14-бап. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру
1. Азаматтардың мемлекеттiк саяси қызметке кiруi тағайындалу не сайлану негiзiнде, сондай-ақ басқа да жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк саяси лауазымға орналасу Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда осы лауазымға орналасу үшiн қажеттi келiсуден өткен және арнайы тексерудiң оң нәтижелерi алынған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындауы мүмкiн.
4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарды қоса атқаруына жол берiлмейдi.
15-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру
1. Осы Заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi өкiлдi органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кiретiн немесе оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кiретiн азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындау арнайы тексерудiң оң нәтижелерi алынғаннан кейiн жүзеге асырылады.
3. Өкiлеттiктерiн терiс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, қызметтегi судьялар, өз өкiлеттiктерiн тоқтатқан, өз өкiлеттiктерiн кемiнде алты ай орындаған Парламент депутаттары, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттiк саяси қызметшiлер, халықаралық қызметшiлер, судьялар «А» және «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес, кадр резервiне iрiктеу және конкурс өткiзiлместен, уәкiлеттi комиссияның шешiмi бойынша орналаса алады.
Қазақстан Республикасының Президентi осы баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды кадр резервiне iрiктеу жүргiзбестен және уәкiлеттi комиссияның шешiмiнсiз, оларға тағайындау өзiмен жүзеге асырылатын «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына тағайындауға құқылы.
Белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына уәкiлеттi комиссияның келiсiмiмен конкурс өткiзiлместен орналаса алады.
Ескертпе.
Осы бапта халықаралық қызметшiлер деп қызметiн халықаралық ұйымдарда жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық қызметшiлер болып мойындалатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын азаматтары танылады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi).
16-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру шарттары
1. Мемлекеттiк лауазымдарға тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн, өзiнiң жеке және кәсiби қасиеттерi, денсаулық жағдайы, бiлiм деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi және Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жасы бойынша шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында олардың өкiлеттiк мерзiмдерi айқындалған мемлекеттiк саяси лауазымдарға қолданылмайды.
Зейнеткерлiк жасқа жеткен адамды осы бапта көзделмеген өзге жағдайларда мемлекеттiк саяси лауазымға тек Қазақстан Республикасының Президентi ғана тағайындауы мүмкiн.
Құқық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға үмiткер азаматтарға қойылатын жасына байланысты шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
РҚАО-ның ескертпесi!
2-тармақ 01.01.2017 бастап қолданысқа енгiзiледi — ҚР 23.11.2015 № 416-V Заңымен.
2. Құқық қорғау органдарының бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсетiндердi қоспағанда, құқық қорғау қызметiне алғаш рет кiретiн азаматтар құқық қорғау органдарымен келiсу бойынша уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмдерде олардың жеке қасиеттерiн бағалауды қоса алғанда, уәкiлеттi органда тесттен өтедi.
3. Мемлекеттiк қызметке:
1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi мемлекеттiк лауазымдарға қатысты өзге талаптар белгiленбесе, он сегiз жасқа дейiнгi;
2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;
3) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;
4) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi мемлекеттiк лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына арнайы талаптар белгiленген жағдайларда, медициналық мекеменiң қорытындысы негiзiнде лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн ауруы бар;
5) өзiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкiн әрекеттердi болғызбау мақсатында өзiне осы Заңда белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
6) мемлекеттiк қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық үшiн қызметтен шығарылған азамат мемлекеттiк қызметке жiберiлмейдi;
7) мемлекеттiк қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
9) мемлекеттiк қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшiн соттың айыптау үкiмi шығарылған немесе қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшiн өзiне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде босатылған;
10) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
11) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде босатылған;
12) қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған;
13) қылмыстық топтың құрамындағы қылмыс туралы өзiне қатысты қылмыстық iстi қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнiң мерзiмi өткенге дейiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде тоқтатқан;
14) құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттiк органдардан және соттардан, әскери қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған азаматты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қабылдауға болмайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi көрсетпеу не қасақана бұрмалап көрсету мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бiр кемсiтушiлiкке жол берiлмейдi.
6. Адамдарды құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаудағы шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
7. Азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен кiрiстерi және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлкi туралы декларацияны мемлекеттiк кiрiс органдарына ұсынуы мемлекеттiк қызметке кiрудiң мiндеттi шарты болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесi!
7-тармақтың екiншi абзацының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн ҚР 23.11.2015 № 416-V Заңының 68-бабынан қараңыз.
Мемлекеттiк лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) жұмысқа қабылдау туралы актiсi шыққанға дейiн азамат персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) кiрiстерi және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлкi туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтаманы ұсынуға мiндеттi.