Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 02 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша № 02 ҚҚ дауыл ескертуі жарияланады

2024 жылғы 02 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК  ақпараты бойынша
№ 02 ҚҚ дауыл ескертуі жарияланады:

03 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес Сізге іс-шаралар кешені бойынша ұйымдастыру және өткізу қажет:

жел жүктемелерін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардың (шатырлардың, қаптамалардың) конструкцияларын күшейту және қолайсыз климаттық факторлардың (температураның өзгеруі, жел жүктемелерінің) әсеріндегі конструкциялардың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру;

тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін;

авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіруді;

елді - мекендердерден шыққан автокөліктердің қозғалысын бақылауды;

ауру азаматтар мен босанатын әйелдердің есебін, қажет жағдайда ауа райы жағдайының нашарлауы кезінде оларды аудандық немесе облыстық ауруханаларға жеткізуді;

ата-аналар арасында балаларды қараусыз қалтыруға жол бермеу туралы, және балалардың елді мекендердің шегінен шығуына, әсіресе көктайғақ және қалың

тұман кезінде шығармау туралы түсіндіру жұмыстарын өткізуді.

Тұман жағдайында автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер ең қырағылық танытуы керек. Тұман көріну аймағын едәуір азайтады, көруді алдауға ықпал етеді, бағдарлауды қиындатады. Ол көлік құралдарының жылдамдығын және заттарға дейінгі қашықтықты қабылдауды бұрмалайды.

Келесі қауіпсіздік шараларын қолданған қажет:

жылдамдық режимінің айтарлықтай төмендеуін байқаңыз;

нашар көріну кезінде авариялық дабылды міндетті түрде қосумен жылдамдық 5-тен 20 км/сағатқа дейін болуы керек;

өте қалың тұманда тоқтап күткен дұрыс;

автокөлікті жол шегіндегі тұраққа қойыңыз.

Қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек:

жеке автокөлікті ағаштар мен тозған құрылыстардан алыстату;

терезелерді қағып кетуден мүмкіндігінше қорғау және терезе жақтауларын бекіту;

электр қуатын өшіру;

жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеу керек;

балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;

үйлердің қабырғаларына жақын болмау, өйткені шатырлардан шифер құлауы мүмкін және басқа да шатыр материалдарын, қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында болмау;

қатты жел кезінде электр желісінің астында тұру және үзілген электр сымдарға жақындау өлімге әкеледі;

жолда, ашық жерде болған кезде шұңқырда, жырада жасырынған дұрыс және жерге жақын болу.

көлік жүргізушілерге елде мекендерден аса қажетсіз жағдайларда шықпау керек.

Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы өзге де ТЖ істен шыққан жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» телефоны бойынша дереу хабарлансын.

Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.

Дата публикации
03 апреля 2024
Дата обновления
03 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы