Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 04 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша № 04 ҚҚ дауыл ескертуі жарияланады

2024 жылғы 04 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК  ақпараты бойынша
№ 04 ҚҚ дауыл ескертуі жарияланады:

05 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.

Петропавл қаласында 05 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес Сізге іс-шаралар кешені бойынша ұйымдастыру және өткізу қажет:

тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін;

авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіруді;

елді - мекендердерден шыққан автокөліктердің қозғалысын бақылауды;

ауру азаматтар мен босанатын әйелдердің есебін, қажет жағдайда ауа райы жағдайының нашарлауы кезінде оларды аудандық немесе облыстық ауруханаларға жеткізуді;

ата-аналар арасында балаларды қараусыз қалтыруға жол бермеу туралы, және балалардың елді мекендердің шегінен шығуына, әсіресе көктайғақ және қалың тұман кезінде шығармау туралы түсіндіру жұмыстарын өткізуді.

Тұман жағдайында автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер ең қырағылық танытуы керек. Тұман көріну аймағын едәуір азайтады, көруді алдауға ықпал етеді, бағдарлауды қиындатады. Ол көлік құралдарының жылдамдығын және заттарға дейінгі қашықтықты қабылдауды бұрмалайды.

Келесі қауіпсіздік шараларын қолданған қажет:

жылдамдық режимінің айтарлықтай төмендеуін байқаңыз;

нашар көріну кезінде авариялық дабылды міндетті түрде қосумен жылдамдық 5-тен 20 км/сағатқа дейін болуы керек;

өте қалың тұманда тоқтап күткен дұрыс;

автокөлікті жол шегіндегі тұраққа қойыңыз.

Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы өзге де ТЖ істен шыққан жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» телефоны бойынша дереу хабарлансын.

Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.

Дата публикации
06 апреля 2024
Дата обновления
06 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы