2024 жылғы 11 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК № 16 АГҚ ақпараты бойынша дауыл ескертуі жарияланады.
Петропавл қ. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 224 см). 11.04.2024 ж. Сағат 08:00 – дегі жағдай бойынша су деңгейі – 894 см құрады (қауіпті деңгей – 980 см) (Заречный кенті Первая Заречная көшесіндегі жолға судың шығуы), 1050 см (Қаланың таулы бөлігіндегі Заречный, Мичурино (Тепличное) кенттері, Озерное (Прибрежное) ауылдары арал тектес қалыптасуы, 1100 см Заречный, Былғары зауытының кенті (құрылыстың кейбір бөлігін су басуы).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Сізге төтенше жағдайлардың орын алуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
су басуға бейім елді мекендерде қосымша бақылау постарын ұйымдастыру;
азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құралымдарын ықтимал су басу аймағында авариялық-құтқару және басқа жұмыстар орындау үшін шоғырландыру;
халықты, оның жеке мүлігі және ауыл шаруашылық жануарларын су басу аумағынан қауіпсіз орындарға эвакуациялауды ұйымдастыру;
халықты эвакуациялау жағдайында оларды уақытша орналастыру орындары мен бірінші кезектегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету.
су басу жағдайында әрекет ету бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.
Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы өзге де ТЖ істен шыққан жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» телефоны бойынша дереу хабарлансын.