2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Аққайың аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 14046 азамат енгізіліп, оның 13484 немесе 96,0 пайызы сайлау бюллетендерін алды.
Дауыс беруге 13154 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 19 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдантыс жерде 588 сайлаушы дауысберді.
Сайлауға 3 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
«Қазақстан Халық партиясы» — 1929 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 14,79 % ;
«NurOtan» партиясы — 10744 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 82,36%;
«ADAL» саяси партиясы — 372 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,85%.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленді:
Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:
Аққайың аудандық сайлау комиссиясы