Ақжарқын ауылдық округ тұрғындарына медициналық көмек Ақжарқын және Ащықөл медициналық пункттері арқылы көрсетіледі. 2025 жылы Ақжарқын ауылында жаңа медициналық пункт ашылды, ол қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жыл сайын ауыл тұрғындары жоспар бойынша медициналық тексеруден және скринингтен өтеді, жылжымалы флюрография келіп, жыл сайын тексеріс өткізеді. Орта және кіші медициналық қызметкерлер саны – 3. 2025 жылы аудан бойынша туу көрсеткіші 6 бала, ал қайтыс болғандар саны 7 адамды құрады.