Аққайың ауданындағы діни ахуал бүгінгі күні тұрақты болып сипатталады. Ауданда 5 діни бірлестіктер мен филиалдар бар, 11 Діни ғимараттар жұмыс істейді.
2021 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша 1 ғибадат үйінің құрылысы жүргізілуде.
Смирнов ауылдық округінің Смирново ауылында мешіт салынуда.
Аудан халқының басым бөлігін православтық христиандар құрайды — 44% және ханафи мазхабындағы мұсылмандар — 34%. Діни негізде қақтығыстар тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта ауданның 2 мешітінде 2 діни қызметші жұмыс (1 — имам, 1-наиб имам) жүзеге асырады. Дайындық ауылында 1 бос орын бар.
2 православие шіркеуінде 2 діни қызметкер қызмет атқарады, олардың 1-і жоғары рухани білімі бар.
Аудан аумағында миссионерлер тіркелген жоқ.