Меню

Страницы

Статья

Аққайың ауданының 2017 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамудың қорытындысы және 2018 жылға мiндеттер туралы» Аққайың ауданы әкiмiнiң есептiк баяндамасы

Құрметтi жерлестер!

Елiмiздiң Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев 10 қаңтар күнi Қазақстан халқына «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауын жариялап, жаңа — Төртiншi өнеркәсiп әлемiнде тиiмдi даму мен бейiмделу үшiн қажеттi iс-шаралар мен бағыттарын көрсеттi.

Бiздiң негiзгi мақсатымыз — аудан экономикасының дамуына жаңа мүмкiндiктердi жасау. Ауданның барлық салаларында тұрақты даму көрсеткiштерi қалыптасып, оның iшiнде экономика қарқынды даму үстiнде.

Есептiк кезеңнiң әлеуметтiк-экономикалық нәтижелерiн қорытын-дылап, қазiргi кезеңдегi аудан дамуының басты мәселелер мен даму мiндеттерге тоқталғым келедi.

Бюджет

2018 жылдың 1 қаңтардағы жағда-йына жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң орындалуы 103,3% құрады, жергiлiктi бюджетiң кiрiсiне 1151,2 млн. теңге келiп түстi (кезеңнiң жоспары 1114,8 млн. теңге), 2016 жылға қарағанда өсiм деңгейi 122,2% құрады.

Ауданның бюджетiне түсiмдер 702 млн. теңгенi құрап, жоспар 103,6% орындалды, 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өсiм деңгейi 135,5% құрады.

Салық және салық емес түсiмiнiң жергiлiктi бюджетке түсу көрсеткiшi 122,9% жеттi.

Бюджеттiң шығын бөлiгi 99,9% орындалды, кезеңнiң жоспары 2872,9 млн. теңге болып, кезеңдiк игеру соммасы 2871 млн.теңгенi құрады, 2,3 млн. теңге соммасында игерiлмеген қаржы мөлшерi ерекшелiктер бойынша жинақтау есебiнен қалыптасқан.

Шығынның негiзгi үлесi бiлiм саласына келедi 1837,9 млн. теңгенi құрады немесе жалпы шығын көлемiнiң 63,9% құрады (әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыздандыру — 231,1 млн.теңге, мәдениет, спорт және ақпараттық саясат — 167,6 млн.теңге, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары — 135,8 млн.теңге, көлiк және коммуникациялар — 25,9 млн.теңге, басқалар, аппараттарды қоса отыра — 474,6 млн. теңге).

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша iс-шараларды жүзеге асыруға 22,4 млн. теңге бағытталған. 10,8 млн. теңге сомасына Смирново ауылының 3 көшесiне (П. Морозов, Гагарин, Пушкин) автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды, абаттандыру жұмыстарына 11,6 млн.теңге жұмсалды (көшеге жарық орнату бойынша жұмыстар, балалар ойын аланын абаттандыру, кеспе тастар төсеу, көгалан-дандыру, сквердi жайғастыру, Тәуелсiздiк аланына асфальт төсеу).

Ауданда жас мамандарды қолдауға бағытталған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қаржылай көмекпен бiлiм беру саласы және денсаулық сақтау мамандары қамтылған.

2017 жылы 24 маманға 3,8 млн. теңге соммасында көтерме үстемақы ұсынылды және 8 маманға баспана сатып алу үшiн 23,8 млн. теңге соммасында несие берiлдi.

Аудан экономикасының негiзгi саласы — ауыл шаруашылығы саласы. Соңғы жылдардың iшiнде аудан агроөнеркәсiп кешенiн дамыту бойынша облыста жетекшi орын алуда.

2017 жылғы қаңтар-қараша айлар-ында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң жалпы көлемi 30032 млн. теңгенi құрады. Ауыл шаруашылық индексiнiң нақты жиынтығы өткен жылдың сәйкесенше кезеңмен салыстырғанда 106,3% құрады.

Ауданның ауыл шаруашылығының жетекшi саласы өсiмдiк шаруашылығы болып, оның құрылымындағы жалпы өнiмiнiң 78% астам бөлiгiн алады.

2017 жылғы 1 желтоқсан күнiне агроқұрылымдарының саны 262 бiрлiктi құрады, оның iшiнде ЖШС — 52 және 210 шаруа және фермер қожалықтары.

Барлық егiстiк алқабы: 144,4 мың га. дәндi дақылдар; 44,2 мың га. майлы дақылдар; 23,5 мың га. жемшөп дақылдары; 1,8 мың га. картоп; 0,5 мың га. көкөнiстер.

2017 жылы 143,1 мың га дәндi-дақыл жиналған, оның өнiмдiлiгi 22,3 ц/га. құрады. Майлы дақылдар 44,2 мың га. — 10,5 ц/га. 24,7 мың га. алаңында жемшөптiк дақылдар жиналды. 1,8 га. алаңында картоп жиналды, өнiмдiлiгi 138,8 ц/га. құрады, 0,5 га. алаңында көкөнiстер жиналды, өнiмдiлiгi 392,7 ц/га. құрады.

Ауыл шаруашылық өндiрiстi дамыту және индустрияландырудың негiзгi фактордың бiрi ретiнде агроөнеркәсiп кешеннiң техникалық қамтамасыз етуi болып табылады.

2017 жылы жалпы 2,6 млрд. теңге сомасына ауыл шаруашылық техникасының 106 бiрлiгi сатып алынды.

Өсiмдiк шаруашылығы белсендi дамуымен қатар, малшаруашылығы ауыл шаруашылықтың негiзгi салалардың бiрi болып саналады.

Аудан аумағында мал шаруашылығы саласында 47 шаруашылық жұмыс iстейдi, оның iшiнде 2 iрi ЖШС — «СҚ АШТС» ШҚ, «Леонов Я.П.», 5 орта — «Черкасское Агро» ЖШС, «Астраханское» ЖШС, «Салют» ЖШС, «Полтавское» ЖШС, К/Х «Шаймерденов Б.А.» және 40 шаруа және фермер қожалықтары бар.

2017 жылдың 1 желтоқсанға шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басының саны: 18,9 мың бас — IҚМ, оның iшiнде 8,7 мың бас сиыр, 17,2 мың бас — қой мен ешкi, 3,7 мың бас — жылқы, 9,5 мың бас — шошқа, 99,7 мың бас құс.

Мал басының ең көп бөлiгi, нақтырақ айтқанда IҚМ — 52,7%-ға , қой мен ешкi — 86,0%, жылқының 76,3%, 95,0% шошқа, құстың 97,0% үй шаруашылықтарында екенiн айта кету керек.

Сиырдың жалпы санынан 53,5% үй шаруашылықтарында ұсталады, 24,7% — ЖШС-де, 21,8% — ШҚ-да.

2016 жылмен салыстырғанда ЖШС құрамындағы сиыр басы 114,8%-ға артты.

Ауыл шаруашылығының барлық салаларын белсендi дамыту ауданның азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзiн құруға мүмкiндiк бердi.

2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндiру артып, 105% құрады (4599 тонна — 2017 ж.).

Сүт өндiру өткен жылғы деңгейге қарағанда 108,3% артты (30171 тонна — 2017).

Үй шаруашылықтармен 9 760 мың дана жұмыртқа өндiрiлiп — 115,8% өсiп.

2000 бас мал сатып алу бойынша жоспары құрылса, iс жүзiнде 2008 мал басы (оның iшiнде 52 бұқа) сатып алынды немесе жоспар 100,4% орындалды.

Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 34 бас iрi қара мал сатып алынды — 17,0%, «Құлан» бағдарламасы бойынша — 111 жылқы немесе 111% сатып алынды. 2020 қой немесе 101,0%, оның iшiнде «Алтын-Астық» бағдарламасы бойынша 80 бас қой немесе 32,0%.

Ауданда барлығы 1071,3 млн. теңгеге субсидиялар берiлдi, соның iшiнде 296,7 млн. теңге мал шаруашылығы, 774,6 млн. өсiмдiк шаруашылығына.

Мал шаруашылығы бойынша төрт ауыл шаруашылық өндiрiстiк кооператив құрылған (Аралағаш ауылдық округi: ӨК «СПК Габдулин А.О.» 27 сиырға 1 бас асыл тұқымды бұқа; ӨК «Тулепов Р.Д.» 50 бас сиырға 2 асыл тұқымды бұқа; Шағалалы ауылдық округi ӨК «ӘКК «Алдияр» 326 бас сиырға 11 бас асыл тұқымды бұқа; Полтавка ауылдық округi ӨК «ӘКК «Полтавка» 119 бас iрi қара малға, 4 асыл тұқымды бұқа). Есептiк жылында СПК «Мол ЛТД» ӨК-нiң бiр ауыл шаруашылық кооперативi — Смирново ауылында сүт қабылдау пунктi орналасқан.

Халықтан күнделiктi сүт сатып алудың көлемi 25 тонна құрайды, (сатып алуды 4 жеке кәсiпкер және «Салют» ЖШС жүзеге асырады, сүт қайта өң-деуге ЖШС «Ростан» ЖШС, «Молсервис» ЖШС және «Молочный союз» ЖШС тапсырылады) және 6 аудан шаруашылықтарымен («СҚ АШТС» ЖШС, «Леонов» ШҚ, «Салют» ЖШС, «Черкасское Агро» ЖШС, «Полтавское» ЖШС, «Шаймерденов» ШҚ) ай сайын 1, 2 және 3 санаттар бойынша 6 млн. теңге субсидия берiлетiн, шамамен 500 тонна сүт тапсырылды. 2017 жылы жалпы құны 700 млн. теңге болатын Рублевка ауылында 632 бас үшiн «Иван Зенченко» ЖШС сүт фермасының құрылысы басталды. Құрылыстың аяқталуы және мал сатып алу 2018 жылға жоспарланған.

Сонымен бiрге, 2017 жылы Ленинское ауылында «Шаймерденов Б.А.» ШҚ 1200 iрi қара мал шаруашылығына арналған сүт фермасын салуды бастады. Бұл жұмыстар үстемiзгi жылы аяқталады деп күтiлуде.

Тұқымдық түрлендiру «Ырыс» бағдарламасы бойынша 50 бас алуымен «Мол ЛТД» АШҚ қатысуы жоспарлануда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша келесi агроқұрылымдар мал сатып алуды жоспарлап отыр: «Айгерiм» АЖ 30 бас — IҚМ, «Черкасское Агро» ЖШС — 100 бас.

«Құлан» бағдарламасы бойынша «Қыдыбеков» ЖК 100 жылқы басын сатып алуды жоспарлап отыр.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша «ИвановкаАгроСевер» ЖШС 200 бас — ҰҚМ, 60 бас — IҚМ сатып алуды жоспарлап отыр.

2018 жылы ауыл шаруашылық кооперативiн кеңейтiп, «Мол ЛТД» ӘКК — сүттi қабылдау пунктi, сүттi қайта өңдеу желiсiн сатып алуды жоспарлап отыр.

Елiмiздiң индустриалды-иннова-циялық даму стратегиясының негiзгi мiндеттерi: өңдеу өнеркәсiпте дамудың орташа жылдық көрсеткiштерiне қол жеткiзу, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, өңдеу өнеркәсiптiң негiзгi фондтардың өнiмдiлiгiн арттыру.

2018 жылдың 1 қаңтарға Аққайың ауданының өндiру өнер-кәсiптiң көлемi 2952 теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 қаңтарға өнеркәсi-птiң нақты көлем индексi 104,3% құрады.

Өнеркәсiптiк өндiрiстiң шамамен 90,0% алатын, аудан өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымы негiзiнен өңдеу өнеркәсiппен ұсынылған.

Өңдеу өнеркәсiптiң көлемiнен 94,0% — үлесiн құрайтын немесе 2467,4 млн. теңге тамақ өнеркәсiбi, 6,0% алатын — машина жасау салалары өндеушi өнеркәсiптiң негiзiгi салалары болып табылады.

Аудан аумағында сүт өнiмдерiн шығаратын 1 кәсiпорын, 1 шұжық цехы, 1 диiрмен, 4 наубайхана, 1 ет өңдеу шағын цехы, 5 мал сою цехы орналасқан. 2017 жылдың 1 желтоқсанға 1586 млн. теңгеге азық-түлiк өнiм-дерi өндiрiлдi.

Қолданыстағы ұн тарту кәсiпорындар мен аудан цехтардың өндiрiстiк қуат жиынтығы жылына 3,5 мың. тонна, сүт өнiмдерiн шығарату көлемi жылына 576 тонна, нан және тоқаш өнiмдерi бойынша өндiрiс жылына 738 тонна, шұжық өнiмдерi 75 тоннаны құрайды.

Экономикада инвестиялардың маңызды рөл атқаратындығы баршаға мәлiм, олар аудан экономикасының қарқынды дамудың негiзгi фактiлердiң бiрi.

2017 жылдың қаңтар-қараша айларында инвестиция көлемi — 6690 млн. теңгенi құрады, соның iшiнде: кәсiпорынның меншiктi қаражаты — 4414,9 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттiң қаражаты — 243,5 млн. теңге, республикалық бюджеттiң қаражаты — 517,3 млн. теңге, қарыз қаражаты — 385,9 млн. теңге, банктiң кредиттерi — 1128,1 млн. теңгенi құрады.

Өткен жылдың деңгейiне қарағанда 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында негiзгi капиталға салынған нақты көлем индексi инвестициялары 71,9% құрады. Жеке инвестциялар 2 есе өстi.

Сонымен қатар, алдыңғы жылмен салыстырғанда республикалық бюджеттiң инвестициялары 21 есе қысқартылды. (Инвестициялардың төмендуi қаржыландыру сомасы 4325,0 млн. теңгенi құрайтын 2016 жылы жүргiзiлген республикалық трасса «Астана-Петропавловск» құрылысының аяқталуына байланысты).

Тауар айналымы

2017 жылдың қаңтар-қараша айларына бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 3067,4 млн. теңге немесе 2016 жылдың ұқсас кезеңiнiң 100,1% құрады. 2017 жылдың 1 қараша күнi жағдайына ауданда 817 салық төлеушi тiркелген.

Шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп тұрған субъектiлерiнiң саны — 657 бiрлiк немесе 99,8%.

2017 жылы «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының бiрiншi бағыты (моноқалалардың, шағын қалалардың және ауылдық елдi мекендердiң кәсiпкерлердiң жаңа бизнес-бастамаларын қолдау) бойынша 5 жоба мақұлданды.

«ПФ «Рубикон» ЖШС — 40 млн. теңгеге «егiс және егiн жинау жұмыстары үшiн айналым қаражаттың толықтыру» жобасы, 2 жаңа жұмыс орны ашылды (Қиялы а/о);

«Полтавское» ЖШС — 94,9 млн. теңгеге «Horsch Sprinter» тұқым сепкiштiң 2 бiрлiгiн сатып алу, 2 жаңа жұмыс орны ашылды (Полтавка а/о);

«Иван Зенченко» ЖШС — 2 өтiнiм мақұлданды:

  • 200 млн. теңге сомасына «ауылшаруашылық техниканы алу» жобасы, 3 жаңа жұмыс орны ашылды;
  • 300 млн. теңге сомасына «мал шаруашылығы кешенiн салу» жобасы, 20 уақытша жұмыс орны құрылды (Аралағаш а/о).

«Ростан» ЖШС — 59,9 млн. теңгеге «сүт өнiмдерiн өндiру үшiн айналым қаражатты толықтыру» жобасында 5 жаңа жұмыс орны ашылды.

Құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстың тиiмдiлiгiн айқындайтын негiзгi көрсеткiштердiң бiрi — тұрғын үйлердi пайдалануға беру.

(Жалғасы 2-бетте)

(Жалғасы. Басы 2-бетте)

2017 ж. 3000 ш.м. пайдалануға беру жоспарланса, жыл қорытындысы бойынша 3028 ш.м. көлемiмен тұрғын үй салынып, жылдық жоспардың 100,9% құрады.

Құрылыс аудан тұрғындардың және шаруашылық субъектiлердiң есебiнен жүзеге асырылды.

2017 жылы Смирново а. инженерлiк инфрақұрылымы бар, жалпы аумағымен 1870 ш.м. 18 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды, құрылыстың сметалық құны 501,9 млн. теңге

2017 жылы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмiмен аудан аумағында жылжымайтын мүлiктiң мекенжайын анықтайтын 496 анықтама берiлiп, 12 сәулет-жоспарлау шешiмi әзiрлендi.

Ел экономикасының кепiлдi және жеткiлiктi сумен қамтамасыз ету — бiздiң мемлекетiмiздiң басты басымдықтарының бiрi.

Ауданда сумен қамтудың негiзгi көзi топтық су құбыры болып табылады. Ауданның 32 елдi мекендерiнен 28 елдi мекенi (88%) Булаев топтық су құбырына қосылған. 3 елдi мекен (Безлесное, Сенное, Южное) суды ұңғымаларынан пайдаланады, ал Григорьевка ауылы ауыз суды шахталық құ-дықтан тұтынады.

Аудандағы елдiмекендердiң жалпы ұзындығы 372 шақырым орталықтандырылған жүйесiнен сумен қамтамасыз етуiн магистральдiк су құбарлардың Булаев басқармасымен және «Есiл су» «Казводхоз» РМК филиалымен жүзеге асырады. Ауыз су топтық су құбырына Смирново, Қиялы, Қызылағаштағы жалпы су қоры 5000 т.м. 3 сорғымен берiледi.

Қазiргi уақытта аудан бойынша су шаруашылығы объектiлерiнiң ке-лiсiлерi жұмыс iстейдi: 13 су айдайтын мұнара, 7 сорғы станциялары, 168,1 шақырым су құбырының таратушы желiлерi, жерасты суынан жергiлiктi сумен жабдықтаудың 3 объектi, 17 су тарату пунктi, 1 шахталық құдық.

2017 жылы жалпы ұзындығымен 27 шақырым Булаев топтық су құбырындың 2 учаскенiң қайта құрылыс жұ-мыстар жүргiзiлдi.

Есептi жылы су таратушы желiлердi сенiмгерлiк басқаруға беру үшiн тендерлер өткiзiлдi, барлық су тарату желiлерiнде жұмыс iстейтiн ұйымдарды анықтау жұмыстары аяқталды.

Тендердiң қорытындысы бойынша Смирново, Қиялы, Власовка, Шағалалы, Трудовое, Ивановка, Тоқшын, Черкас, Аққайың-Комсервис ЖШС, Полтавка ауылындағы «Полтавка» ЖШС, Астраханка ауылында «Астраханка» ЖШС, Ленинское ауылында «Дайындық» ЖШС және Аралағаш және Рублевка ауылдарында «И. Зенченко» 13 су шаруашылық нысаны сенiмгерлiк басқаруға берiлдi.

2017 есеп беру жылы Власовка және Қиялы ауылдарының су тарату желiлерiн қайта құру үшiн жобалық-сметалық құжаттар әзiрлендi. Сумен жабдықтау желiсiн қайта жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамалық сараптаманы өткiзгеннен кейiн бюджеттiк өтiнiм «2020 жылға дейiн ел өңiрлерiн дамыту» бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен қаражат бөлуге бағытталады.

2018 жылы Тоқшын ауылында су тарату желiлерiн қайта жөндеу туралы жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу жоспарлануда, осы iс-шара-ларды орындау үшiн аудан бюджетiнен 9,1 млн. теңге бөлiндi.

Жолдар

Ауданда автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы 387 шақырым:

  • 64 шақырым — республикалық маңыздылығы бар автомобиль жолдары;
  • 210 шақырым — облыстық маңыздылығы бар автомобиль жолдары;
  • 113 шақырым — аудандық маңыздылығы бар автомобиль жолдары.

2017 жылы Смирново ауылының көшелерiнiң және аудандық маңызы бар жолдарды қамту үшiн ауданның бюджеттен 10 миллион теңге бөлiндi, атап айтқанда, Смирново ауылының көшелерiнiң және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге — 5,2 млн. теңге және аудан жолдарың қысқы күтiмiне — 4,8 млн. теңге.

Сонымен қатар 4 млн. теңге жалпы сомасында бюджет қаражаты есебiнен ауылдық округтарда шөп шабу және елдiмекен iшiндегi жолдарды жөндеу жобасын жасау бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

«Аумақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберiнде 11,9 млн. теңге сомасына Смирново ауылының Пушкин, Гагарин, Морозов көшелерiн орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

Облыстық бюджеттен 11,9 млн. теңге сомасына «Кучковка ауылына келу жолы» және «Власовка ауылына келу жолы» аудандық манызы бар жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргiзiлдi.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеуiне 793,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлiндi, сонын iшiнде:

  • «Астраханка-Смирново-Қиялы-Тайынша-Алексеевка» КТ- 44 жолының 150,0 млн. теңге сомасына күрделi жөндеуi, мердiгер «Титан Север» ЖШС.
  • «Смирново-Полтавка-Ивановка» КТ-16 жолының 150,0 млн. теңге сомасына орташа жөндеуi, мердiгер «ДСТ СК» ЖШС .
  • «Астраханка-Смирново-Қиялы-Тайынша-Алексеевка» КТ — 44 жолының 258,0 млн. теңге сомасына орташа жөндеуi, мердiгер «ДСТ СК» ЖШС.
  • «Кирово-Қиялы-Рощинское» КТ-9 жолының 195,0 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеуi, мердiгер «Титан Север» ЖШС.
  • «Смирново-Трудовое-Тоқшын» КТ-45 жолының 40 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеуi, мердiгер «Титан Север» ЖШС.

Одан басқа, «Петропавл жолдары» ЖШС Смирново ауылынан бастап Қиялы ауылы бағыты бойынша 1140 м2 көлемiмен жол учаскесiнiң шұнқырлы жөндеу бойынша және «Смирново-Полтавка-Ивановка» КТ — 16 2500 м2 көлемiмен облыстық маңызы бар жолдарының бойындағы жиектердiң шөбiн шабу бойынша жұмыстар атқарылды.

«Дайындық» ЖШС өз қаражаттар есебiнен 9 шақырым ұзындығымен «Дайындық ауылына келу жолы» аудандық маңызы бар жолын жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

2018 жылға арналған Смирново ауылы көшелерiне және аудандық маңызы бар автомобилдi жолдардың күтiмiне 7,9 млн. теңге бөлiндi.

Облыстық манызы бар автомобилдi жолдарды жөндеуге облыстық бюджет қаражатынан 443,1 млн. теңге бөлiндi.

Жоспарлар:

  • 0,78 шақырым ұзындығымен «Ас-траханка-Смирново-Қиялы» КСТ-44 жолының бөлiгiнiң 105,7 млн. теңге сомасына капиталды жөндеу;
  • 0,32 шақырым ұзындығымен «Смирново-Трудовое-Тоқшын» КТ-45 жолдың бөлiгiнiң 40,7 млн. теңге сомасына капиталды жөндеу;
  • 0,97 км шақырым ұзындығымен «Смирново-Полтавка-Ивановка» КТ-16 жолдың бөлiгiнiң 111,7 млн. теңге сомасына капиталды жөндеу және 5 шақырым ұзындығымен «Кирово-Қиялы-Рощинское» КТ-9 жолдың бөлiгiнiң 185,0 млн. теңге сомасына орташа жөндеудi өткiзу жоспарлануда.

Iшкi маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарлануда, осы мақсаттар үшiн 51,2 млн. теңге бөлiндi:

  • Смирново ауылы, Суворова көшесiн 13 млн. теңге сомасына орташа жөндеу;
  • Смирново ауылынын зират бағытындағы жолдын 3,1 млн. теңге сомасына орташа жөндеу;
  • Смирново ауылы, Амангелдi кө-шесiн 11,2 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу;
  • Қиялы ауылы, Мира көшесiн 6 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу;
  • Тоқшын ауылы, Озерная көшесiн 5 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу;
  • Тоқшын ауылы, Лесная көшесiн 12,9 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу;

Абаттандыру

Есептiк кезеңiнде Қиялы ауылында жалпы шығыстары 2,3 миллионды құрайтын 5 апаттық ғимараттың бұзу жұмыстары жүргiзiлдi. Ауданда бұзуға жататын барлығы 65 тасталған объект орналасқан. 2017 жылы 18 нысанды бұзу жұмыстары жүргiзiлдi. Ағым-дағы жылы апаттық ғимараттарды бұзу жұмыстары жалғасатын болады.

«Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы шеңберiнде елдi мекендердi абаттандыру бойынша жалпы сомасы 11,6 млн. теңге құнымен бiрнеше жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда Черкасское ауылында сквердi жаңарту, Южное және Смирново ауылдарында балалардың ойын алаңдарын орнату, Ивановка ауылындағы балалар ойын алаңы, Трудовое және Полтавка ауылдарында ауылдық клубтарды абаттандыру және көгалдандыру, Астраханка ауылын көгалдандыру. Власовка, Ленинское, Тоқшын, Қиялы, Аралағаш және Смирново ауылдарында көшелердi жарықтандыру жобалары iске асырылды. Бұдан басқа, Смирново ауылы аланын 3,9 млн. теңгеге асфальтпен жабу жұмыстары жүргiзiлдi.

«Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы шеңберiнде ағымдағы жылы ауданның елдi мекендердi абаттандыруға 6,2 млн. теңге бөлiндi.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауында еңбек нарығының тиiмдiлiгiн қамтамасыз етiп, әрбiр адамның өз әлеуетiн iске асыра алуы үшiн жағдай жасаудың маңызы зор деп, ерекше атап өттi.

2017 жылғы 31 желтоқсанда ауданның экономикалық белсендi халқының саны 14463 адамды құрайды, жалдамалы жұмыс жасаушылар — 8704 адам, 5206 — өз iсiмен айналысушы, солардың iшiнде 3515 өнiмдi және 1661 өнiмсiз, жұмыссыздар — 553 адамды құрап отыр.

Жұмыссыздық деңгейi 4,9% құрады.

Аудандағы уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздардың үлесi 0,5% (66 адам) құрады.

Аумақтарды дамыту бағдарламасының аясында жұмыссыздықтың деңгейiн азайту үшiн ауданың еңбек нарығында қажеттi шаралар қолданылуда, 2017 жылы 2007 адам жұмысқа орналастырылды немесе жылдық жоспардын 156,9% (жоспар 1279) құрады, соның қатарында жаңа тұрақты жұмыс орындарына 762 адам орналастырылды немесе жоспардың 100%.

Арнайы әлеуметтiк қызметтердi көрсету

Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету, үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына сәйкес, 2017 жылы 320 азамат арнайы әлеуметтiк қызметтермен қамтылды (соның қатарында 293 қарттар, 11 I және II топтағы мүгедектер, 13 психоневрологиялық аурумен ауыратын балалар, 18 ден асқан 3 тұлға). Жылдың басынан бастап қызмет көрсетуге 55 адам қабылданды.

Медициналық — әлеуметтiк мекемеге 5 адам рәсiмделдi, оңалту орталығына 22 мүгедек жiберiлдi.

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек

Есептiк күнге атаулы күндер мен мерекелiк күндерге 449 адамға 7070,2 мың теңге соммасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Қиын өмiр жағдайына түскен кезде — 81 адамға 2,5 миллион теңге сомасына әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Мүмкiндiгi шектеулi жандардың өмiр сүру сапасын жақсарту

Ауданда 1015 мүгедек тұрады, соның iшiнде: мүгедек-балалар — 59 адам. (I топта 112 адам, II топта 339 адам, III топта 554 адам, арбадағы мүгедектер 100 адам, есту қабiлетi бұзылғандар 27 адам, көру қабiлетi бұзылғандар 86 адам).

2017 жылы көмекке мұқтаж мүгедектер келесi әлеуметтiк көмек қызметтерiмен қамтамасыз етiлдi:

  • Шипажайлық — курорттық емделумен — 13 адам;
  • протездiк — ортопедиялық құралдармен — 93 адам;
  • сурдотехникалық құралдармен — 3 адам;
  • кресло-арбалармен — 26 адам;
  • қозғалуға қиналатын жеке көмекшi қызметiн алушы 1 топтағы мүгедек-тер — 2 адам;
  • есту бойынша ымдау тiлiнiң қызметiмен — 4 адам;
  • арнайы гигиеналық құралдармен — 78 адам.

«Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» 84 қадамына сәйкес әлеуметтiк көмектi оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру тапсырмасы нақты көрсетiлген: «Әлеуметтiк көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берiлетiн болады. Кiрiсi төмен еңбекке қабiлеттi азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына белсендi қатысуы жағдайында ғана берiлетiн болады».

Заңда көрсетiлген жаңа тәсiлдердi қабылдау шеңберiнде, шартты ақшалай көмек көрсету бойынша әлеуметтiк келiсiм шарт негiзiнiң пилоттық «Өрлеу» жобасы жүзеге асырылады.

Еңбекке қабiлеттi азаматтардың қатарынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына 30 адам (отбасы) қатысты және отбасылардың белсендiлiгiн артттырудың әлеуметтiк келiсiм шарттары жасалды. Ауылдық аймақтарды абаттандыру бойынша 5 азамат қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылды, 24 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 1 адам қайта бiлiм алуға жiберiлдi.

2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмекпен 198 отбасы 858 алушыны қамту жоспарлануда.

Жаңа форматтағы АӘК аз қамтылған отбасыларға төленетiн қолданыста Бiрлестiрiлген үш әлеуметтiк жәрдемақы болып табылады:

  • атаулы әлеуметтiк көмек
  • 18 жасқа деiнгi балаларға берiле-тiн мемлекеттiк жәрдемақы
  • төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың кiрiстерiне қарамастан төленетiн арнайы мемлекеттiк жәрдемақы.

Жаңа форматтағы АӘК 2 түрге жiктелетiн болады: шартты және шартсыз ақшалай көмек.

Жаңа форматтағы АӘК қазiргi әлеуметтiк төлем түрiнiң ерекшелiгi, аз қамтылған азаматтарға немесе отбасыларға қолдау көрсетудiң бiр пакетте үш түрi бар:

  • Атаулы әлеуметтiк көмек төлемi
  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

Әлеуметтiк бейiмделу шаралары «Өрлеу» жобасының аясында атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң жаңа тәсiлдерi қабылданды және өз тиiмдiлiктерiн көрсеттi.

Жобаны жүзеге асыру кезеңiнде ауданда оның қатысушылары 30 отбасыға көбейдi құрамында 127 адам, жоспар бойынша 28 отбасы 114 адам немесе 107,1%.

Жобамен қамтылған АӘК және БМЖ алушылар iшiнде 102 адам және 23 адам алғашқы болып жүгiнгендер.

АӘК жаңа форматын жаңғырту бойынша ауданда дайындық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр.

2018 жылдын бастап атаулы әлеуметтiк көмек және 18 жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы алушы отбасыларды хабардар етумен АӘК жаңа форматы туралы түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.

Ақпараттық-насихаттық алып жүру жұмысының барысында Аққайың ауданының тұрғындары арасында 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек бойынша медиа әс-шара жоспары жасалды және бекiтiлдi.

Жаңа форматты талқылау бойынша ауылдық аймақтарға шығу кестесi құрылды, 2017 жығы 25 желтоқсанда барлық ауылдық аймаққа барып қайтылды.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек бойынша аудандық газеттерде әр ай сайын (7 мақала) жарияланады, «Өрлеу» жобасына қатысушылардың оңтайлы сәттерi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң сайтында орналасқан.

2018 жылы ауылдық тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша iс-шаралармен 12 ауылдық округтi, 32 елдi мекендi қамту жоспарлануда.

Жұмыссыздардың және өзiн өнiмсiз жұмыспен қамтыған халық саны 2046 адамды құрайды, қосымша iс-шара жоспарымен қамтуға — 1423 адам жоспарлануда, соның қатарында, бау-бақша шаруашылығын, мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, ара шаруашылығын жүргiзу бойынша.

Округ әкiмдерiмен алдын-ала жұмыс жүргiзу барысында ауыл шаруашылығын өндiрушiлермен 29 меморандум жасалды, немесе 70% жұмыссыздардың және өзiн өнiмсiз жұмыспен қамтыған халықтан 1125 өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматты қамту жоспарлануда.

Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауданда келесi жұмыстар атқарылған: 517 адам бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзiлген, оның iшiнде 433 жұмыссыздар (83,3%), өзiн-өзi қамтығандар — 84 адам (17%).

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша жоспар 151 адам болған жағдайда, оқуға 151 адам жолданған.

10 колледжбен оқытуға келiсiмшарт құрылған, 18 мамандықтар бойынша: автослесарь, электромонтер, электр газбен дәнекерлеушi, бухгалтер, механизатор, «В» санатының жүргiзушiсi , ЭЕМ операторы, аспазшы, кондитер, шаштараз, тiгiншi, автогрейдер жүргiзушiсi, автоэлектрик, маникюр бойынша шебер, хатшы-референт, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, экскаватордың тракторшысы, ағылшын тiлi курстары. Оқуды 120 адам аяқтаған, оның iшiнде 113 адам (94%) жұмысқа орналастырылған.

Жұмысқа орналастыру мәселесi бақылауда тұр, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты көлемiнде, республикалық бюджет қаражатынан 110,0 млн. теңге мөлшерiнде өз iсiн ашуға және кеңейтуге 29 кредит беру жоспарланған. 109,51 млн. теңге сомасында 31 кредит берiлген, оның iшiнде:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚОФ арқылы бағдарлама қатысушыларын 66,0 млн. тн. сомасына кредиттеу жоспарланған, қаржыны нақты игеру 76,2 млн. тн. (115,4%), 24 кредит берiлген. 80% мал шаруашылығын дамытуға, 20% қызмет көрсету саласына.

«Аққайың» Кредиттiк серiктестiгi ЖШС арқылы бизнестi кеңейтуге 7 кредит 33,1 млн. тг. мөлшерiнде берiлген. Қарызды кепiлдендiрудiң қатысуымен 2 кредит 12,2 млн. тг. Кепiл мөлшерi 50 немесе 6,1 млн. теңге. Есептi кезеңде кредит алушылармен 38 жұмыс орыны ашылған.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәр-демдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты шеңберiнде.

  • әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспары бойынша 16 адамды орналастыру қарастырылған, республикалық бюджеттен 4710,0 мың теңге бөлiнген.

30 жұмыс орны құрылды, 67,9 мың теңге (жұмыс берушiнiң мәлiмделген сомасының 23.8 мың теңгесi 35% мемлекеттiк субсидия).

  • Жастар практикасына жұмысқа орналастыру жоспары 11 адам, республикалық бюджеттен 3747,0 мың теңге бөлiндi. 18 адам жолданған.
  • уақытша қоғамдық жұмыстарға 265 адам жұмыссыздар қамтылған. Жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспары 231 адамды құрайды, жергiлiктi бюджет қаражатынан 11 449,0 мың теңге бөлiнген.
  • 2017 жылы ОҚО еңбек күшi мол аймақтарынан 15 отбасы қоныс аударушылар және 5 отбасы оралмандардың келуi жоспарланған. Республикалық бюджет қаражатынан 5734,0 мың теңге сомасына субсидия төлеу жоспарланған (79 415 теңге отбасының әр мүшесiне) тұрғын үйдi жалдауға 5734,0 мың теңге.

(Соңы 3-бетте)

(Соңы. Басы 2-бетте)

Нақты Аққайың ауданына 16 отбасы (65 адам) көшiп келген.

5 отбасы оралмандар келген.

Осы күнге 11 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлген (3 — ауыл шаруашылық саласына, 4 — бiлiм саласына, 2 — денсаулық сақтау саласына, 2 — басқа салаларға). Жеке қосалқы шаруашылықпен айналасуды 6 адам жоспарлайды, 7 — жұмыссыздар, 1 — зейнеткер, 2 — студент, 2 — бала күту бойынша, 6 — мектепке дейiнгi бала, 13 адам оқушылар.

Тұрғын үйдi жалға алуға (сатып алуға) — 5734,0 мың тг. Бөлiнген, 6 қоныс аударушылар отбасына тұрғын үйдi сатып алуға — 3185,6 мың тг., 3 оралмандар отбасына — 1470,3 мың теңге, 1 қоныс аударушы отбасына жалға алуға — 81,6 мың теңге.

2018 жылы республикалық бюджет қаражатынан жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау және қайта даярлауға 68 адам үшiн 29 346,0 мың теңге бөлiнген.

15 жұмыс орны жастар практикасы бойынша 5412,0 мың теңге көзделген,

15 әлеуметтiк жұмыс орынына 4683,0 мың теңге бөлiнген.

Өз бизнесiн ашуға және қолданыстағы бизнестi кеңейтуге шағын кредит алушылар саны 22 адам 57 000,0 мың теңге сомасын құрайды.

Еңбек күшi мол аймақтардан 58 отбасын көшiру жоспарланған:

  • жергiлiктi бюджет қаражатынан жұмыссыз азаматтар үшiн қоғамдық жұмыстар түрiнде 232 адам уақытша жұмыспен қамтуын,
  • 15 адам жұмыссыздардың кәсiптiк даярлауын және қайта даярлауын ұйымдастыру жоспарланған.
  • 17 әлеуметтiк жұмыс орындары.

«Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауында жетiншi мiндеттiң негiзгi қағидасы: адами капитал — жаңғырудың негiзi. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын бiлiм беру iсiнде өзiмiздiң озық жүйемiздi құруды жеделдету қажет.

Бiлiм беру бағдарламаларының негiзгi басымдығы өзгерiстерге үнемi бейiм болу және жаңа бiлiмдi меңгеру қабiлетiн дамыту болуға тиiс.

2019 жылдың 1 қыркүйегiне қарай мектепке дейiнгi бiлiм беру iсiнде балалардың ерте дамуы үшiн өз бетiнше оқу машығы мен әлеуметтiк дағдысын дамытатын бағдарламалардың бiрыңғай стандарттарын енгiзу қажет.

Орта бiлiм беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.

Бұл — мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелердiң саны — 23, онда 765 бала, оның iшiнде: Смирново селосында 140 орынға және Черкасское селосында 60 орынға 2 бала бақша; 21 мектепке дейiнгi шағын-орталық, онда 565 бала (толық күндi — 11, оның iшiнде — 265; толық емес күндi — 10, онда 300 бала) .

Балаларды мектепке деңгейдегi бiлiм беру ұйымдармен қамтамасыз ету: 1 жастан 6 жасқа дейiн — 70,2% (балалардың саны- 1090, қамтылғандар саны -765); 3-тен 6-ға дейiн — 100%.

2016-2017 оқу жылында мектеп жүйесiнде 24 мектеп болды (бастауыш — 5, негiзгi — 4, орта — 15).

Оқушылар контингенты — 2341оқушы.

2017-2018 оқу жылында мектеп жүйесi 23 бiлiм беру мекемесiнен құрылған: 4 — бастауыш мектеп (36 оқушы), 4 — негiзгi мектеп (146 оқушы), 15 — орта (2190 оқушы).

Барлығы қамтылған 2372 оқушы.

Мемлекеттiк тiлде — 4 мектеп, орыс тiлде — 15 және аралас — 4. Сыныптардың жалпы саны — 252 , оның iшiнде жинақ-сыныптар — 237. Аз жинақты мектепте бiр оқушыға — 793,5 мың теңге жұмсалады, толық жинақты мектепте — 404 мың теңге.

Ауданда 158 оқушы оқитын мектеп жанындағы 6 интернат бар.

6 мектеп жанындағы интернат 167 балалар апта сайын жеткiзiледi. (Шағалалы ОМ, Совет ОМ, Аралағаш ОМ, Власовка ОМ, Тоқшын мектеп-гимназиясы, Смирново №3 ОМ ) және Черкасс ОМ күнсайын (1 оқушы) жеткiзiледi.

Ауданда арнайы бiлiм қажеттiлiгiмен барлығы124 бала бар. Оның iшiнде — инклюзивтi топтарда МД-8; үйде оқытылады — 15.

2016-2017 оқу жылында аудан мектептерiнде — 497 мұғалiм, оның iшiнде жоғары бiлiмдi — 406 (81,6%), арнайы — орта бiлiмдi — 91 (18,3%). Жоғары санатты — 74, бiрiншi — 162, екiншi — 137, санатсыз — 124. Ағымдағы оқу жылында — 21 жас маман келдi.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетiм-балалар — 34, оның iшiнде қамқорлықта — 28 бала, патронаттық тәрбиеде — 6 бала, жетiм балалар үшiн мекемеде, ата-анасыз қалған балалар — 12.

Оқушылардың жазғы демалыстары «Оқжетпес» демалыс лагерi» МҚКМ өткiзiледi. Ағымдағы жазғы уақытта 1-10 сыныптардың 765 бала демалды. Аз қамтылған отбасыдан 225 жолдама алу үшiн жергiлiктi бюджеттен — 3 262,5 мың теңге бөлiндi.

Ауданның жалпы бiлiм беретiн мектептерде мектеп жанындағы алаңдардың жұмысымен 1270 оқушы қамтылды.

Жазғы уақытта жазғы демалыспен — 2035 оқушы немесе 85,6% қамтылды.

Ауданда 3 қосымша бiлiм беру мекеме (өнер мектебi, аула клубы, «Оқжетпес» демалыс лагерi) жұмыс iстейдi. Қосымша бiлiм берумен — 1445 оқушы немесе 72% қамтылды.

2017-2018 оқу жылына оқулықтарды және әдiстемелiк-оқу құралдарын алу үшiн жергiлiктi бюджеттен — 24,3 млн. теңге жұмсалды, оның iшiнде электронды оқулықтар — 2,0 млн. теңге, жалпы бiлiм пәндерi бойынша ағылшын тiлiнде оқулықтар алу үшiн (физика, химия, биология, информатика) 8-11 сыныптар үшiн — 1,0 млн. теңге жұмсалды.

Оқулықпен қамтамасыз ету — 100%.

Денсаулық сақтау

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев ағымдағы Жолдауда «Халықтың өмiр сүру ұзақтығының өсуiне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемi арта түсетiн болады.

Қазiргi денсаулық сақтау iсi қымбатқа түсетiн стационарлық емге емес, негiзiнен аурудың алдын алуға бағытталуға тиiс. Саламатты өмiр салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару iсiн күшейту керек» деп атап өткен болатын.

Ауданның денсаулық сақтау жүйесi келесi емдеу профилактикалық же-лiсiмен қамтылған:

  • 4 стационарлық бөлiмшесi 58 жататын орынға Аққайың орталық аудандық ауруханасымен және күнiне 250 келудi қамтитын емханасымен;
  • 4 дәрiгерлiк амбулаториясымен;
  • 6 ФАПпен;
  • 14 медициналық пунктiмен.

Ауданда 36 дәрiгер, 137 орта бiлiмдi медициналық қызметкер, 2017 жыл барысында ауданға 5 дәрiгер (2 жалпы тәжiрибедегi дәрiгер, 1 дәрiгер хирург, 1 дәрiгер терапевт, 1 дәрiгер анестезиолог) және 13 орта бiлiмдi медициналық қызметкер келдi. Сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында сенбi сайын емханада облыстан арнайы медициналық мамандар келiп, қабылдау жүргiзедi: офтальмолог, кардиолог, оталаринголог, дерматовенеролог, онколог.

2017 жылғы қаңтарға қарағанда 2017 жылғы 31 желтоқсан айына дәрiгер кадрларының тапшылығы азайды, ол 4 адамды құрайды: онколог/ маммолог, дерматовенеролог, отоларинголог, кардиолог.

2017 жылғы 10 айына туу көрсеткiшi — 12,74 құрады, 208 бала туды, 2016 жылғы 10 айында — 15,21%, 254 бала туды. Аудан бойынша бала туу көрсеткiшi 16,2% кемiдi.

Аудан бойынша қан айналымы жүйесiнiң ауруынан 100 мың ересек халқына — 3652,7% (597 жағдай) құрайды, 2016 жылға 100 мың ересек адамға — 3671,3% (612 жағдай).

2017 жылғы 11 айға қан айналымы жүйесiнiң ауруы бойынша скринингтiк тексеру жоспары 100% орындалып, 2779 — тексерiлдi қан айналымы жүйесiнiң ауруымен — 144 (5,2%), облыс бойынша — 4,0% 6 диспансерлiк есепте — 133 (92,4%)

Аудан бойынша 100 мың ересек халқына ми қан айналымының жiтi бұзылуы ауруының көрсеткiшi — 214,1% (35 жағдай), былтырғы жылға қарағанда 10,8% төмен, 2016 жылға — 100 мың ересек халқына 240,0 (40 жағдай).

2017 жылғы 11 айына 2016 жылғы осындай мерзiмiмен салыстырғанда онкологиялық аурулар 1,6% төмендедi, 293,6% дан 288,8% ға дейiн (облыстық көрсеткiш — 284,2%).

Онкологиялық ауруларды ерте алдынан анықтау 2016 жылы 64,4% дан 2,3% ға көбейдi, 2017 жылы 66,7% дейiн, облыс бойынша 66,8%.

2017 жылғы 11 айына ауруды ерте анықтау 40 науқаста, 60 жаңадан байқалған жағдайынан, 2016 жылғы 11 айында — 38 науқаста, 59 жаңадан анықталған жағдайдан. Өткен жылға қарағанда 2017 жылда травмалық өлiмiнiң болуы 16, 3% төмендедi, және келесiнi құрады:

Аудан көрсеткiшi — 100 мың ересек халқына немесе 27 жағдайға — 164,75%

2016 жылға — 197, 02% немесе 33 жағдайға.

2017 жылғы 11 айына ОАА тәулiк бойындағы стационарында — 1837 адам емделдi. (2016 жылы 1763 адам)

2017 жылы өлiм 1,3 (2016 ж.) ден 0,9 (2017 ж.) дейiн төмендедi.

2017 жылғы 11 айына ОМСК бойынша дәрiгерлерiнiң жiберулерi бойынша тәулiк бойындағы стационарға 1336 аурулар немесе 72,7% түскен, КДЕ дәрiгерлерiмен жiберiлгендер — 173 (9,4%), ЖМК мен жеткiзiлген сырқаттар — 165 (9,0%), өз беттерiмен жүгiнгендер — 163 аурулар (8,9%).

Жоспарлы ауруханаға жаткiзу тәртiбiнде 544 ауру немесе 29,6% барлық ауруханаға жатқызылғандардан (2016 жыл-31,3%). Жоспарлы ауруханаға жатқызудың 1,7% төмендеуi белгiлендi.

2017 жылғы 11 айына 202 операция жасалды, оның iшiнде жоспарлысы — 56 (27,8%), шұғыл — 146 (72,7%). Жалпы хирургиялық белсендiлiк — 40,8% құрады (2016 жыл — 42,9%), жоспарлы хирургиялық белсендiлiк — 33,9%, шұғыл хирургиялық белсендiлiк — 35,8%.

2017 жылы стационарды ауыстырушылық көмегiн 1180 адам алды (2016 жылы — 1102 адам), оның iшiнде аурухана жанында күндiзгi стационар жағдайында 295 адам.

(2016 ж. — 280 адам), амбулаторлық — емханалық ұйымдар жанында 851 адам (2016 ж. — 784 адам), үйдегi стационарда 34 адам (2016 ж. — 38 адам).

Мәдениет

Салт-дәстүр және мәдениет — бұл ұлттың генетикалық коды. Мәдениет әлеуметтiк жаңғыртудың маңызды компоненттi болып есептеледi, заманауи адамның қалыптасуына және дамуына әсер етедi.

Бұл талантты және қабiлеттiлiктi дамуға және аңықтауға, сондай-ақ, жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк бередi.

Ауданда 34 мәдениет объектiлерi бар, оның iшiнде:

(19 клубтық мекеме, 9 мемлекеттiк және 10 жеке клубтық мекеме, 15 кiтапхана, оның iшiнде 14 мемлекеттiк «Аққайың ауданы Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» КММ кiредi және 1 жеке).

2017 жылда мәдениет мекемелерi ашты өз есiктерiн халыққа айқара ашты: Дайындық ауылында — кiтапхана («Дайындық» ЖШС), бос уақытты өткiзу Орталықтары Астраханка ауылында («Астраханское» ЖШС) және Степное («СҚ тәжiрибе станциясы»).

Мәдениет объектiлерiмен қамтамасыз етiлуi 59,4% құрайды (2016 жылы 50%). Мемлекеттiк мәдениет мекемелерiнiң үлесi — 70,6%. Кiтапханалармен қамтамасыз етiлуiнiң пайызы 2016 жылда 43,6% құрады, 2017 жылда — 46,9%.

2017 жылда сала бойынша бюджет 115017,0 мың. теңге құрады. Музыкалық аппаратураны, компьютерлiк техниканы және т.б. сатып — алу үшiн аудан бюджет есебiнен 2017 жылда материалдық — техникалық базасын нығайтуға — 9425,9 мың. теңге бөлiндi.

Халық шығармашылығы ұжымдарының жұмысы белсендi жүргiзiледi. Әрбiр АК және АМҮ жанында аудандарда және облыста өткiзiлетiн iс-шараларға белсендi қатысатын үйiрмелер бар.

Мәдени — бос уақыт өткiзу мекемелерiнiң жанында 561 адамды қамтитың 54 клубтық құрамалар бар.

2017 жылда аудан мәдениет мекемелерiменн 2095 iс-шара өткiзiлдi: аудан кiтапханаларында — 675 iс-шара, АК және АМҮ — 1410, халықтың қамтылуы 96575 адам құрады.

ҚР Президентi Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Туған жер» iс-шаралар Жоспары бекiтiлдi. Барлық iс-шаралар қазақстандық бiрiгейлiктi және бiрлiктi нығайтуға, Мәңгiлiк ел жалпы ұлттық патриоттық идеяны жүзеге асыруға, жаңа қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеуге бағытталған.

Ауданда тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Ауыл шаруашылығы субъектiлерi қаражаты есебiнен 24 ескерткiштердiң және обелисктердiң ағымдағы және кұрделi жұмыстары жүргiзiлдi.

Аудандық орталық кiтапхана негiзiнде қоғамдық бастамасында тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс iстей-дi.

2018 жылға қойылған басым мiндет аудан клубтық мекемелерiн кәсiби кадрлармен толықтыру және жергiлiктi бюджет есебiнен мәдениет қызметкерлерiнiң қаржыландыруын толық мөлшерлемеге дейiн көбейту және бюджеттен тыс қаражаттарды тарту, клубтық құрамының санын көбейту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шара-лардың сапасын арттыру.

2018 жылда Рублевка ауылдық Мәдениет үйiн қалпына келтiруiн аяқтау және Астраханка ауылындағы мәдениет үйiн салуын бастау жоспарланған.

Барлық қоғам өмiрiнiң саласында мемлекеттiк тiлдi қолдану үшiн жағдай жасауға бүгiнгi күннiң ажырамайтын талабы болып есептеледi.

Барлық iс-шаралар мемлекеттiк тiлдiң ұлттық бiрлiктi нығайтудың маңызды факторы ретiнде дамуының басымдылықта негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiгiн қанағаттандыруына бағытталған.

Мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша облыстық Орталығы Смирново ауылы ересек азаматтардың мемлекеттiк тiлдi меңгеруi бойынша инфрақұрылымдық базасы болып табылады.

2017 жылда облыстық бюджет қаражатынан бөлiнген, азаматтық қызметкерлердi мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша тегiн 2 топ ұйымдастырылды, оларда 32 тындаушы оқытылады және ағылшын тiлiн үйрену бойынша 1 топ мемлекеттiк қызметшiлер. Ауданның мекемелерiнде және ұйымдарында 811 оқырман қамтитын қазақ тiлiн үйрену бойынша 65 үйiрме ұйымдастырылды.

Мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша мемлекеттiк қызметшiлер үшiн 3 топта сабақтар жүргiзiледi, оларда 49 мемлекеттiк қызметшi оқытылады. Ау-дандық қаражат есебiнен жыл сайын 533,0 мың. теңге бөлiнедi.

Қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бағалауы үшiн 2017 жылда «Казтест» жүйесi бойынша тестiлеудi 204 тындаушы өттi, мемлекеттiк тiлдi өте жақсы бiлгендiгiн растайтын 68 маман сертификат алды.

Мемлекеттiк тiлде iс қағаздарын жүргiзу — аудан мемлекеттiк органдарының күн сайынғы жұмыстың негiзгi мақсаты. 2016 жылда iс қағаздарын жүргiзу салыстырмалы салмақ 94,5% құраса, 2017 жылы 97,2% құрайды.

2018 жылға барлық аудан тұрғындары арасында мемлекеттiк тiлдi насихаттау, сондай — ақ ағылшын тiлiн үйрену басымдық болып қалады.

Бұдан басқа, қазақ тiлi әлiпбиiнiң кириллицадан латын графикасына көшiру және тiл саясат сұрақтары бойынша ауқымды түсiндiру — насихаттау жұмыстары жүргiзiледi.

Спорт

Бүгiнде Аққайың ауданында дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысатын 5700 адам, пайыздық қатынаста 29,3% құрайды.

Аудан спорттық базасы 139 спорттық құрылыстар есептеледi, оның iшiнде:

- 8 стадион, 19 хоккей корты, 1 шаңғы базасы, 2 ату тирi, 17 спорт залы, 83 жазықты ғимарат, дене шынықтыру және спортпен айналысу үшiн 10 бейiмделген үй-жайлар.

Ауданында спорт қызметкерлерiнiң жалпы саны 47 адам құрайды. Ауданда БЖСМ жұмыс iстейдi, онда 28 оқу топтарында 380 оқушы айналысады. Балалар — жасөспiрiмдер аулалық клубы 708 оқушы контингентiмен.

Ауданда барлық спорттық-бұқа-ралық жұмыстар күнтiзбелiк жос-парына сәйкес өткiзiледi. Ағымдағы жылдың басынан 38 спорттық — бұқаралық iс-шаралар 5700 адам қатысуымен өткiзiлдi.

2017 жылғы 26-29 қыркүйек аралығында Ғ. Мүсiрепов ауылының Новоишимское ауылында өткiзiлген Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президентi — Елбасының сынақ тесттерi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысының чемпионатында бiздiң ауданымыздың командасы 3 жалпыкомандалық орын алды. Ауданда СӨС-тi насихаттау бойынша бағдарламасы әзiрлендi. Биылғы жылы БАҚ-да 29 баптары жарияланды. Ауданымызда спорт залдарында барлық халықтың топтары дене шынықтыру және спортпен айналысу үшiн кешкi уақытта және демалыс күндерi жұмыс кестесi әзiрленген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшiн желiлiк кесте бойынша 9 спорттық — бұқаралық iс-шара өткiзу жоспарлануда. Сонымен қатар, Смирново ауылының орталық стадионда көшедегi жаттығу құрылғылары орнатылған. Өткен жылы Шағалалы, Полтавка, Черкас, Власовка, Астраханка, Ленинское, Тоқшын ауылдарында жетi стадиондар қайта жаңартылды. Полтавка, Черкасское ауылдарында 2 шағын — футбол алаңдары орнатылған. Смирново №2, №3 ОМ базасында 2 хоккей корты салынды.

Ауданда мүгедектер-спортшыларға назар салынады. Оларға қарттар және мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат үйiнде дешынықтыру залы пайдалануға берiлген. Мүгедектер-спортшылар құрама командасы облыс «Надежда» спартакиадасының тұрақты қатысушы, бiрнеше рет жеңiмпазы және жүлдегерi. Ауданның құрама командасы облыстық, республикалық, әлемдiк және халықаралық жарыстарға қатысады.

Ағымдағы жылы Аққайың ауданының құрама командасы барлық облыстық спартакиадаларға және әртүрлi спорт түрлерi бойынша жарыстарға қатысты:

«Север» қысқы мерекесi — 4 орын,

«Надежда» спартакиадасы — 1 орын,

Ұлттық спорт түрлерi бойынша спартакиадасы — 6 орын,

«Ақ-бидай» жазғы спорттық мерекесi — 9 орын,

Әйелдер спартакиадасы — 9 орын.

2017 жылғы Ұлттық спорт ойындардың қорытындысы бойынша бiздiң ауданымыз 4 жалпыкомандалық орынға иелендi.

2018 жылы келесi бағыттар бойынша жұмыс iстеу жоспарлануда:

- дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адамдар санының артуы;

- қазақ күресiнен секциясын ашылуы;

- 2018 Ұлттық спорт ойындарының жүлдегерлерiне кiру.

Құрметтi аққайыңдықтар!

Бiздiң ауданымызда 12 этномәдени бiрлестiктерде көрсетiлген, 30 астам ұлт пен этностың өкiлдерi тату өмiр сүредi. Олар үстiмiздегi жылы ауданымыздың 90 жылдығын атап өтiп, Аққайың ауданының дамуына өз үлесiн қосады деген сенiмдемiз.

Осы баяндамада көрсетiлгендей, бiздiң алдымызда әлеуметтiк-эко-номикалық дамудың барлық ба-сымдықтар бойынша өте маңызды және ауқымды мiндеттер тұр. Осы мiндетердi жүзеге асыруы ауданның жарқын келешектiң кепiлi.

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев 10 қаңтар күнi Қазақстан халқына «Төртiншi өнер-кәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауындағы қойған мiндеттердi жүзеге асыруға интеллектуалды және экономикалық әлеуетi жоғары Аққайың ауданы да өз үлесiн қосатындығына мен кәмiл сенемiн.

Дата публикации
02 октября 2020
Дата обновления
02 октября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы