2024 жылғы 08 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК № 13 АГҚ ақпараты бойынша дауыл ескертуі жарияланады.
Новоникольское с. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды (4 сағат ішінде 22 см). 08.04.2024 ж. Сағат 16:00 – дегі жағдай бойынша деңгейі – 881 см құрады (қауіпті деңгейі – 1187 см).
Покровка с. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды (4 сағат ішінде 117 см). 08.04.2024 ж. Сағат 16:00 – дегі жағдай бойынша су деңгейі – 1106 см құрады (қауіпті деңгей - 1300 см) (шаруашылық құрылыстарды су басу) 1410 см (Береговая көшесіне судың шығуы).
Өзеннің жоғарғы ағысынан еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Сізге төтенше жағдайлардың орын алуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
су басуға бейім елді мекендерде қосымша бақылау постарын ұйымдастыру;
азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құралымдарын ықтимал су басу аймағында авариялық-құтқару және басқа жұмыстар орындау үшін шоғырландыру;
халықты, оның жеке мүлігі және ауыл шаруашылық жануарларын су басу аумағынан қауіпсіз орындарға эвакуациялауды ұйымдастыру;
халықты эвакуациялау жағдайында оларды уақытша орналастыру орындары мен бірінші кезектегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету.
су басу жағдайында әрекет ету бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.
Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы өзге де ТЖ істен шыққан жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» телефоны бойынша дереу хабарлансын.