Меню

Страницы

Статья

Аққайың ауданы әкімі аппаратының АХАТ (АХАЖ) қызметтімен көрсетілемін мемлекеттік қызметтер

Аққайың ауданы әкiмi аппаратының АХАТ (АХАЖ) қызметтiмен көрсетiлемiн мемлекеттiк қызметтер

   Қажетті құжаттар  Қызмет көрсету мерзімі  Қызмет құны және төлеу тәртібі  Қызмет көрсету нәтижесі
1 Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу 
  Қажетті құжаттар Белгіленген нысандағы өтінішті. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды). Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды). Егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды). Бала асырап алуды немесе әке болуды анықтау туралы куәліктің көшірмесі, егер олар тіркеуші органда тіркелсе (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды). Егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік(егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды). Көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. мөлшердегі екі фотосуреті. ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтініп    отырған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін мемлекеттік қызметті тұтынушы: Белгіленген нысандағы өтінішті; Жеке басын куәландыратын құжат  (тұлғаны сәйкестендіру үшін). Азаматтық хал актісіне өзгеріс, толықтыру мен түзету енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актісін тіркеу мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, куәліктің  түпнұсқасы жоғалған жағдайда – азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама. Азаматтық хал актісіне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіздеменің болуын растайтын құжат. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.   ХҚКО — күнтізбелік 15  күн  Басқа мемлекеттік органға сұрау жолдау қажет болса — күнтізбелік 30 күнге дейін  ұзартылады. Азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 күн. Порталда — атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін тағайындау туралы хабарламаны алу — 1 жұмыс күні.   Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу үшін — 2 АЕК. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК.   тын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік. Порталда — электронды өтініштің қабылданғаны туралы және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама.   
2 Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  Қажетті құжаттар Өтініш. Медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат немесеқайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі. Қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда  нотариалды куәландырылған сенімхат. Қайтыс болу туралы акт жазбаның тіркелмегені туралы  қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша  тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда).  Қайтыс болу туралы акт жазбасына, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: Өтініш. Қайтыс болу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда – қайтыс болғанын тіркеу туралы анықтама. Өгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат. Көрсетілетін  қызметті алушының өкілі өтініш жасаған кезде нотариатта  куәландырылған сенімхат.   ХҚКО — 1 жұмыс күні. Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Азаматтық хал актілер жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде. Құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.   Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі. Қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 АЕК   Қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік (анықтама), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы  қайталама куәлік(анықтама).
3 Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру  
  Қажетті құжаттар Азаматтық хал актісі жазбасын қалпына келтіру үшін: Белгіленген нысандағы өтінішті. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін). Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы. Көрсетілетін қызметті алушының және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен қарындастары) туралы  деректер толық көрсетілген өмірбаян. Еңбек кітапшасының көшірмесі не еңбек қызметін растайтын басқа құжат, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болса — оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтама (бар болса). Егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса). Көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. мөлшердегі екі фотосуреті. Мемлекеттік бажды бюджетке төлегенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат. қосымша келесі құжаттардың көшірмелері ұсынылады (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген азаматтық хал акт жазбаларын мемлекеттік тіркеу жағдайларынан басқа): Егер некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі. Егер балалары бар болса, баларалрдың туу туралы куәліктерінің көшірмелері. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі. Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің  көшірмесі (егер бар болса). Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат. Егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлігінің көшірмесі ұсынылады. Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті  алушы мыналарды ұсынады: Сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш. Көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (тұлғаны сәйкестендіру үшін). Мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі. Оралмандар Қазақстан Республикасына заңды көшіп келгені туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы қолдаухаттары туралы ішкі істер органдары берген құжаттарды қосымша тапсырады. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін көрсетілетін  қызметті алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады. Акт жазбаларының электронды нұсқасы болған жағдайда — 15күнтізбелік  күн.  Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және  қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа  ұзартылады. 0,5 АЕК    Азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті куәлікті беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.  
4 Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру
  Қажетті құжаттар Куәлiктердi қайтадан беру және мұрағаттық анықтамалар беру жөнiндегi белгiленген нысандағы өтiнiштi. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін). Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжат. Қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат. Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш берген кезде, қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар қосымша ұсынылады. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға көрсетілетін қызметті берушімен беріледі. Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткенге дейін бір әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұрған болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар екендігін тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған кезден бастап беріледі. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), қосымша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiгінің немесе жұбайының қайтыс болуы туралы куәлiгінің көшірмесі ұсынылады (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген актілік жазбалар негізінде берілген  куәліктер ұсынылмайды). 1 жұмыс күні — анықтамаларды электрондық форматта беру. 1 жұмыс күні — egov.kz өтінішті алғандығын растау бөлігінде.  Акт жазбаларының электронды нұсқасы болған жағдайда — 5  жұмыс күн. Басқа мемлекеттік органға сұрау жолдау қажет болса — күнтізбелік 30 күнге дейін  ұзартылады. Азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеген кезде — күнтізбелік 30  күн. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті бергені үшін — 1 Азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерін қоспағанда, басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырған үшін  ХҚКО — қағаз жеткізгіштегі қайталама куәлік немесе электрондық құжат нысанындағы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар. Порталда қайталама куәлік алғанда — электрондық құжат нысанындағы электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама немесе  электрондық құжат нысанындағы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.
