Меню

Страницы

Статья

Жиі қойылатын сұрақтардың бірыңғай анықтамасы

1. Сұрақ: Азаматтың құқық қабiлеттiгi қай кезеңде басталады?

Жауап: Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады (ҚР Азаматтық кодексiнiң 13-бабы 2-тармағы)

2. Сұрақ: Есiмдi өзгертуге бола ма?

Жауап: Азаматтың туған кезде берiлген есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс. (ҚР Азаматтық кодексiнiң 15-бабы 3-тармағы)

3. Сұрақ: 14 жаста ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) келiсiмiнсiз өз бетiнше мәмле жасауға бола ма?

Жауап: ҚР Азаматтық кодексiнiң 22-бабына сәйкес:

  1. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi олардың заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс.
  2. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы.
  3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда сот кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
  4. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiнен келтiрiлген зиян үшiн осы Кодекстiң ережелерi бойынша жауап бередi.

4. Сұрақ: Сенiмхат қандай мерзiмге берiлуi мүмкiн?

Жауап: Сенiмхат үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта неғұрлым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады (ҚР Азаматтық кодексiнiң 168-бабы).

5. Сұрақ: Кепiлдiк тiркеуге жата ма?

Жауап: Егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, тiркелуге жататын мүлiктi кепiлге салу осы мүлiктiң тiркелуiн жүзеге асыратын органда тiркелуге тиiс.

Жылжымайтын мүлiк кепiлi жылжымайтын мүлiкке құқықтардың тiркелуiн жүзеге асыратын органда мемлекеттiк тiркелуге жатады. (ҚР Азаматтық кодексiнiң 308-бабы)

6. Сұрақ: Еңбек шартынжасауға қай жастан жол берiледi?

Жауап: Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берiледi.

Еңбек шарты:

  1. орта бiлiм беру ұйымында негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;
  2. оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн бұзбайтын жұмысты орындау үшiн он төрт жасқа толған оқушылармен;
  3. кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтiрмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшiн осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкiн.

Еңбек кодексiнiң 31-бабының 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының бiреуi, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиiс.

7. Сұрақ: Жұмыскердiң еңбек қызметi қандай құжатпен расталады?

Жауап: Мына құжаттардың кез келгенi:

  1. еңбек кiтапшасы;
  2. тоқтату күнi мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң белгiсi бар еңбек шарты;
  3. еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушi актiлерiнен үзiндi көшiрмелер;
  4. жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшiрмелер;
  5. жұмыс берушi қол қойған, ұйымның мөрiмен расталған қызметтiк тiзiм (жұмыскердiң жұмысы, еңбек қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi) (болған кезде);
  6. аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзiндi көшiрмелер;
  7. жүргiзiлген әлеуметтiк аударымдар туралы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан мәлiметтер;
  8. жұмыскердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтер қамтылған архивтiк анықтама жұмыскердiң еңбек қызметiн растайтын құжат болып табылады. (ҚР Еңбек кодексiнiң 35-бабы)
Дата публикации
04 ноября 2020
Дата обновления
04 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы