Меню

Страницы

Статья

Тұрғын-үй шаруашылығы

Сумен қамту

Ауданда сумен жабдықтаудың негiзгi көзi топтық су құбыры болып табылады. Ауданның 32 елдi мекендерiнен 28 елдi мекендерi (88%) Булаев топтық су құбырына қосылған. 3 елдi мекендерi (Безлесное, Сенное, Южное) су ұңғымаларынан пайдаланады, Григорьевка а. ауыз суды шахталық құдықтан тұтынады. Аудан халқының сумен қамту бойынша: орталықтандырылған су қыбыры суымен 96,8% елдi мекен қолданады (99,9% халық), орталықтандырылмаған көзi 3,2% (Григорьевка а.), (0,1% халық).

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Аққайың ауданында 7 елдi мекендерiнде (Рублевка, Аралағаш, Ленинское, Астраханка, Трудовое, Ивановка, Черкасское) құбырдың су таратушы желiлерiн қайта жаңарту жұмыстар жалғасты.

Ағымдағы жылы Власовка және Қиялы ауылдарында құбырдың су таратушы желiлерiн қайта жаңарту жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Сондай-ақ ағымдағы жылы құбырдың су таратушы желiлерiн сенiмгерлiк басқаруға табыстау бойынша тендер өткiзiлдi. Тендердiң қорытындысы бойынша Смирново, Қиялы, Власовка, Шағалалы аулдырының «Аққайың Комсервис» ЖШС, Полтавка аулы «Полтавское» ЖШС су шаруашылығы объектiлерi сенiмгерлдiк басқаруға табысталды.

Жолдар

Ауданның автомобиль жолдарының желiлерi 387 шақырым құрайды:

  • 64 шақырым — республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желiлерi
  • 210 шақырым — облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының желiлерi
  • 113 шақырым — аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желiлерi, оның iшiнде 31 шақырым — асфальт, 31 шақырым — қиыршық тас, 79 шақырым — топырақ

2017 жылға аудандық маңызы бар және Смирново ауылының жолдарын күтiп-ұстауға аудан бюджетi қаражатынан 12 млн. теңге бөлiндi.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде Смирново ауылының көшелерiнiң орташа жөндеуiне 11939,0 мың теңге теңге бөлiндi (Пушкин, Гагарин, Матросов). Жұмыстар аяқталды.

Облыстық бюджет қаражатынан 11905,5 млн. теңге «Кучковка ауылына кiрме жол» және « Власовка ауылына кiрме жол» автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуiне облыстық бюджет қаражатынан 11905,5 млн. теңге бөлiндi. Мердәгер ВИА-ТРАНС» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеуiне 793,0 млн. теңге қаражат бөлiндi, оның iшiнде:

  • «Астраханка-Смирново-Киялы-Тайынша-Алексеевка» КТ-44 күрделi жөндеуiне 150,0 млн. теңге сомаға, мердiгер «ДСТ СК» ЖШС. 16 шақырымға асфальт жабылуын орнату бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Жолдар және су өткiзгiш құбырды төсеу;
  • «Смирново-Полтавка-Ивановка» КТ-16 орташа жөндеуiне 150,0 млн. теңге сомаға орташа жөндеу, мердiгер Титан Север» ЖШС. Ұзындығы 12 щақырым жолды себу бойыгша жұмыстар жүргiзiлдi. Қабатты iшiнара жайластыру бойынша жұмыстар орындалды, жол жиектерiн жайластыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
  • «Смирново-Трудовое-Тоқшын» КТ-45 ағымдағы жөндеуiне 40 млн. теңге сомаға, мердiгер Титан Север» ЖШС. Ұзындығы 5 шақырым жол учаскесiн себу жүргiзiлдi.

Сонымен қатар «Петропавл Жолдары» ЖШС Смирново ауылынан Қиялы аулының бағытына дейiн көлемi 1140 м2 және «Смирново-Полтавка-Ивановка» КТ-16 дол, көлемi 2500 м2 жол учаскесiн шұңқырлы жөндеу бойынша жұмыстар орындалды. Сондай-ақ Петропавл Жолдары» ЖШС «Смирново-Полтавка-Ивановка» КТ-16, «Астраханка-Смирново-Киялы-Тайынша-Алексеевка» КТ-44, «Смирново-Трудовое-Тоқшын» КТ-45 облыстық маңызы бар жолдың бойындағы жол жиегiн шабу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Қазiргi уақытта «Кирово-Қиялы-Рощинское» КТ-9 жолдың бойындағы жжиегiн шабу жүргiзiлуде.

Сонымен қатар, қазiргi уақытта ұзындығы 10 шақырым «Челябинск-Новосибирск» М-51 республикалық маңызы бар автомобиль жолды орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Сондай-ақ саны 72 жоба 531,9 млн. иеңге сомаға ауданның кентiшiлiк және аудандық маңызы бар автомбиль жодарын жөндеуге жобалар жасалды.

Атауы: «Аққайың Комсервис» ЖШС

Мекенжайы: СҚО Аққайың ауданы Смирново а. Молодежная к., 6

Электрондық поштаның мекенжайы: kamkor.akk@mail.ru

Ресми сайт: жоқ

Байланыс телефондары: тел. 8(71532) 21533,

сенiм телефоны: 8(71532) 21533

Бастық: Сергиенко Евгений Валерьевич

Азаматтарды қабылдау кестесi: күн сайын 9-00-ден до 18-00-ге дейiн

Негiзгi мiндеттерi мен функциялары: ауыз су беру жөнiндегi қызметтердi ұсыну

 

Атауы: «Петропавл Жолдары» ЖШС Советский ЖӨУ

Мекенжайы: СҚО Аққайың ауданы Смирново а., 25 лет Целины к.

Электрондық поштаның мекенжайы: skdor@mail.ru

Ресми сайт: жоқ

Бастық: Асқар Қасымұлы Мұстафин

Азаматтарды қабылдау кестесi: күн сайын 9-00-ден до 18-00-ге дейiн

Негiзгi мiндеттерi мен функциялары: автомобиль жолдарын жөндеу және күтiп ұстау

Дата публикации
22 декабря 2020
Дата обновления
22 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы