындар үшін салауатты өмір салтын ұстануға барлы жағдайлар жасалуда. Округ бойынша 2 жазғы стадион, 1 хоккей қорапшасы және 2 спорт залы жыл бойы қызмет жасауға дайын. Жоспарлы спорттық шаралардан басқа, көрші округтердің спортшыларымен жолдастық турнирлер өткізіліп тұрады.
Транспорт және байланыс
Қазақстан цифрлы экономиканы дамытуды көздеп отырған ел болғандықтан ақпараттық коммуникация инфрақұрылымдарының даму деңгейі бойынша өңірдегі көшбасшылықты нығайту басты міндет болып отыр. Бұл орайда, Кеңащы округіндегі екі елді мекен телефон байланысымен 100 пайыз қамтылған. Айта кетерлік бір мәселе, ұялы байланыс жүйесі мен мен Интернетке қол жетімділіктің төменгі деңгейі ауыл тұрғындарының көшуіне себеп бола ма деген күдігіміз басым. Осы мәселені шешуге көмек көрсетсеңіздер деген тілегіміз бар.
Бүгінгі күні аудан орталығынан алыс ауылдар үшін жол мәселесінен басқа барлық қажетті инфрақұрылым тетіктері толығымен шешілген. Оның ішінде транспорт пен байланыс барлық тұрғындар үшін қол жетімді болып отыр. Округ тұрғындары үйінде отырып қайда болса да хабарласа алады және бүгінгі күні округте саналатын 90 жанұяның үштен екісінің өз жеке меншік транспорттары бар.
Сумен қамтамасыз ету
Бүгінгі қүні ауылдық округ тұрғындары ауылдарының тұрғындары таза ауыз суды қажетінше пайдаланып отыр. Булаев топтық магистральді су құбырымен қамтамасыз етілген. 2015 жылы Байтөс ауылының тұрғындарына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша барлық үйлерге су тартылып, қалалық жағдайда тұрмыс кешіп жатыр.
2020 жылы Кенащы ауылына 6 млн. тенге қаражат бөлініп көшелерге су тартылды. және су тарату пункті мен су тарату мунарасына құрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
2021 жылға жоспарланған жұмыстар:
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Кенащы ауылдық округінде Байтөс ауылы ішінде Ахметуали, қөшелеріндегі жолдарға асфальттық жабын төсеу үшін 9 млн. 596 мың теңгеге сметалық құжат жасалды.
Сумен камтамасыз ету елдің ішкі су желісін калпына келтіру жұмыстарын аяқталуы және екі елді мекедерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру. Жалпы алғанда 2021 жылы үлкен де кешенді жұмыстар атқарылды. Көп көрсеткіштер бойынша елде өсу мен дамудың оң серпіні байқалды. Әлбетте тез арада шешілуін және мұқият көңіл бөлуде талап ететін бірқатар мәселелер қалып отыр.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Бұл айтылған мәселелер округті кешенді дамытуға бағытталған. Біз округімізді әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикамен және адамдардың жайлы өмір сүруі үшін жұмыс жасайтын боламыз.
Біз алдымызға Сіздің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз.
Біз Сіздермен бірге округтің әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруге, дамуға және өзін-өзі жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын құратын боламыз.
Ауыл тұрғындарының игілігіне арналған жұмысымыз алға баса берсін!