1. Жалпы ережелер
1. Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң осы Регламентi (бұдан әрi — Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды iске асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2010 жылғы 27 сеуiрдегi № 976 Жарлығына және басқа Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленедi.
2. Регламент мына тәртiптердi реттейдi:
3. Регламент мақсаты мыналар болып табылады:
4. Әкiмдiк Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне енедi, ауданның даму мүддесi мен сұраныстарын астастыра отырып, жалпы мемлекеттiк атқарушы билiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.
5. Әкiмдiктi аудан әкiмi басқарады. Әкiмдiк құрамын аудан әкiмi, аудан әкiмiнiң орынбасары, әкiм аппаратының басшысы, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы бiрiншi басшыларынан калыптастырады.
Әкiмдiк мүшелерiнiң саны аудан әкiмiмен айқындалады.
Әкiмдiктiң дербес құрамы аудан әкiмiнiң ұсынымы бойынша аудандық меслихат сессиясының шешiмiмен бекiтiледi.
6. Әкiмдiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республиксындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-езi басқарутуралы» Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен және осы Регламентпен реттеледi.
7. Аудан әкiмiнiң аппараты (бұдан әрi — аппарат) әкiмдiктiң қызметiн ақпараттық-талдауды, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуiн iске асырады.
8. Әкiмдiктiң iс қағаздарын жүргiзу және әкiмдiкке түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрленетiн және аудан әкiмi (бұдан әрi — әкiм) бекiтетiн тәртiппен iске асырылады. Kipiс хат-хабарларды қабылдау және шығыс хат-хабарларды жөнелту электрондық құжат айналымы жүйесi, сондай-ақ өзге де түрлерi арқылы iске асырылады.
9. Белгiленген үлгiдегi бланкiлер тек мемлекеттiк тiлдегi хат-хабарларды ресiмдеген кезде ғана қолданылады. Қажет болған жағдайда актiлердiң орыс тiлiндегi нұсқасы бланкiлердi қолданусыз қоса берiледi
2. Жұмысты жоспарлау
10. Әкiм орынбасарлары мен аппарат басшысы әкiмдiкке және әкiмнiң қарастыруына енгiзiлген осы Регламентпен белгiленген нормативтiк құқықтық актiлер жобалары өту тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
11. Тiзбе әкiмдiк мүшелерi және аппараттың құрылымдық бөлiмшелер басшылары, жергiлiктi атқарушы органдар ұсыныстары бойынша ұйымдастыру-инспекторлық құрылымдық бөлiмше жасайды. Тiзбе аудан әкiмi орынбасарымен, аудан әкiмi аппаратының басшысымен, ұйымдастыру-инспекторлық құрылымдық бөлiмше басшысымен, мемлекеттiк-құқықтық мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше басшысымен келiсiледi.
Тiзбе жыл сайын 10 желтоқсанға дейiн аудан әкiмiмен бекiтiледi.
12. Бекiтiлген — тiзбе әкiмдiк мүшелерiне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар басшыларына, селолық округ әкiмдерi аппараттарына және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.
13. Әкiм тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде жоспарланған мәселенi тiзбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.
3. Әкiмдiктiң мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi
14. Әкiмдiктiң отырыстарына дайындықты және өткiзу аудан әкiмi аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық құрылымдық бөлiмшесiмен iске асырылады;
15. Әкiмдiк мәжiлiстерi айына бiр реттен кем өткiзiлмейдi және оны аудан әкiмi шақырады. Қажет болған жағдайда аудан әкiмi әкiмдiктiң шұғыл отырысын шақырады.
16. Әкiмдiктiң мәжiлiстерiне әкiм, ал ол болмаған жағдайда, әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.
17.Әкiмдiктiң мәжiлiстерi, әдетте, ашық болып табылады және мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
Қажет болған жағдайда, жекелеген мәселелер әкiмдiктiң жабық мәжiлiстерiне қаралуы мүмкiн, сондай-ақ әкiмдiктiң көшпелi отырыстары өткiзiлуi ықтимал.
18. Әкiмдiк мәжiлiсi, егер оған әкiмдiк мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды саналады.
19. Әкiмдiк отырысында мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады.
Қаулы әкiмдiктiң қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
20. Әкiмдiк отырыстарына аудан әкiмiмен келiсiлген — тiзбе бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары, селолық округ әкiмдерi сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары және өзге лауазымды тұлғалар кеңес дауыс құқығымен қатыса алады.
21. Аппараттың және жергiлiктi атқарушы органдардың әкiмдiк отырыстарында қаралуға тиiстi мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып iске асырылады:
22. Аудан әкiмi аппаратының басшысы әр айдың 6eci күнiне дейiнгi мерзiмде ұйымдастыру-инспекторлық құрылымдық бөлiмше ұсынған әкiмдiк мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады. Әкiмдiк мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн аудан әкiмi бекiткеннен кейiн ұйымдастыру-инспекторлық құрылымдық бөлiмше ай сайын онына дейiнгi мерзiмде бөлiмше басшысы бекiткен тарату көрсеткiшiне сәйкес күн тәртiбiн әкiмдiк мүшелерiне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етедi.
Аудан әкiмдiгiнiң кезектен тыс мәжiлiс өткiзу кезiнде ұйымдастыру-инспекторлық құрылымдық бөлiмше аудан әкiмi бекiткен күн тәртiбiн мәжiлiске үш күн қалғанда бөлiмше басшысы бекiткен тарату көрсеткiшiне сәйкес әкiмдiк мүшелерiне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етедi.
Тиiстi органдар материалдарды уақытында ұсынбаған жағдайда, аппарат басшысы бұл туралы әкiмге немесе оны алмастыратын тұлғаға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
Шұғыл түрде әкiмдiк мәжiлiс өткiзген кезде қаралатын мәселелер жөнiндегi материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн, болмаса үштен екi белгi қағидасын сақтай отырып, әкiмдiк мүшелерiне сауалдама жүргiзу жолымен қабылданады.
23. Әкiмдiк мәжiлiсiне қатысатын лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердiң атауы және мән-жайы, талқылау кезiндегi баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлер (қажет болған жағдайда — олардың сөйлеген сөздерiнiң, ескертулерiнiң негiзгi мазмұны) және әкiмдiк мүшелерi қабылдаған қаулы көрсетiлетiн хаттама жүргiзiледi. Мәжiлiстерде қарастырылатын мәселелердi талқылау электронды ақпарат тасымалдаушыларға жазылады.
Ұйымдастыру-инспекторлық құрылымдық бөлiмше әкiмдiктiң мәжiлiсi аяқталған күннен бастап бес күн мерзiмде хаттаманы рәсiмдейдi, оған аппарат басшысы, әкiмдiкте мәселелердi қарау құзыретiне енетiн аудан әкiмiнiң орынбасары бұрыштама қояды және мәжiлiсте төрағалық етуге қол қояды.
Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға реттiк нөмiрлер берiледi. Қаулыларда көрсетiлген және аудан әкiмдiгi мәжiлiсiнiң барысында берiлген тапсырмалар тiкелей орындаушыларға, басқа да мүдделi органдар мен лауазымды тұлғаларға жiберiледi. Таратудың тiзбесiн жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше басшысы бекiтедi.
Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшеде сақталады.
Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа өткiзiледi.
4. Аудан әкiмдiгiнiң және әкiмнiң актiлерiнiң жобаларын дайындау және ресiмдеу тәртiбi, шығарылған актiлер мониторингi
24. Тиiстi қаулы қабылдау үшiн әкiмдiк атына жiберiлетiн ұсыныстар атқарушы органдармен мына мәселелер бойынша енгiзiледi:
25. Аппарат және жергiлiктi атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 719 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерiмен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын ресiмдеу және келiсудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысына, осы Регламентке сәйкес әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын (бұдан әрi — жобалар) дайындауды iске асырады.
Мүдделi органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған жобалар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады.
Жобаның келiсу парағыңда «ескертулермен» деген белгi болған жағдайда, бiрiншi басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған келiспеушiлiктер туралы қажеттi түсiндiрмелер анықтама қосылады.
Жазбаларды әзiрлеуге қатысушы органдар арасында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, қаралып отырған мәселелердiң мән-жайы құзыретiне кiретiн әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысымен кеңес шақырылуы мүмкiн.Келiспеушiлiктер жойылған жағдайда сәйкес орган белгiленген мерзiмде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселелер бойынша келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, ақтық шешiм қабылдау үшiн аудан әкiмiнiң орынбасары, аппарат басшысы ол туралы аудан әкiмiне болмаса, оны алмастыратын тұлғаға хабарлайды.
26. Жобалардың уақтылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмдiкке белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң бiрегейлiгiне оны әзiрлеудi iске асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапкершiлiк тартады.
27. Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келiсiледi
28. Жобаны әзiрлеушi жобаның барлық мүдделi атқарушы органдармен келiсiлуiн ұйымдастырады.
Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың түскен және тiркелген сәтiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
Әкiмнiң, әкiм орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдар басшылары немесе кеңестегi (мәжiлiстегi) олардың орынбасарлары жобаға бұрыштама қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды тұлғалар жобаға өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды.
Жобаны келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеулермен келсiсуден бас тартуға тиiс емес.
29. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша әзiрлеушiге бiрiншi басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн ұсынуы тиiс:
30. Келiсудiң мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi жобаның түпкiлiктi нұсқасына мүдделi органдардың барлық ұсыныстарын жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте түпкiлiктi нұсқаны дайындау үдерiсiнде әзiрлеушi өзi келiскен, атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды.
Қажет болған жағдайда, әкiмнiң, әкiм орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мүмкiн.
31. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiгiн, әлеуметтiк экономикалық салдарын, ол қабылдаған жағдайда, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржылық шығыстар негiзделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдiктiң және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.
Мемлекеттiк органның басшысы-жобаны әзiрлеушi екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағыңа алдын ала қол қоюы тиiс.
32. Жобаны әзiрлеушi жобада бұрын бiр мезгiлде қабылданған актiлердi қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру бойынша норма кездейдi және нақты орындалу мерзiмiмен тапсырмалар тұжырымдайды.
33. Әзiрленген (пысықталған) жоба (оған тиiстi материалдармен бiрге) жоба бойынша сараптама жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн (бұдан әрi — тексерiс) аппаратқа енгiзiледi.
Аппараттың жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшеде тiркелер алдында жобаның iс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi.
Жобаның iс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған жағдайда, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға хақылы.
Жоба тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бiрегейлiгi аппараттың жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнде тексерiстен өтедi. Жобаға тексерiс жүргiзу мерзiмi 3 жұмыс күннен аспауы тиiс.
34. Аппарат оның мәтiндерiнiң сәйкестiгiн тексеру, тексерiс жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны төмендегi негiздер бойынша әзiрлеушiге пысықтауға қайтаруға хақылы:
Басқа желеулер бойынша терiс қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды.
35. Жобаларды әкiмнiң орынбасарларында келiсу мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес iске асырылады. Оларда мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, әкiмнiң орынбасарлары қажет болған кезде нәтижелерi хаттамамен ресiмделетiн кеңес шақырады.
Жоба әкiм орынбасарларының келiсуiн өткеннен кейiн аудан әкiмi аппараты басшысымен келiсiледi.
36. Аудан әкiмi әкiмдiк қаулыларына, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiне қол қояды. Оларға қол қойғаннан кейiн керсегiлген құжаттардың түпнұсқаларына түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi.
36-1. Аудан әкiмi қол қойған аудан әкiмдiгiнiң қаулысы, әкiмнiң шешiмi мен өкiмдерi оларды есепке алуды және тiркеудi iске асыратын жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшеге түседi.
36-2. Қол қойылған әкiмдiк қаулыларына, аудан әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне мыналардан тұратын тiркеу нөмiрлерi берiледi:
37. Жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше басшысы бекiткен тарату көрсеткiшiне сәйкес аппараттың жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң расталған көшiрмелерiн таратады.
Әдiлет органдарында тiркелуге жататын әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң актiлерi тiркелгеннен кейiн алушыларға жөнелтiледi.
Әкiмдiк қаулыларының, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшеде сақталады.
Құжаттардың уақытылы шығарылуына және алушыларға жөнелтiлулерiне жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше жауапкершiлiк тартады.
38. Техникалық қателер табылған жағдайда, әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ауыстырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылуы тиiс.
39. Әкiмдiкпен және әкiммен қабылданған актiлердiң бақылау даналарын есептеу, жүйелеу және жүргiзу, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшемен iске асырылады.
40. Әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң жалпы мiндеттi мәнi бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығына және мiндеттерiне қатысты барлық актiлерi әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркелуге және ресми жариялау құқығын алуға конкурста жеңiмпаз болған газеттерiнде мiндеттi жариялануға жатады.
Актiлердi мемлекеттiк тiркеуге таңдау және оларды (ZIP) мұрағаттық нысанын сақтаумен электронды пошта арқылы баспалық және электрондық түрде әдiлет органдарына жiберудi заңнамалық белгiленген тәртiпте аппараттың мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi iске асырады.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген актiлердi жариялауға жiберудi аппараттың мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi заңнамада белгiленген тәртiпте iске асырады. Нормативтiк құқытық актiлердi ресми жариялау көзiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен датасын көрсету мiндеттi болып табылады.
Нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жойды деп танылған жағдайларда мемлекеттiк-құқықтық бөлiммен бiр апталық мерзiмде әдiлет басқармасына және актiнi растайтын көшiрмесiнiң қосымшасымен жариялау үшiн ресми баспалық баспасөзге хабарланады.
41. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторинг жүргiзiлуiнiң толықтығын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк-құқықтық бөлiм тоқсан сайын әдiлет органдарына ай сайын, 10 күнiне, есептi кезеңнен кейiнгi, болмаса, қажет болған жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте басқа мерзiмде әкiмдiк қаулылары мен әкiм шешiмдерiнiң тiзбесiн ұсынады.
42.Мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкiмдiк және әкiм қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлермен танысу үшiн мүдделi тұлғаларға рұқсат беру мiндеттi болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртiппен жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше iске асырады.
5. Заңнамалық актiлердiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылау және тексерiс ұйымдастыру тәртiбi.
43. Заңнамалық актiлердiң, Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, Премьер-Министрi, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерiнiң орындалуын ұйымдастыру заңнамамен көзделген тәртiпте iске асырылады.
44. Заңнамалық актiлер, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмалары және өз құзыреттерi шегiнде мемлекеттiк органдардың және лауазымды тұлғалардың өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
45. Заңнамалық актiлер, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершiлiк, осылар орындауға жiберiлген, атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
46. Облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмалар, белгiленген атқарылу мерзiмiн ескере отырып, төмендегi бақылау түрлерiне қойылады:
Мерзiмдерi белгiленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнiнен есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi белгiленедi.
Атына тапсырма берiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, өкiлдерi отырысқа қатысқан, тапсырманы орындауға мәжiлiстен кейiн дереу, отырыс хаттамасы немесе аудан әкiмi қол қойған тапсырмасын күтпестен кiрiсуге мiндеттi.
47. Бiрнеше атқарушыға берiлген тапсырмаларды орындауды, тапсырмада бiрiншi тұрған немесе оның қасында «(шақыру)» деген белгi тұрған лауазымды тұлға үйлестiредi.
48. Егер, тапсырманың белгiленген мерзiмiнде орындалуы мүмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (болмаса оның мiндетiн атқарушы тұлға) дер уақытында, алайда белгiленген мерзiмiне дейiн үш күннен кешiктiрмей кiдiрудiң себептерi туралы хабарлауға және белгiленген тәртiппен оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы осы тапсырманы берген лауазымды тұлғаға жазбаша хабарлауы тиiс.
49. Аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерiнiң және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзiмiн ұзарту, соның iшiнде оларды ортамерзiмдiк және ұзақмерзiмдiк бақылауға ауыстыруға аудан әкiмiнiң немесе аппарат басшысының шешiмi бойынша бiр реттен асырмай жол берiлмейдi.
50. Аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерiнiң және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзiмiн екiншi қайтара ұзартуға, облыс әкiмiнiң немесе аппарат басшысының шешiмiмен айырықша жағдайларда, жергiлiктi атқарушы орган басшыларының тәртiптiк жауапкершiлiгi туралы мәселенi қарай отырып, жол берiледi.
Аппаратқа әкiмдiктiң, аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзiмiн ұзарту туралы екi реттен артық ұсыныс енгiзiлген жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар басшыларын тәртiптiк жазалау туралы мәселе қаралады.
51. Актiлер мен тапсырмалар тармақтарын бақылаудан алу үшiн мыналар негiз болып табылады:
52. Аппаратпен, аудан әкiмi айқындаған тәртiппен заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмаларын орындау мерзiмдерiн бақылау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету.
53. Аппараттың жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше аудан әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң Заңнамалық актiлерiнiң орындалу барысы туралы жүйeлi түрде хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi.
54.Аудан әкiмi орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларын орындауға бақылауды сәйкесiнше аудан әкiмi аппаратының бас мамандары тапсырманы орындау құзыретiне енетiн басқармалармен бiрлесiп iске асырады.
Әкiмнiң орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалық актiлердi, Республика Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды тұлғаларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады.