2024 жылғы 12 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК № 18 АГҚ ақпараты бойынша дауыл ескертуі жарияланады.
Петропавл қ. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 144 см). 12.04.2024 ж. Сағат 08:00 – дегі жағдай бойынша су деңгейі – 1038 см құрады (қауіпті деңгей – 1130 см) (теміржол жағалауын шаюы), 1200 см (автожол үйіндісінен асып кетуі).
Долматово с. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 135 см). 12.04.2024 ж. Сағат 08:00 – дегі жағдай бойынша су деңгейі – 1024 см құрады (қауіпті деңгей -1450 см).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Сізге төтенше жағдайлардың орын алуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
су басуға бейім елді мекендерде қосымша бақылау постарын ұйымдастыру;
азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құралымдарын ықтимал су басу аймағында авариялық-құтқару және басқа жұмыстар орындау үшін шоғырландыру;
халықты, оның жеке мүлігі және ауыл шаруашылық жануарларын су басу аумағынан қауіпсіз орындарға эвакуациялауды ұйымдастыру;
халықты эвакуациялау жағдайында оларды уақытша орналастыру орындары мен бірінші кезектегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету.
су басу жағдайында әрекет ету бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.
Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы өзге де ТЖ істен шыққан жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» телефоны бойынша дереу хабарлансын.