|
Лауазымы |
Аты-жөні |
Телефон |
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман |
Нажмиева Балдырған Төлеубайқызы |
8(71546)52-108 |
Ақжар ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары
|
№ |
Мемлекеттік қызметтің атауы |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы |
|
1 |
|
"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. |
|
|
2 |
|
||
|
3 |
|
||
|
4 |
Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату |
|
|
|
5 |
|

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi уәкiлеттi органдармен бiрлесiп «еgov mobile» мобильдiк қосымшасында «цифрлық құжаттар» сервисiн iске асыру бойынша жұмыстар жүргiздi. Аталмыш сервис азаматтарға электрондық форматтағы мобильдiк қосымша арқылы құжаттарды қарауға, сондай-ақ оның анықтығын тексеруге мүмкiндiк бередi.
Бүгiнгi күнi «еGov mobile» мобильдiк қосымшасындағы Сервис шеңберiнде цифрлық құжаттардың 18 түрi iске асырылды: Жеке куәлiк, Жүргiзушi куәлiгi, Туу туралы куәлiк, Неке қию туралы куәлiк, Тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру туралы куәлiк, Некенi бұзу туралы куәлiк, Техникалық паспорт, Covid-19 тестiлеу ПТР нәтижесi, Студенттiк билет, Диплом, Зейнеткер куәлiгi, Кандас куәлiгi, Көлiк құралын тiркеу туралы куәлiк, Әлеуметтiк ID, Вакцинация паспорты, Көп балалы отбасының жәрдемақысын алушы, Мүгедектiгi туралы куәлiк, Атаулы әлеуметтiк көмек алушының куәлiгi.
Сервис «Азаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ барлық филиалдарында, елiмiздiң барлық әуежайларында, нотариустарда, екiншi деңгейдегi банктерде (Kaspi банк, «Халық банк» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ), «БЖЗҚ» АҚ, «Бiрiншi кредиттiк бюро» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, сондай-ақ, «Қазақстан Темiр жолы» ҰК АҚ тасымалдау кезiнде енгiзiлдi және пайдаланылады.
Бүгiнгi таңда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңға, цифрлық құжаттарды қағаз құжатпен тең дәрежеде заңды тануды қамтамасыз ету бөлiгiнде қол қойылды.
Бұл заң азаматтарға цифрлық құжаттарды көптеген өмiрлiк жағдайларда кедергiсiз пайдалануға және оларды пайдалану аясын ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға пайдаланылатын және ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисiндегi құжаттар қағаз жеткiзгiштегi құжаттарға тең.

2022 жылғы «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» есеп
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішсіз жеке түрде жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі, бостандықтары мен заңды мүдделері оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беру.
Кенащы ауылдық округі әкімінің аппараты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (01.01.2022 жылғы өзгерістер мен толықтуруларымен) сәйкес мемлекеттік қызметтің 6 түрін қөрсетеді:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар болған жоқ.Халықты мемлекеттік қызметтерді қөрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпарат (заң,қызмет көрсету ережелері,өтініштердің үлгілері,шағымдарды тіркеу журналы) стенд орналастырылған.Сондай-ақ бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында орналастырылған. Экімдік ғимаратында электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге қолжетімділік бұрышы бар.
Қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15сәуірдегі № 88-V Заңына ,Министрдің бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына» сәйкес көрсетіледі.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301.
Мемлекеттік қызметтке жаңадан қабылданған қызметкерлер «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік кәсіпорында оқу курсынан өтеді.
Мемлекеттік қызметтерді қөрсету бойынша жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2022 жыл ішінде Қызметті көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жок.
2022 жылы әкімдік мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 15 астам ақпаратты –түсіндіру іс-шараларын өткізді,оның ішінде дөнгелек үстелдер, тікелей эфирлер, жарияланған мақалалар, брошюраларды тарату бойынша акциялар.
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы мәліметтер
2022 жыл ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі әкімінің аппараты » комуналдық мемлекеттік мекемесінде шағымдар түскен жоқ.
Ауылдық округі әкімі К. Мұратов