Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ Смирново селосындағы қашықтағы жұмыс орны қызмет көрсету кеңсесiн жабу туралы

Құрметтi «БЖЗҚ» АҚ салымшылары!

Бизнес-үрдiстердi оңтайландыру, электрондық (цифрлық) қызметтердi автоматтандыру нәтижесiнде, сондай-ақ салымшылар мен алушылардың ұлттық пошталық оператордың («Қазпошта» АҚ) бөлiмшелерiнде Қор қызметтерiн алу мүмкiндiгiнiң iске асырылатынын ескере отырып, 2020 жылдың 01 желтоқсаннан бастап

150900, СҚО, Аққайын ауданы, Смирново селосы, Пушкин көшесi, 56 үй мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету кеңсесi жабылады.

Қажет болған жағдайда келесi 150000, СҚО, Петропавл қаласы, Е.Бөкетов көшесi, 31А үй, мекенжайы бойынша және 8 (7152) 461900 телефон нөмiрi арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның жақын жердегi қызмет көрсету кеңселерiне жүгiне аласыз.

Қызмет көрсету кеңселерiнiң жұмыс режимi: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiн.

Сондай-ақ онлайн режимде enpf.kz сайты немесе мобильдi қосымша арқылы келесi қызмет түрлерiн алуға болатынын естерiңiзге саламыз:

• ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу;

• деректемелерге, соның iшiнде хабарландыру тәсiлiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;

• жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi-көшiрменi қарау;

• ЖЗШ-нан үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алу;

• ЖЗШ болуы туралы анықтаманы алу;

• ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi/жаңа редакциядағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты алу ("телнұсқа");

• мерзiмсiз 1-шi және 2-шi топ мүгедектiгiнiң белгiленуiмен байланысты зейнетақы төлемiн тағайындау туралы өтiнiш беру;

• төлемге берiлген құжаттарды алдын ала тексеру;

• төлемге және (немесе) көшуге өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау;

• БЖЗҚ кеңсесiне бару кезегiн брондау;

• зейнетақы калькуляторының көмегiмен зейнетақыны болжамдық есептеу және т. б.

Толық ақпаратты Байланыс орталығының 1418 телефоны (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) арқылы алуға болады.

Дата публикации
05 ноября 2020
Дата обновления
05 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы