Халықаралық қарттар күніне орай ауылдық округ әкімі С.К. Қасенова ауыл қарияларының шаңырағына барып, құттықтап қайтты. Мерекелік шара барысында аға буын өкілдеріне азық-түлік жиынтығы мен сый-сияпаттар табысталды. Тұрғындар көрсетілген қамқорлық үшін алғыс айтып, баталарын берді.
3 қазанда Ақжар ауданының орталығы - Талшық ауылында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бұл маңызды шараға Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлері белсене қатысып, өз ауылымыздың сапалы әрі табиғи өнімдерін аудан тұрғындары мен қонақтарына ұсынды. Жәрмеңке сөрелеріне жергілікті өндірушілеріміздің экологиялық таза ет, сүт және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері қолжетімді бағада шығарылды.
Берекелі күзгі жәрмеңкеге белсене қатысып, өз үлесін қосқан ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!
Тазалық — өзімізден басталады!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін ауылымызда кезекті сенбілік өтті.
Ауыл әкімдігінің қызметкерлері біркісідей жұмылып, киелі мекеніміздің кіреберісімен оған сабақтас аумақты қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Кіреберіс стеласы сырланып, айналасы көріктендірілді.
Ауылымыздың көркі — әрқайсысымыздың жанашырлығымызда. Туған өлкеміздің тазалығын бірге сақтайық!
#ТазаҚазақстан #ТазаӨлке #Сенбілік #Акимат #ТазалықӨзіңненБасталады
Тазалық — табалдырықтан басталады!
Бүгін ауылымыздың тазалығы мен көркіне үлес қосу мақсатында кезекті сенбілік өтті.
Ауылдың гүлденуі мен көркейіп, тазаруына өз үлестерін қосқан округіміздің қызметкерлеріне, сонымен қатар белсене қатысқан барша ауыл азаматтарына үлкен рахмет білдіреміз!
Бірлігіміз бекем, ауылымыз әрқашан таза да көрікті болсын!
Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінде берекелі жәрмеңке өтті! 🌾🍎
Бүгін Ленинград ауылында тұрғындар мен қонақтар үшін арнайы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде Айсары ауылдық округінің әкімшілігі өздерінің ең үздік, табиғи әрі балғын өнімдерін халыққа қолжетімді бағада ұсынды:
Ет пен сүт өнімдері: Жаңа сойылған ет, қолдың сары майы, қаймақ, құрт пен ірімшік.
Бау-бақша өнімдері: Жергілікті өнімдер, көкөністер мен жеміс-жидектер.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, ауыл халқы сапалы өнімдерді тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Айсары ауылдық округінің берекесін арттыруға үлес қосқан барша ауылдастарға алғыс білдіреміз!
Еліміз аман, ризық-несібеміз мол болсын! ✨
ЕҢБЕГІҢІЗГЕ РАҚМЕТ!
Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында Айсары ауылдық округінің әкімі С.К.Касенова еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіп, алғыс білдірді!
Ауылдың әлеуметтік-мәдени өміріне белсене араласып, өз саласының нағыз шебері атанып жүрген үздік мамандарымыз – Айсары ауылдық округінің пошташысы Жунусова А.Қ., мен Айсапы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Негметжанова Ж.Қ., марапаттап, естелік сыйлықтар табыс еттік.
Сіздердің адал еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз бен ауыл тұрғындарына көрсететін сапалы қызметтеріңіз үшін алғысымыз шексіз!
Құрметті Ақшабақ Қаиргелдықызы мен Жанар Қайыржанқызы, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге береке тілейміз! Мерекелеріңізбен!
Хабарландыру
қоғамдық талқылауды өткізу нәтижелері туралы коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты»
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 24 маусымда сағат 10:00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтетінін хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Айсары ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен жиын өтті.
Жиынға округ әкімінің міндетін атқарушы А.А. Сералиева, учаскелік полиция инспекторы М.С. Есен және ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде екі өзекті мәселе қаралды: ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру және елді мекенді абаттандыру.
Мал жаю мәселесі бойынша кездесу барысында малды ұйымдасқан түрде жаю тәртібі, белгіленген қағидаларды қатаң сақтау және иесіз, қараусыз жүрген мал үшін иелерінің жауапкершілігі түсіндірілді.
Абаттандыру бағыты бойынша аумақты санитарлық тазалау, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, әр үйдің ауласын және қоғамдық орындарды ретке келтіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әр тұрғынның тазалықты сақтауға белсенді атсалысуы қажет екендігі айтылды.
Сонымен қатар, жиында интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндіріліп, тұрғындарға сақтық шаралары туралы жадынамалар берілді.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, хаттама толтырылды. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда болады.