Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттiк қызметтiң имиджiн арттыру мақсатында 2017 жылдың 19 мамыры Аққайың ауданы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiмен аудан мектептерiнiң түлектерiмен кездесу өткiзiлдi. Кездесу барысында мемлекеттiк қызметке орналасу мәселесi бойынша түсiндiрме берiлдi.

Мемлекеттiк қызметкердiң имиджiн қалыптастыру

Мемлекеттiк қызмет — бұл мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы лауазымдық өкiлеттiктерiн мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған қызметi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi қоғамдық процестердi реттеуге, мемлекеттiң бiртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн iске асыруға бейiмделген.

Мемлекеттiк қызмет үшiн беделдiң, яғни имидждiң қызметтiк және мәртебелiк маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенiм деңгейiнiң көрсеткiшi және қоғамның басқарушылық қызметтiң, мемлекет жүргiзiп жатқан өзгерiстердiң тиiмдiлiгiне берген бағасының критерийi болып табылады. Ол мемлекеттiк органдар әрекеттерiнiң нақты әлеуметтiк топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үмiттерiне сәйкестiк дәрежесiн белгiлейдi. Сондықтан бедел азаматтардың мемлекеттiк органдарға қатысты мiнез-құлқын едәуiр негiздей отырып, қоғамның мемлекеттiк қызметтi және оны реформалау бағдарламасын қолдау деңгейiн анықтайды. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiн қалыптастыру аталған әлеуметтiк институттың тиiмдi қызмет етуiнiң және дамуының, сондай-ақ мемлекеттiк орган қызметi мен мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi шарты болып табылады.

Қазiргi уақытта мемлекеттiк қызмет беделiн арттыру қажеттiгiне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда.

Бедел, яғни имидж (ағылшын тiлiнiң image сөзiнен) — тұлғалардың белгiлi бiр тобына эмоционалды-психологиялық ықпал етуге бейiмделген мақсатты қалыптастырылатын бейне, образ (тұлға, ұйым, құбылыс бейнесi).

Мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiн қалыптастыру — күрделi әрi көп уақытты алатын үрдiс.

Мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiн қалыптастыру үрдiсiнiң өзi атқарушы билiктiң беделдiк саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiне қойылатын негiзгi ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп Кодексiнде белгiленген.

Сонымен, мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiк, моральдiк-этикалық бейнесiне ерекше талаптар қояды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшi — мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Мемлекеттiк қызметшiнiң өзi жоғары моралдiк жауапкершiлiк, кәсiптiк бiлiм, оны тәжiрибеде қолдана бiлу, әдiлдiк, адалдық, белсендi өмiрлiк позиция, патриоттық сезiм сияқты қасиеттерге ие болып, мемлекеттiк қызметшiнiң моралдiк бейнесi болуы тиiс.

Тәртiптiк терiс қылық жасағаны, оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп Кодексiн бұзғаны үшiн, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңының 44-бабына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiге мынадай жазалаулар: ескерту, сөгiс, қатаң сөгiс, қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту, атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә. Назарбаевтың өткен «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзiнен.

Мемлекеттiк қызметшi мынадай этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиiс:

  1. Мемлекеттiк қызметшi билiк пен өз өкiлеттiктерiн қолдана бiлуi және адал болуы керек.
  2. Мемлекеттiк қызметте өз қамы үшiн емес мемлекеттiк игiлiгiне жұмыс iстеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
  3. Шенеунiк «Қандай қаражатқа өмiр сүресiң?» деген сұрақтан қорықпай өмiр сүруi тиiс, яғни өзiнiң зәулiм сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдiк маркалы көлiктерiнiң суреттерi жариялануына негiз болмауы керек.
  4. Мемлекеттiк қызметшi заң талаптарымен толық сәйкестiкте өмiр сүруi керек.
  5. Кез келген орында, кез келген лауазымда, қандай жағдай болса да халықтың, өз елi азаматтарының сенiмiн жоғалтпай жұмыс iстеуi керек.
  6. Қазақстандық мемлекеттiк қызметшi әдiлдiктiң, қарапайымдылықтың үлгiсi болып, адамдар арасында өзiн ұстай бiлуi керек.
  7. Мемлекеттiк қызметшi ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына бiлудi үйренуi, өз қызметкерлерiнен талап етiп отырғанын өзi орындай бiлуi керек.
  8. Егер мемлекеттiк мүддесiне нұқсан келiп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерiн көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
Дата публикации
30 сентября 2020
Дата обновления
30 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы