1.Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қоғамдық қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару құзыретін, ұйымның жергілікті атқарушы органның қызмет тәртібін анықтайтын саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ведомстволары жоқ.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150201, Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылы Абай көшесі, 4.
10. Мемлекеттік органның толық атауы «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: Государственное коммунальное учреждение «Аппарат акима Айсаринского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области»
11. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады .
Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі талаптары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет саясатын жүргізудегі ауыл аймағы әкімінің қызметін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының барлық аймақтық басқару органдары мен жергілікті орындаушы ұйымдардың қызмет етулерін келісімдеу, аймақтағы әлеуметтік және экономикалық үрдістердің басқарылуын жүзеге асыру, Үкіметтің реформаларды тереңдету жөніндегі жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президенттің актілерін, облыс пен аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, олардың жүзеге асырылуын, тәртіп бұзушылықтарды, орындалмау есептерін, әкімият инфрақұрылымының және электрондық қызмет көрсетілуіне қалайлы және жайлы жағдайларының жасалуын бақылауға алу.
15. Міндеттері:
- Қазақстанның заңнамаларын талқылау бойынша жұмыс жүргізу;
- Мемлекеттік қызметшілердің және түгел ел тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылын құқықтық талқылау жұмысын жаңа ақпараттық технологияда жасау, дүниежүзілік «Интернет» желісіне қосылу.
- Ғылыми зерртеудің жандануы, өзекті проблемалар бойынша құқық түсіндіру жұмыстары мен жалпы оқытуды өткізу.
16.Функциялары:
1. Аппараттық-талдау:
- оның қатысуымен өтетін үйлестіру-кеңесшілік органдар, жиналыстар, отырыстар, кездесулер және тағы басқа шараларда округ әкімінің қызметін ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;
- жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, аумақтық әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын белгілеу, шараларды, нысаналы кешенді бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды әзірлеу жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметіне жәрдемдесу;
- округ әкіміне округтағы қоғамдық-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жүйелі талдау негізінде ақпараттық- анықтамалық материалды дайындау;
- қоғамның пікірін зерттейді, халықтың әрбір әлеуметтік топтар арасында жалпы елде және ауданда жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы ақпараттық жұмысты ұйымдастырады, басқару шешімдерді қабылдау үшін мәліметтерді қорытындылайды, ұсыныстарды, қорытындыларды жасайды;
- бұқаралық ақпарат құралдарында округ әкімі қызметінің жарықтандырылуын қамтамасыз ету;
- халық арасындағы ағарту жұмысты ұйымдастыру және мал дәрігерлік саласындағы білімдерді насихаттау.
2.Ұйымдастыру-құқықтық
- нормативтық құқықтық актілер және округ әкімінің құқықтық актілердің жобаларын дайындау, ереже шығармашылығын жетілдіру;
- барлық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ меншіктің барлық нысандағы ұйымдармен қарым қатынастар жүзеге асырылады;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен, оны іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен және Үкіметтің Қаулыларымен, еңбектік заңдылығымен сәйкес қадрлық жұмысты жүргізеді. Бос орын әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына тағайындау және уақытша қызметін атқаруға мақұлдауға ұсыну мәселелері жөнінде ұсыныстарды дайындау;
- Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент Жарлықтарын; Үкімет және әкімдігінің Қаулаларын, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөнінде, құзырет шегіндегі жұмысты ұйымдастыру;
- «Мал дәрігерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және мемлекеттік саясатын жүзеге асыруын қамтамасыз ететін міндеттерді іске асыру, мал дәрігерлік саласындағы малдың иелерімен, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен, шаруа, (фермер) қожалықтарымен Қазақстан Республикасының заңдылық талаптарын сақтауына бақылауды іске асыру және мал дәрігерлік лицензиат-дәрігерлерімен ауылдық округінің аумағында малдардың жұқпалы ауруларын жою, диагностика және алдын алу жөніндегі эпизотияға қарсы іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылау және дайындау.
- Мал дәрігерлік препараттарды қолдану мен сақтауына бақылауды іске асыру. Ауыл шаруашылық малдарға идентификация жүргізу, малдардың идентификация бойынша деректер базасын қалыптастыру. Әкімшілік-аумақтық бірлігіне сәйкес аймағында күші бар мал дәрігерлік құжаттар мен анықтамаларды беруді іске асыру. Мал сою алдындағы тексеріп қарауды іске асыру, жануарлардан алынатын шикізат пен өнімдерді тасымалдау, сақтау, өндеу, дайындау (сою) бойынша ұйымдарды бақылау;
- қылмысқа қарсы, сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес, құқық тәртібін және заңдылығын сақтау мәселелері жөніндегі құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдармен жергілікті атқарушы органдарының өзара әсерін қамтамасыз ету;
- қаңғыма жануарларды ұстау және құрту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мал қорымын күтіп ұстау және құрылысы. Мал дәрігерлік саласындағы уәкілетті органдарымен орнатылатын тәртіп және нысан бойынша мал дәрігерлік есеп пен есептілік. Халық арасындағы ағарту жұмысты ұйымдастыру және мал дәрігерлік саласындағы білімдерді насихаттау;
- өз құзырет шегінде әскери міндет пен әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы жөніндегі заңдылықтын орындалуын ұйымдастырып қамтамасыз етеді;
3.Материалдық-техникалық
- округ әкімінің қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етеді;
- еңбек ету және демалу үшін қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жасайды. Қызметтік кабинеттерді, мәжіліс залдарды нормативтік талаптарға сәйкес техникалық қамтамасыз етеді;
17. Құқықтары мен міндеттері:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды;
- аппарат құзыретіне жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардан және мемлекеттік органдарынан құжаттарды және тағы басқа материалдарды, қажетті ақпаратты алу және сұрап алу;
- әкімдіктің мәжілістеріне, аудандық бөлімдерінің, басқармалары мен комитеттердің алқаларында қатысуға;
- қолданыстағы заңнамамен сәйкес басқа да өкілетті жүзеге асырылады;
- өз құзырет шегінде жер қатынастарын жүзеге асыруын реттейді;
- кәсіпкерлік қызметке дамуын шаруа немесе фермерлік шаруаның ұйымдастыруына жәрдемдесу;
- өз құзырет шегінде әскери міндет пен әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы жөніндегі заңдылықтың орындалуын қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының орнатқан тәртібі бойынша әділет органы жоқ өңірлерде нотариалдық әрекеттерді жасауды ұйымдастырады;
- әр шаруашылық есепті жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара әрекет жасайды;
- өз құзырет шегінде елді мекендерде сумен жабдықтауды және су пайдалану сұрақтырын ұйымдастырады;
- қәсіпқой емес медиатордың тізілімін жүргізеді;
- елді мекендерде абаттандыру, жарықтандыру, жасылдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастырады;
- туыстары жоқтарды жерлеуді және жерленгендердің зираттарын және басқа да жерленген орындарын тиісті жағдайда күтіп ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
- тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмыстарды ұыймдастырады.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңбасшылығы. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңжүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.
19. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық округ әкімін Қазақстан Республикасы Президентінің анықталған тәртіп бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады және аудан әкімінің тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
20. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық округі әкімінің өкілеттілігі:
- Аппараттағы ішкі еңбек тәртібін орнатады;
- Аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
- Аппарат қызметкерлерінің мемлкеттік қызметі мен еңбек кодексі жөніндегі заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартады;
- Апараттағы мемлекеттік қызметі жөніндегі заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
- Шешімдер мен өкімдер шығарады;
- Қолданыстағы заңнамасына сай қызметкерлермен жұмысты ұйымдастырады;
- Өз құзыреттілігі шегінде қызметтік құжаттамаларға өз қолын қояды;
- Аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберіп отырады;
- Азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
- Нормативтік-құқықтық актілерді, бағдарламалар және басқа да құжаттардың проектілерін құрастыру жұмысшылар топтарын құрады;
- Аппараттың қаржыларын пайдаланады, қаржылық құжаттарға қолын қояды;
- Аппарат қызметкерлеріне орындалуы міндетті нұсқаулар береді;
- Ер азаматтарының және әйелдердің тең құқықтығын заңнама кепілдігіне сай орындалуын қамтамасыз етеді.
- Аппаратың қызметкерлерінің антикоррупциялық құқықтарының заңдылықтарын сақтау үшін жауапкершілік етеді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сай басқа да қызметтерді атқара алады.
Аппарат бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округінің әкімі басқарады.
22. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес аппарат округ әкімі атынан еңбек ұжымымен қатынасқа тұрады.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік мемлекеттік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шақыруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері
26. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі филиалдар мен өкілдіктерді құра алмайды.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі
27. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесіне өзгертулер мен толықтырулар Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
7. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату
28. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақытының режимі
29. Аппаратта жұмыс күні сағат 9.00-ден басталады және 18.00-ге дейін жалғасады, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі.