2024 жылғы 04 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК № 06 АГҚ ақпараты бойынша дауыл ескертуі жарияланады.
Ғабит Мүсірепов атындағы, Айыртау, Шал ақын және Есіл аудандарында оң мәнді температуралық фонның сақталуына және мұз қабықшасының болуына байланысты 2024 жылғы 6-8 сәуір аралығында Есіл өзенінде және салаларында еріген қар ағынның қарқынды қалыптасуы және мұз қабатының бұзылуы күтілуде.
Мұз құбылыстары әсерінен (мұз жүру, мұз кептелістері) су деңгейінің қауіпті деңгейге дейін күрт көтерілуі, асып кетуі және судың өзен жағасынан шығуы күтілуде.
Сізге төтенше жағдайлардың орын алуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
су басуға бейім елді мекендерде қосымша бақылау постарын ұйымдастыру;
азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құралымдарын ықтимал су басу аймағында авариялық-құтқару және басқа жұмыстар орындау үшін шоғырландыру;
халықты, оның жеке мүлігі және ауыл шаруашылық жануарларын су басу аумағынан қауіпсіз орындарға эвакуациялауды ұйымдастыру;
халықты эвакуациялау жағдайында оларды уақытша орналастыру орындары мен бірінші кезектегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету.
су басу жағдайында әрекет ету бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.
Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы өзге де ТЖ істен шыққан жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» телефоны бойынша дереу хабарлансын.