5 Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  Қызметті алу (қажетті құжаттар) Өтініш. Мемлекеттік қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаты  (тұлғаны сәйкестендіру үшін). Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат. шетелдіктер қосымша ұсынады: Некеге құқық қабілеттігі туралы анықтаманы. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасының iшкi iстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында  тiркелген құжатын ұсынады.Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады. Қажет болған жағдайда — өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсаты. Заңмен белгіленген неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде, қосымша мерзімді ұзартудың немесе қысқартудың негізін растайтын құжаттар: дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар ұсынылады. заңмен белгіленген неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету қажет болған кезде, қосымша ұсынылады: Неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету туралы өтініш. Белгіленген  неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы немесе ортақ баланың тууы және әке болуды анықтау туралы куәліктердің көшірмелері (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін). Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) тұлғалардың заңды өкілдерінің келісімі. Заңды өкілдерінің құзыретін растайтын құжаттар. Бұрынғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) болған жағдайда, мәліметтерді тексеру үшін растайтын құжаттар ұсынылады. неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда — неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы анықтама. Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар. Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат. Өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжат. Ескерту: Өз құзіреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою). Өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін неке қию жүргізіледі. Қызмет алушылардың берген жазбаша өтініші негізінде неке қию бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады. Ерекше мән-жайлар болған кезде неке қию өтініш берілген күні жүргізіледі. Порталда — неке (ерлі — зайыптылықты)  тіркеу күнін тағайындау туралы хабарлама алу — 1 жұмыс күн. Неке қию — 1 АЕК Некені қию туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты куәлік беру үшін — 0,5 АЕК Неке қиюды (ерлі — зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке  кабинетіне» электрондық өтінішті қабылдау және некені (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама жолданады. 
6 Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  Қызметті алу (қажетті құжаттар) сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін Белгіленген нысандағы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін). Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта  куәландырылған сенімхат. кәмелетттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некесін бұзуын тіркеу үшін Өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін). Некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпте хабар-ошарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқатының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін Белгіленген нысандағы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін). Сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. Көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін Өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін). Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса — некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта  куәландырылған сенімхат. Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сот шешімінің негізінде 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Басқа аумақтық бірлікте шығару орны бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде — күнтізбелік 30 күн. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде көрсетіледі. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі. Құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, күнтiзбелiк 30  күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш — күнтізбелік 15 күн.  Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Порталда — өтінішті алғанын растау және некені бұзуды тіркеу күнін белгілеу — 1 жұмыс күн. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша — 2 АЕК. Сот шешімі негізінде — 1,5 АЕК. Сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардан, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан — 0,1 АЕК. Некені бұзу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы  қайталама куәлік. Порталда — электрондық өтінішті алғанын растау және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгілеуі туралы хабарлама. 
7 Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар) Өтініш. Ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін). Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынылмайды). Туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат. Шетелдіктер қосымша ұсынады: Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттарын  ұсынады.  Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады. Баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда қосымша ұсынылады: Ата-анасының түсініктемесі. Баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа). Баланың тұратын жері бойынша, оның денсаулығы туралы анықтама (жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген). Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта  куәландырылған сенімхат. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:  Өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда — тууды тіркеу туралы анықтама. Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар. Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа — 2 жұмыс күні.  Баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда — 15 күн. Құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі күнтiзбелiк — 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде күнтiзбелiк 30 (отыз)  күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Порталда — өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу — 1 жұмыс күн. Тіркеу — тегiн Туу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру — 0,5 АЕК Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен туу туралы  қайталама куәлік.
8 Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  Қажетті құжаттар Ата-анасының бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін: Белгіленген нысандағы өтінішті. Баланың туу туралы куәлігін, ондай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде — медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтамасын. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат. Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған; анасының психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасы ата-ана құқығынан айрылған немесе шектелген; баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін: Өзін баланың әкесі деп мойындайтын адамның өтінішін. Анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болу туралы куәлігі; психикалық немесе ақыл есі кемдігі салдарынан анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп тану туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат. Сот шешімінің негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін: Белгіленген нысандағы өтінішті. Әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесін. Баланың туу туралы куәлігін. Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат. Әке болуды анықтау туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін: Өтініш. Көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда — тууды тіркеу туралы анықтама. Әке болуды анықтау туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған  жағдайда — әке болуды анықтауды тіркеу туралы анықтама. Өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар. Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат. Нотариатта куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда). Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынылады. Әке болуды анықтау — 2 жұмыс күн Қажет болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады Әке болуды анықтау туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу — 15 күнтізбелік күн Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу — 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады Әке болуды анықтау — тегін Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және өзгерістер енгізілу 0,5 АЕК Әке болуды анықтау туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен әке болуды анықтау туралы  қайталама куәлік.
9 Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  Қажетті құжаттар бала асырап алуды тіркеу үшін: Өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін). Бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін. Баланың туу туралы куәлікті. Асырап алушылардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген жағдайлардан басқа). Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаты. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (шетелдіктер үшін). Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты. Шетелдіктер жеке бастарын куәландыратын құжатпен бірге оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі мәтінінің нотариатта куәландырған аудармасын ұсынады. бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін: Өтініш. Туу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса — тууды тіркеу туралы анықтама. Бала асырап алу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса — бала асырап алуды тіркеу туралы анықтама. Бала (қыз) асырап алуды жою немесе жарамсыз деп тану туралы соттың шешімін. Өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу қажеттігін растайтын құжаттарды. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырған сенімхатты ұсынады. Бала асырап алуды тіркеу — 1 жұмыс күні. Азаматтық хал актілер жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде. Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Қазақстан Республикасының азаматтары бала асырап алған кезде мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Шетел азаматтарына 2 АЕК.  1. Бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, 
2. Енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы  қайталама куәл
Дата публикации
22 октября 2020
Дата обновления
22 октября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы