Аққайың ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылғы қорытындысы және 2020 жылға арналған жоспарлары туралы
Құрметті жерлестер!
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының есепті кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан тұрғындарымен кездесулерді өткізу дәстүрге айналды. Кездесулердің мақсаты – елімізде өткізіліп жатқан реформалары жайлы, мемлекеттік органдар қызметтерінің ашықтығы, тұрғындарды мемлекеттік басқару үдерісіне тарту жайлы хабардар ету.
2019 жылдың 2 қыркүйегінде Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын ұсынды, онда бес бағытты атап өтті: 1. Замануа тиімді мемлекет; 2. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 3. Дамыған инклюзивті экономика; 4. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі; 5. Мықты аумақтар – мықты ел.
Біздің жалпы міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы сұрауларына шұғыл және тиімді әрекет ететін «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын өмірге айналдыру. Заманауи геосаясаттың мәніне құрылған үйлесімді мемлекетті тек ғана билік пен қоғамның тұрақты түрде сұхбаттасуы арқылы құруға болады.
Заманауи, тиімді мелекетті құратындардың бірі – халықпен тиімді кері байланыс жасау. Қоғамдық сұхбат, ашықтық, халықтың мұқтаждығына шұғыл әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдығы болып табылуда. Былтырғы жылы мен және мемлекеттік органдардың басшылары азаматтардың 345 өтінішін қарастырдық.
Азаматтардың құқтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік басқарудың маңызды міндеті әрдайым болып табылды. 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің күшін көрсететін құралы ретінде полиция бейнесі тарихқа кетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға қызмет көрсету бойынша органына айналады.
Ауданның жергілікті полиция қызметінің негізгі бағыттары құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуы болып табылады.
Аудан экономикасы қарышты дамып келеді. Біздің мақсатымыз – нарық институттарын және мемлекет рөлін тұрақтандыратын механизмдерінің толық дамуын қамтамасыз ету.
Былтырғы жылдан бері елімізде «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда – бұл бағдарлама бизнесмендер үшін жеңілдікпен несие алуды қарастырады. Бағдарлама аумақтарда әр түрлі тауарлардың өндірісін дамытуғға қолдау көрсетуде. Аталған бағдарлама арқылы қолданыстағы өндірісті дамытып, сондай-ақ жаңадан өндірістерді құруға несие алуға болады. Ол біздер үшін қарапайым қол жетерлік өндірісті дамытуды қарастырады. Атап айтқанда, біз күнделікті қолданатын заттар. Әдеттегі заттар – бірінші қажеттілікті заттар. Аумақтардың ерекшеліктерін есепке ала отыра бағдарлама жақсартылуда. Бүгін салықтары жеткіліксіз кәсіпкерлер «Даму» кәсіпкерлік дамуының қорына кеплідік алу үшін жолыға алады. Несие сомасынан 50%-ға дейін айналым қаражатын толықтыру қаржыландырылуының мөлшері ұлғайтылды. Сонымен қатар, несие қаражатын алуға өндірісіне жаңа тауарлар бағдарламаға енгізілді. Бұл тауарлар агроөнеркәсіп секторына жатады. Біздің ауданымызда аталған бағдарламаны «Симаргл» ЖШС (252,0 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жобасына несие берілді), «Галеев» ЖҚ (ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға Аграрлық несие корпорациясы арқылы 12 млн. теңге сомасына несие берілді) және «Баянды СК» ЖШС (ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 60 млн. теңге берілді) қолданды.
«Шағын, ерекше макро-бизнес, ел өмірінің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөлге ие» бірінші кезете ауылдық жергілікте тұрақты жұмыс орындарын құру және жұмыссыздардың санын қысқарту.
Бөлшектеп сауда жасаудың нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-қарашасына 107,6% немесе 3903,2 млн.теңгені құрды.
2019 жылдың 1 желтоқсанына әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 715 бірлік (заңды тұлғалар – 99 бірлік, жеке кәсіпкерлер – 354 бірлік, шаруа қожалықтары – 262 бірлік) немесе 2018 жылдың деңгейіне 105,3% (2018 жылдың 1 желтоқсанына әрекет ететін ШОБ саны - 679), тіркелгендердің санынан әрекет ететіндердің үлесі 89,0% (803 бірлік тіркелген).
Ауданымызда кәсіпкерлік дамуының үздіктері бар. Біз барлық қоғамымызбен шағын бизнесті қолдауымыз қажет.
Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы жылдың қаңтарынан микро және шағын бизнес компаниялары үш жылдық мерзімге кірістердің салығын төлеуден босатылды, сондай-ақ микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым енгізіліді.
Сол уақытта біз тұтунышылар мен азаматтардың алдындағы жауапкершілікке ие болатын бизнесіміздің адалдығы мен заңға бағынушылықты болатынына сенім білдіреміз. Мораторийдің әрекеті уақытында өздерін-өзі үйлестіретін, қоғамдық бақылау құралдарын белсендіру керек.
Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ ол толық көлемде қолданылмайды.
Біз елімізде ғана емес, сондай-ақ шетелде де органикалық және экологиялық таза өнімдерін өндіру үшін маңызы зор әлеуетіне иеміз. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2019 жылдың 1 желтоқсанына 35 650,2 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексі былтырғы жылдың деңгейіне 95,1%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2019 жылдың 11 айына инвестициялар 8 182 850 мың теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкесті кезеңіне 131,6%-ды құрады, олардың ішінде меншікті қаражат сомасы 6 129,535 млн. теңгені құрады.
Аудан бойынша 2019 жылы барлық егістік көлем 203,9 мың га. құрды. Дәнді дақылдар және бұршақ дақылдардың көлемі 146,5 мың га., соның шінде бидай 105,5 мың га. Майлы дақылдар 40,6 мың га. көлемінде орналастырылды, жем дақылдарының көлемдері 14,0 мың га. құрады. 2019 жылдың астығына 27,6 мың тонна көлемінде тұқым, соның ішінде дәнді және бұршақ дақылдар 21,9 мың тонна, майлы дақылдар 1,4 мың тонна, жем 0,05 мы тонна себілді.
Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қойылған 5,4 мың тонна минералды тыңайтқыштарды жоспары бойынша 76,2 мың га. көлемінде 5,9 мың тонна көлемінде минералдық тыңайтқыштар сатып алынды және себілді.
2019 жылы аудан бойынша 145,7 мың га. көлемінде дәнді дақылдар мен бұршақ дақылдары жиналды, аудан бойынша астық өнімділігі – 20,2 ц/га құрады. 39,6 мың га. көлемінде майлы дақылдар жиналды, аудан бойынша астық өнімділігі – 9,0 ц/га құрады.
2019 жылы 2877,0 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасының 112 бірлігі сатып алынды (17 трактор, 8 егістік кешені, 16 астық жинау комбайны, 31 астық себу құралы, 40 ауыл шаруашылығының жабдығы).
Аудан аумағында мал шаруашылығы саласында 48 шаруашылық әрекет етуде, олардың «СҚ АШТС» ЖШС, «Леонов Я.П.» ШҚ, «Астраханское» ЖШС, «Салют» ЖШС, «Полтавское» ЖШС, «Шаймерденов Б.А.» ШҚ, «Черкасское Агро» ЖШС, «Иван Зенченко» ЖШС және 40 шаруа және фермерлік шаруашылығы.
Асыл тұқымды 8 шаруашылық ұстауда («Салют» ЖШС, «СҚ АШТС» ЖШС, «Черкасское Агро» ЖШС, «Леонов Я.П.» ШҚ, «Шаймерденов Б.А.» ШҚ, «Карымсаков С.Н.» ШҚ, «Гердт В.В.» ШҚ, «Иван Зенченко» ЖШС).
2019 жылдың 1 желтоқсанына барлық санаттағы шаруашылықтарының ауыл шаруашылығы мал басы мынадай:
2018 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда:
ет өндірісі (барлық санаттары) былтырғы жылдың кезеңімен салыстырғанда ұлғайтылып, 101,8%-ды құрады (4 804,27 тонна - 2019 жылы, 4 721,4 тонна – 2018 жылы);
сүт өндіру былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 106,4%-ға ұлғайтылды (31 531,3 тонна - 2019 жыл, 29 644,6 тонна – 2018 жыл).
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Шаймерденов Б.А.» ШҚ Австриядан ІҚМ симментал тұқымының 581 басын сатып алды (қысыр – 391 бас, тайша – 150 бас).
Ауданымызда 2019 жылдың 1 желтоқсанына ІҚМ төлдейтін мал басы 9141, олардың 1236 тұқым алмастырылуда.
2019 жылы Лесной ауылдық округінде «Шаймерденов Б.А.» ШҚ 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы аяқталды, Ивановка ауылдық округінде «Ивановка Агро Север» ЖШС ІҚМ 400 басына арналған сүт-тауар фермасының құрылысын аяқтауда.
Жыл сайын көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау негізгі салалардың ұтымды дамытуына әсер етуде – өсімдік және мал шаруашылықтары.
Жалпы 2019 жылдың 11 айына аудан бойынша 1 744,2 млн. теңге субсидиясы беірлді, соның ішінде:
өсімдік шаруашылығына 566,5 млн. теңге бөлінді, олардың 240,7 млн. теңге сомасы гербицид құнын арзандатуға;
асыл тұқым сатып алудың құнын арзандатуға 76,0 млн. теңге;
минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға құнын арзандату үшін 249,8 млн. теңге;
мал шаруашылығын дамытуға 643,9 млн. теңге сомасында несие берілді, соның ішінде сүт өндірісіне 187,2 млн. теңге, ІҚМ сатып алуға 209,7 млн. теңге;
жем-шөп бағасын арзандату үшін 238,7 млн. теңге, қоғамдық мал бағуға 4,1 млн. теңге, бұқаларды семіртуге 3,2 млн. теңге;
жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алудың құнын арзандату үшін 533,8 млн. Теңге бөлінді (инвестициялық құралдар).
2020 жылға арналған ауыл шаруашылығының алдын ала егістік құрылымдарының көлемі 203,6 мың га құрайды. Дәнді және бұршақ дақылдардың көлемі 158,7 мың га құрайды, соның ішінде 122,6 мың га. Майлы дақылдар 30,5 мың га көлемінде орналастырылады, жем-шөп дақылдар 11,6 мың га көлемінде орналастырылады. Кәртоп көлемі
37,1 мың га 2,3 мың ганы құрайды. 2020 жылдың егістігіне 140 мың га сүдігер мен сүрі жер дайындалды.
2020 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Шаймерденов Б.А.» ШҚ симментал тұқымды ІҚМ-ның 200 басын, «Карымсаков С.Н.»ШҰ ет тұқымды ІҚМ-ның 50 басын және Ивановка ауылдық округінде «Камилла» ЖК ет фермасын ашуды жоспарлануда.
Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімділігін жақсартпай ауыл тұрғындарының жақсы өмір сүруі мүмкін емес екенін атап өтті. Елбасының «Ауыл- Ел бесігі» атты арнайы жобасын жүзеге асыру әлі де жалғасын таппақ. Алдымызда шағын ауылдарды қамтамасыз ету сынды үлкен мәселе тұр.
Тірек және спутниктік ауылдық елді мекендерде қолданылатын аймақтық стандарттар жасалды. Осы мақсаттар үшін Үкімет өткен үш жыл ішінде 90 миллиард теңге, ал алдағы жылға қосымша ретінде 30 миллиард теңге бөлді. Аталмыш бағдарлама аясында 37 млн. 287 мың теңгеге Смирново ауылындағы «Балапан» ясли-балабақшасына, 35 млн. теңге көлемінде «Киялы» дәрігерлік амбулаториясына, 37 млн. теңгеге Тоқшын ауылындағы дәрігерлік амбулаторияларына, сондай-ақ, 93 млн 105 мың теңгеге аудандық ауруханасы ғимаратының 1 және 3 қабаттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Білім сапасын арттыру - әлеуметтік жаңғыру жаңа кезеңінің бірінші бағыты болып табылады.
Аққайың ауданындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны балалардың интеллектуалды және эмоционалды дамуына қолайлы жағдай жасауға, олардың физикалық және психикалық дамуын сақтауға және нығайтуға бағытталған.
2019 жылдың 1 маусымынан бастап мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою, оларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау және бірінші сыныпқа қабылдау үшін автоматтандыру жүйесі енгізілді.
2019 жылғы 11 желтоқсанда Киялы мектебі мен Смирново №1 орта мектебінде 25 адамға арналған толық күндік екі шағын орталығы ашылды.
Ағымдағы оқу жылында ауданда білім беру ұйымдарында өзгерістер болды, Смирново №2 орта мектебі Смирново мектеп-гимназиясы болып қайта құрылды.
Инклюзивті тәжірибені жүзеге асыра отыра мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау үшін мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатыр.
Жұмыс істеп тұрған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен қатар, 2019 жылдың желтоқсан айында Смирново №1 орта мектебінің базасында аутистикалық спектрлі инклюзивті білімді қолдау орталығы ашылды.
Білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы жыл сайын жақсарып келеді. Жаңа ақпараттық технологиялар мен қатар ғаламтор-ресурстары қолданылады. Бүгінгі таңда аудандағы 22 мектептің барлығы ғаламтор желісіне қосылған, 20 мектеп Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілген.
Ауданның барлық мектептері Bilimland білім беру платформасына (желі – 4, онлайн - 22), бірыңғай Kundelik KZ ақпараттық жүйесі және ұлттық білім беру базасына (NLB), Akartu KZ қосылған.
2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша мектепті 81 түлек аяқтады, 48 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, бұл жалпы бітірушілер санының 59% құрайды. Аудан бойынша орташа ұпай 81,3 құрады. Ауданның 3 мектебінің түлектері (Тоқшын МГ, Смирново МГ, Власовка ОМ) өздерінің білімдерін растап, «Алтын белгі» белгісін алды.
2017-2018, 2018-2019 оқу жылындағы ҰБТ қорытындылары бойынша біздің аудан жүйелі түрде аудандар арасында облыста 2 орынға ие болды.
Білім беру нысандарын жөндеуге қомақты қаржы бөлінді. Сонымен қатар 10 нысанды жөндеуге 424 миллион теңге бөлінді. Олар: Рублевка орта мектебі (ғимараттың күрделі жөндеу), Астраханка орта мектебі (ғимараттың күрделі жөндеу), Совет орта мектебі (ғимараттың күрделі жөндеуі), Ивановка орта мектебі (терезе блоктары мен жабдығын ауыстыру), Киялы орта мектебі (терезе блоктарын ауыстыру), Шағалалы орта мектебі (терезе блоктарын ауыстыру), Черкасский орта мектебі (терезе блоктарын ауыстыру), Түмен негізгі мектебі (терезе блоктарын ауыстыру және шатырды күрделі жөндеу), Аралағаш орта мектебі (шатырын ауыстыру, қасбеттік жабындылар), «Балапан» ясли-балабақшасы (сантехниканы ауыстыру, 1 қабаттың еденін жөндеу, есіктерді ауыстыру).
Дайындық ауылында «Дайындық» ЖШС басшысының демеушілігімен 30 млн. теңгеге спорт залы пайдалануға беріліп, 28 млн. теңге сомасында мектеп күрделі жөндеуден өтті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлт денсаулығын нығайту мәселелеріне де ерекше назар аударуда. Барлық жас топтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды орын алады.
Балаларға арналған спорттық инфрақұрылымның барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет.
Бұқаралық дене шынықтыруды дамыту пирамидаға айналуы керек, оның үстіне жаңа чемпиондар пайда болады, соның негізінде біз дені сау, белсенді жастар және, сайып келгенде, күшті ұлт боламыз.
Бүгінгі таңда Аққайың ауданында 5748 адам жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануда, бұл облыс халқының 29,5% құрайды.
Ауданда 135 спорт нысаны бар. Оның ішінде: 8 стадион, 17 хоккей корты, 83 жалпақ құрылым (25 волейбол және 24 баскетбол алаңы, 32 табиғи алаңы бар футбол алаңы және 2 жасанды беткейлі шағын футбол алаңы), білім беру мекемелеріндегі 17 спорт залы, 8 бейімделген үй-жай және Смирново ауылында 1 ашық алаңдағы жаттығу кешені.
Ауданда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар, онда 28 оқу топтарында 389 оқушы оқиды (футбол, шайбалы хоккей, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, еркін күрес, коньки тебу, ауыр атлетика) және балалар мен жасөспірімдер клубыда 718 оқушы қосымша білім алуда (дене тәрбиесі, бейнелеу өнері, тоғыз-құмалақ, би, техникалық шығармашылық, қол күресі, гір көтеру, волейбол, үстел теннисі, футбол, туризм, көркемөнер және қолөнер, шаңғы жарысы, қазақ күресі, конькимен жүгіру, баскетбол, волейбол, домбыра).
Аудандағы барлық бұқаралық спорт жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі. Ағымдағы жылдың басынан бері 69 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 5748 адам қатысты.
Біздің алдымызда Смирново ауылында фитнес-орталық кешенін салу міндеті тұр.
2020 жыл «Еріктілер» жылы деп жарияланды. Өзекті міндетіміздің бірі - азаматтардың, әсіресе жастардың, оқушылар мен студенттердің іс-шараларға қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру. Бұл біздің азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды бөлігі. Бүгінгі таңда ауданда келесі мемлекеттік мекемеге кірмейтін ұйымдар тіркелген және олар өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар: «Аққайың ауданының белсенді жастары» қайырымдылық қоры; «Аққайың ауданының кәсіпкер әйелдері одағының» қоғамдық бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы», «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі, Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Аққайың аудандық филиалы,«Қазақстандық кәсіптік білім және ғылым қызметкерлерінің Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»қоғамдық бірлестігі, «Мемлекет банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық ұйымы және 4 діни бірлестік.
Медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. 2019 жылы ауданға 8 дәрігер келді, оның ішінде 7 жас маман (терапевт - 1, хирург - 1, жалпы практика дәрігерлері - 4, педиатр - 1) және онколог. Бүгінгі таңда учаскелік дәрігерлердің саны - 12 (жалпы дәрігер - 11, педиатр - 1). Аудан халқына сапалы медициналық көмек көрсету үшін сенбі сайын аурухананы аймақтық мекемелердің тар мамандары, функционалды диагностика дәрігері, кардиолог қабылдайды.
Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін 2019 жылы 7,2 млн. теңгеге жабдықтар сатып алынды (балаларға арналған 2 импульстік оксиметр 1 және балалар мен терапевтикалық бөлімдерге 1 ересек адам, төсек мониторы, 10 таблетка, 2 жылыту қазандығы).
2017 жылдан бастап Аққайың АЕО KМИС бағдарламасын жүзеге асырады. Бүгінгі күні нысандарды электронды форматқа біртіндеп көшіру үшін жұмыс орындары 100% компьютерлермен жабдықталған. Ауданның барлық медициналық ұйымдары ғаламторға қосылған (аудандық аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 14 медициналық пункт).
«Денсаулық» Жол картасы бағдарламасын іске асыру нәтижесінде оң динамика байқалады. 2019 жылы нәрестелер мен аналар өлімі жоқ.
Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім деңгейі 4,8% төмендеді. 2019 жылдың соңғы 10 айында 29 іс - 184,75, 2018 жылдың дәл осы кезеңінде - 31 іс, бұл көрсеткіш 193,98. Аймақтық көрсеткіш - 202,79.
Туберкулез ауруы азайды. 2019 жылға - 8 іс, 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 42,4 көрсеткіш - 17 іс, индикатор 88,8. Аймақтық көрсеткіш - 57,5.
Жарақаттанудан, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім 9,9%-ға азайды. 2019 жылдың 10 айында - 23 іс, 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 146,53 көрсеткіш - 26 іс, 162,69 көрсеткіш. Аймақтық көрсеткіш - 107,81.
Қатерлі ісіктерден болатын өлім деңгейі 2019 жылдың 11 айында 100,8 немесе 19 жағдайды құрады, 2018 жылдың дәл осы кезеңінде 77,7 немесе 15 жағдайды құрады. Көрсеткіш 29,7%-ға (немесе 4 жағдайға) өсті. Көрсеткішті төмендету жоспарлануда, бұл халыққа скринингтік тексеруден және 65 жастан асқан адамдарды емдеумен қамтудың ең жоғары деңгейіне байланысты.
2019 жылдың 10 айының қорытындылары бойынша 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда ауданда БСҚ-дан болатын өлім-жітім көрсеткіші 193,98-ден (2018 жылдың 10 айы) 184,75-ке (2019 жылдың 10 айы) 4,8% төмендеді.
Ауданда 2016-2020 жылдарға арналған инсульттің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, жүзеге асырылуда. Дәрігерлер мен фельдшерлерге арналған оқыту семинарлары өткізілді. Инсульт орталығымен өзара әрекеттесу арқылы инсультпен ауыратын науқастардың қозғалыс бағыттарының сызбасы жасалды.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданда 35 дәрігер жұмыс істейді, оның 7-і ауруханада, 5-і дәрігерлік амбулаторияларда және 23-і дәрігерде және 131 фельдшер. Дәрігерлердің жетіспеушілігі 2 бірлікті құрайды - Киялы ауылдық округіне жалпы практика дәрігері, кардиолог.
Біздің ферма басшыларының шетте қалмайтындығы қуантады. Желтоқсан айында Полтавка ауылында «Полтавское» ЖШС есебінен салынған жаңа медициналық орталық пайдалануға берілді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Осыған орай менің айтпағым: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қолдайды. Өз кезегінде МӘМС-ты енгізу медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыруға арналған.
«Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мәдениет саласы қызметкерлерін қолдауға ерекше назар аударылған. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру туралы тапсырма берілді.
Ауданымызда 35 мәдениет объектісі бар, соның ішінде 20 клубтық мекеме, ол 9 мемлекеттік және 11 жеке меншік клубтық мекеме, 15 кітапхана, оның - 14-і «Аққайың ауданының орталықтандырыған кітапхана жүйесі» КММ құрамына енетін мемлекеттік кітапхана болса, 1-і жеке меншік.
Мәдениет объектілерімен қамтылу 59,4% құрайды (19 елді мекенде мәдениет ошақтары бар).
Мемлекеттік кітапханалардың қоры 5148 дана баспа бірлігімен толығып, 129,1 мың бірлікті құрады, соның ішінде мемлекеттік тілде 47,8 мың бірлік.
Есепті жылы 3 көркемөнерпаз ұжымы «Халықтық» (үлгілі) атағын қорғады, олар – Власовка ауылдық округінің «Мрия», Лесной ауылдық округінің «Ностальжи» вокалдық топтары және Полтавка ауылдық округінің «Хуторок» балалар аспаптық ансамблі.
Мәдени-бос уақыт мекемелерінің құрамында 566 адамды қамтыған 56 клубтық құрылым қызмет етеді.
Ауданымыздың көркемөнерпаздар ұжымдары аудандық және облыстық шараларға ғана қатысып қоймай, халықаралық конкурстар мен фестивальдерге де қатысады.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және дамыту мақсатында орталық аудандық кітапхана негізінде қоғамдық тарихи-өлкетану мұражайы әрекет етеді. Оның қорында 670-тен астам экспонат бар. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» кіші бағдарламасы аясында Жансүгір батыр кесенесі Солтүстік Қазақстан облысының мінәжат жерлерінің тізіміне енгізілді.
Өткен жылы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасына ауданның шаруашылық етуші субъектілерінің басшылары белсене қатысып, 128,4 млн. теңге сомасына 36 жоба жүзеге асырылды.
2020 жылдың бастамашыл мақсаты – клубтық құрылымдардың санын арттыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру.
Халықты әлеуметтік қорғау елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың негізгі құрамдас бөлігінің бірі.
Халықты жұмыспен қамту бойынша ауданымызда 2019 жылы өткізілген шаралар 1542 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, соның ішінде 659 адам жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі 5% құрады.
Осы бағыттағы тиімді тетіктерінің бірі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылдаы.
Бағдарламаның үш бағытымен ауданымыздың 735 адамы қамтылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 12 мамандық бойынша (электр-газ балқытушы, бухгалтер, механизатор, «В» санатты жүргізуші, ЭЕМ операторы, аспаз, кондитер, шаштараз, автоэлектрик, маникюр шебері, электрик, бульдозердің тракторшы-машинисті) 92 адам оқытылды.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша АШҚҚҚ АҚ арқылы 210,5 млн. теңге сомасына 60 несие, «Аққайың НС» ЖШС арқылы 108,2 млн. теңге сомасына 12 несие берілді.
«Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша 158 адам оқытылды. Оқуды аяқтағандардың ішінен 102 адам бизнес-жобаларын сәтті қорғап, 33 адам шағын несие және 45 адам грант алды.
Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында 95 қатысушыға 31,3 млн. теңге сомасына грант берілді.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша 43 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 15 адам аяқтап, тұрақты жұмыс орындарына орналастырылы. 2019 жылдың 1 шілдесінен жастар тәжірибесіне 26 адам бағытталды.
Үстіміздегі жылдың басынан «жұмыссыз азаматтар» санатынан уақытша жұмыспен 249 адам қамтылды. 238 адам қатысуын аяқтап, 165 адам жұмыспен қамтылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 47 адамға 45,9 млн. теңге сомасына қолдау көрсетілді, соның ішінде 35 маман 8,1 млн.теңге сомасына көтерме жәрдемақы алса,
12 маманға 37,8 млн. теңге сомасына тұрғын үй алу үшін несие берілді.
Қазақстан Республикасының Қаулысына сәйкес Аққайың ауданына 2019 жылы 52 қоныс аударушы отбасын (190 адам) қабылдау квотасы жеткізілді. Өткен жылы бұл тапсырма орындалды.
2019 жылы аудан бойынша 454 отбасына, нақты айтқанда 2020 адамға (соның ішінде 1171 бала) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Төлемнің орташа көлемі 11593 теңгені құрады. 2018 жылғымен салыстырғанда төлем мөлшері 4 есе артты (2816,3 теңге). Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары қабылданды: 51 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 3 адам қысқа мерзімді курстарға, 9 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
2019 жылы 705 адам атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек алды, 90 адам қиын өмірлік жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алды.
Қарамағында мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше назар аударылуы тиіс.
Ауданымызда 1288 мүгедек жандар тұрып жатыр, соның ішінде мүгедек-балалар – 77 адам. 2019 жылы мұқтаж мүгедектер келесі әлеуметтік көмек түрлерімен қамтылды: санаторлық курорттық емделумен (12 адам), арнайы гигиеналық (112 адам), процездік-ортопедиялық (78 адам), сурдотехникалық (3 адам), тифлотехникалық (19 адам) құралдармен қамтылды, кресло-арбалар берілді (22 адам), қозғалысында қиындығы бар I топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің, есту бойынша мүгедектерге ымдау тілі мамандарының қызметі ұсынылды.
Медициналық-әлеуметтік мекемеге 3 адам ресімделді, 24 мүгедек оңалту орталығына жіберілді. Мүмкіндіктері шектелген 14 балаға үйде оқыту шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жалғыз басты қарт адамдар мен мүгедек балалар да ескерусіз қалмайды. 2019 жылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді көсету стандарттарына сәйкес үйдегі әлеуметтік көмек көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік көмекпен 739 азамат қамтылды. 67 әлеуметтік қызметкер аталған санаттағы азаматтарға тұрақты негізде көмек көрсетіп тұрады.
2020 жылға арналған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған шараларды жүзеге асыру (соның ішінде қайта даярлау курстарына, жастар тәжірибесіне бағыттау және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына бағыттау, кәсіпкерлік негіздеріне үйрету, шағын несие беру, оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдау және орналастыру), атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру, мүгедектер мен қарт азаматтарды оңалту шараларымен және әлеуметтік қызметпен қамту.
Президентіміздің «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының негізгі бастамаларының бірі – бұл инфрақұрылымды дамыту. Таза ауыз суына, көлік инфрақұрылымына қолжетімділіктің әр түрлі деңгейі анықталды. Осы теңсіздікті жою бойынша жұмысты қарқындату тапсырылды. Тапсырманы орындау аясында өткен жылы Власовка ауылында 165 млн. теңге сомасына су құбырларын қайта құру бойынша жұмысы аяқталды. Тоқшын ауылында 927491 мың. теңге сомасына және Қиялы ауылында 351682 мың. теңге сомасына су тарату құбырларын қалпына келтіру басталды. Аталған жұмыс осы жылы аяқталады.
12 млн. теңгеге Қаратомар ауылындағы, 11 млн. теңгеге Тюменка ауылындағы су тарату желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2019 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді:
«Рублевка ауылына кіреберіс жол», ұзақтығы 300 м;
«Тоқшын ауылына кіреберіс жол», ұзақтығы 2 шақырым;
«Черкасское-Новороссийское», ұзақтығы 7 шақырым;
«Ленинское ауылына кіреберіс жол», ұзақтығы 5 шақырым;
Смирново ауылы Труд көшесінің бөлігіне ағымдағы жөндеу, ұзақтығы 500 м., Народная көшесінің бөлігіне ағымдағы жөндеу, ұзақтығы 400 м.
Облыстық бюджеттен облыстық маңызы бар «Омбы тас жолы-Тоқшын», ұзақтығы 6 шақырым жолын орташа жөндеуге қаржы бөлінді. Облыстық маңызы бар «Смирново-Полтавка» автокөлік жолының ұзақтығы 11 шақырым бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық маңызы бар «Смирново-Қиялы» автокөлік жолының ұзақтығы 3 шақырым бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді.
2020 жылы Аралағаш, Дайындық, Ленинское ауылдарына кіреберіс жолдар мен Смирново ауылы бес көшесінің жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында өткен жылдың желтоқсанынан ауданымызда «ашық әкімдіктің» жұмысы ұйымдастырылды, онда әр түрлі салаларда мамандарының кеңесін алуға болады.
Өткен жылы біз ауданның жүйелі түрдегі де, күнделікті өмірде жаңадан пайда болған да ахуалдарын қарастырдық.
2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан және ауылдық округ әкімдерінің халықпен 30 кездесуі өтті, оларға 3 мыңнан астам адам қатысты. Кездесу барысында 121 сұрақ келіп түсті, оның 32 сұрағы бақылауға алынды.
Осы жылдан бастап өңірлердің қарауына шағын және орта бизнестен түсетін қосымша салықтар беріледі. Барлық деңгейлерде бюджеттік үдерісті ұйымдастыру қайта қаралады. Тұрғындарды жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатыстыру осы жұмыстағы басты рөлді алуы тиіс.
Аудан бюджеті 2019 жылы 4973,8 млн. теңгені құрады, 684,4 млн. теңге өз кірістеріміз түсті.
Ауданда «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» әрекет етеді, оның аясында 19,6 млн. теңге сомасына 11 жоба жүзеге асырылды (Шағалалы, Ленинское, Аралағаш, Қиялы, Астраханка, Смирново ауылындарында көше жарығын орнату және жолдарды жөндеу. Власовка, Камышлово, Полтавка, Черкасское ауылдарында балалар ойын алаңын орнату).
Құрметті аққайыңдықтар!
Аз жұмыс атқарылған жоқ, алайда өсу және даму, өмір сапасын арттыру жолында Сіздермен бірге атқарар жұмысымыз әлі де көп. Алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізу үшін бірге, жұмыла отырып еңбектенуіміз қажет.
Назарларыңызға рақмет!
Аққайың ауданының әкімі Р.М. Елубаев