Меню

Страницы

Статья

Бұқаралық ақпарат құралдары

Аудандық баспа тарихынан

Аудандық басылым 1942 жылдың 24 сәуiрiнен бастау алады. Ол кезде ауданда екi газет болатын-ды, «Социалистiк еңбек» қазақ тiлiнде және «Социалистический труд» — орыс тiлiнде. Газет екi баспа табақ көлемiнде және 450 дана таралымымен аптасына екi рет басылып отырды.

Кейiн қазақ тiлiндегi газет өз қызметiн тоқтатты, Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн оқырмандарға қайтып оралды.

«Аққайың» Аққайың аудандық газетi 2004 жылғы 28 ақпаннан басылып келедi. Ол кезде қазақша басылым айына бiр рет шығатын, қазiр-апта сайын, түрлi-түстi орындауда 8-12 бетте басылып шығады.

Орыс тiлiндегi газет 1961 жылы қазiргi «Колос» атауын алды. Қазiргi уақытта аптасына бiр рет, 12-24 бетте, түрлi-түстi баспа табақпен шығарылады.

Қазiргi уақытта басылымдардың меншiк иесi «Колос» газетiнiң редакциясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестгi болып табылады.

Екi газет мемлекеттiк ақпараттық саясатты өткiзген кезде аудан әкiмiнiң ресми басылымдары болып табылады.

Газет басшылары

1942 жылдың сәуiрiнен Е. Жүсiпбаев жауапты хатшы болды. 1944 жылы В.Ф. Зиновьев редактор болып тағайындалды. Содан кейiн М. Садуов, В.В. Хоменков редактор болды. Редактор газет және баспаханаға бiрден басшылық еттi.

Ауыл шаруашылығы қайта құрылғаннан кейiн аудандық газеттер ауданаралық газеттерге айналды. 1961 жылдан берi газет «Колос» атауына ие болды. Редактор болып — М.Ю. Репкин, кейiн — И.Е. Река, М.П. Сердюкова, В.А. Кошеленко, Т.А. Әбiлмәжiнов, А.А. Бондаренко, Т.М. Лесикова, В.С. Асланов болды.

2004 жылдан берi «Колос» газетiнiң редакторы Александр Александрович Лесиков.

2004 жылдан берi қазақ тiлiндегi «Аққайың» аудандық газетi шыға бастады. Редактор лауазымында Б.У. Қашенова, Г.М. Тұяқова, Ж.Т. Сматаева, Ж.Е. Батина қызмет еттi.

Қазiргi уақытта газеттi Жәйна Жұмабайқызы Шерниязова басқарады.

«Аққайың» газетi

2004 жылғы 28 ақпаннан бастап шығады.

Меншiк иесi: «Колос» газетiнiң редакциясы» ЖШС.

Апта сайын, бейсенбi күнi шығады.

2017 ж. 01.01. таралым — 500 дана.

Мекен-жайы: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Зеленая көшесi, 31.

Редактордың ТАӘ: Әсем Базарханқызы Байзакова

Факс: 8-715-32-2-12-67

e-mail: akkain_smi@mail.ru

Ғаламтордағы сайт: http://baq.kz/kk/regional_media/media/257

«Колос» газетi

1942 жылдың 24 сәуiрiнен бастап шығады.

Меншiк иесi: «Колос» газетiнiң редакциясы» ЖШС.

Апта сайын бейсенбi күнi шығады.

2017 ж. 01.01. таралымы — 2800 дана.

Мекен-жайы: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Зеленая көшесi, 31.

Редактордың ТАӘ: Лесиков Александр Александрович.

Тел.: 2-22-09

Факс: 8-715-32-2-12-67

e-mail: gaz_colos@mail.ru

Ғаламтордағы сайт: www.smirnovo.info

Дата публикации
04 ноября 2020
Дата обновления
04 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы