Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 01 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша № 23 ҚҚ дауыл ескертуі жарияланады

2024 жылғы 01 сәуірдегі «Қазгидромет» РМК  ақпараты бойынша
№ 23 ҚҚ дауыл ескертуі жарияланады:

02 сәуірге түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қаласында 02 сәуірге түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес Сізге іс-шаралар кешені бойынша ұйымдастыру және өткізу қажет:

жел жүктемелерін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардың (шатырлардың, қаптамалардың) конструкцияларын күшейту және қолайсыз климаттық факторлардың (температураның өзгеруі, жел жүктемелерінің) әсеріндегі конструкциялардың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру;

тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін;

авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіруді;

елді - мекендердерден шыққан автокөліктердің қозғалысын бақылауды;

ауру азаматтар мен босанатын әйелдердің есебін, қажет жағдайда ауа райы жағдайының нашарлауы кезінде оларды аудандық немесе облыстық ауруханаларға жеткізуді;

ата-аналар арасында балаларды қараусыз қалтыруға жол бермеу туралы, және балалардың елді мекендердің шегінен шығуына, әсіресе көктайғақ және қалың тұман кезінде шығармау туралы түсіндіру жұмыстарын өткізуді.

Тұман жағдайында автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер  қырағылық танытуы керек. Тұман көріну аймағын едәуір азайтады, көруді алдауға ықпал етеді, бағдарлауды қиындатады. Ол көлік құралдарының жылдамдығын және заттарға дейінгі қашықтықты қабылдауды бұрмалайды.

Келесі қауіпсіздік шараларын халыққа жеткізу керек:

тұман жағдайында жылдамдық режимінің айтарлықтай төмендеуін байқаңыз;

нашар көріну кезінде авариялық дабылды міндетті түрде қосумен жылдамдық 5-тен 20 км/сағатқа дейін болуы керек;

өте қалың тұманда тоқтап күткен дұрыс;

автокөлікті жол шегіндегі тұраққа қойыңыз.

Көктайғақ төтенше жағдайлардың себебі болып табылады. Көктайғақ кезінде көшедегі жарақаттар саны едәуір артады: көгеру, шығу және сынулар. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай күндері зардап шеккендердің саны 2 есе артады.

Келесі қауіпсіздік шараларын халыққа жеткізу керек:

көктайғақ кезінде жарақат  алмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек;

қауіпті жерлерді, көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өту;

жолдың жүру бөлігінде өте мұқият болу;

қолдар мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолдарыңызды қалтаңызда ұстамаңыз-бұл құлау ықтималдығын арттырады;

егер  тайып кетсеңіз, құлау биіктігін төмендету үшін еңкейуіңіз керек;

құлау кезінде топтасуға тырысыңыз және домалап, жерге тигізетін соққыны жұмсартыңыз;

есте сақтау керек, әсіресе  арқаңызға, бетіңізге құлау қауіпті, өйткені  мидың шайқалуын ала аласыз;

жарақат алған кезде медициналық көмек алу үшін міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек:

жеке автокөлікті ағаштар мен тозған құрылыстардан алыстату;

терезелерді қағып кетуден мүмкіндігінше қорғау және терезе жақтауларын бекіту;

электр қуатын өшіру;

жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеу керек;

балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;

үйлердің қабырғаларына жақын болмау, өйткені шатырлардан шифер құлауы мүмкін және басқа да шатыр материалдарын, қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында болмау;

қатты жел кезінде электр желісінің астында тұру және үзілген электр сымдарға жақындау өлімге әкеледі;

жолда, ашық жерде болған кезде шұңқырда, жырада жасырынған дұрыс және жерге жақын болу.

көлік жүргізушілерге елде мекендерден аса қажетсіз жағдайларда шықпау керек.

Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы өзге де ТЖ істен шыққан жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» телефоны бойынша дереу хабарлансын.

Телефонхат ауылдық округтік әкімдіктерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға, сонымен қатар оқу орындарына жеткізілсін.

Дата публикации
02 апреля 2024
Дата обновления
02 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы